Ертең Солтүстік Қазақстан облысында күзгі санитарлық тазалық айлығы басталады.
Бұл дәстүрлі шараның алғашқы күні қайырымдылық сенбілігі ұйымдастырылады. Жылдағыдай сенбіліктен түскен бір күндік табыс мөлшеріндегі қаражаттың жартысы қазанның 1-і – қарашаның 1-і аралығында өткізілетін әлеуметтік қолдау айлығы аясында зейнеткерлерге көмек көрсету үшін еңбек ұжымдарында қалдырылады, қалған жартысы ардагерлер кеңесінің есепшотына аударылады.