«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОЛАШАҚ САРБАЗДАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Әскери институтта әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша “Ұлан” облыстық спартакиадасы өтті. Жеңістің 69 жылдығына арналып ұйымдастырылған сайысқа өңіріміздегі колледждер мен лицейлерден 10 құрама қатысты.

Жарыстың алғашқы күні оқушылар автоматты құрастыру, сап түзеу және белтемірде тартылудан сынға түсті. Тоғыз адамнан құралған 10 құрама бірінен соң бірі өздеріне тиесілі нормативтерді орындады.

Саппен жүру дайындығын еңсергендер автоматты бөлшектеп жинаудан сынға түсті.

Сайысқа қатысушылар газқағарды өзіне және жарақаттанған адамға кигізуден сынға түсіп, 1 шақырымдық кросты жүгіріп өтті. Кейін белтемірде тартылды. 10 жылдан бері өткізіліп келе жатқан “Ұлан” спартакиадасы жастарымызды Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге даярлап, олардың арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттауға, саламатты өмір салтын қолдауға бағытталған.

Сайыстың екінші күнінде оқушылар пневматикалық қарудан атып, граната лақтырып, кедергілер жолын бағындырды.

Мағжан АХМАДИНА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp