«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ҚЫТАЙҒА ҚҰС ЕТІ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Өңірімізге Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин бастаған делегация ресми жұмыс сапарымен келді. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбе­тов ҚХР делегациясымен кездесіп, об­лыстың инвестициялық және экс­порттық әлеуеті, ауыл шаруашылығы саласындағы бірлескен жобалар мен өңіраралық серіктестікті дамыту мәсе­лелерін талқылады. «Қытай – Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі. Мемлекет басшысы атап өткендей, екі ел ара­сындағы қарым-қатынас жаңа «алтын …

ҚЫТАЙҒА ҚҰС ЕТІ ЭКСПОРТТАЛАДЫ Read More »

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК ЕТЕК АЛЫП ТҰР

Облысымызға жұмыс сапа­рымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демогра­фиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері келді. Олар Петропавл қаласындағы бірқатар әлеуметтік және меди­циналық мекемелерді аралады. Комиссия мүшелері табан ті­реген алғашқы мекеме – №1 қала­лық емхана. Емдеу мекемесінде өткен кездесуде жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын сақтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында­ғы ерте жүктіліктің алдын алу мә­селелері …

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІК ЕТЕК АЛЫП ТҰР Read More »

АСТЫҚҚА ОРАҚ ТҮСКЕН ШАҚ

Өңірде күзгі орақ науқаны, жаңа оқу жы­лына дайындық жұмыстары қызу жүріп жа­тыр. Облыстық әкімдікте өткен кеңесте егін жинау жұмыстарының барысы мен ауыл шаруашылығы техникасының әзірлігі, сон­дай-ақ білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы жан-жақты талқылан­ды. Биыл өңірімізде жалпы аумағы 4,3 млн. гектар алқаптан дәнді дақыл жинау жоспар­ланған. Мамандардың айтуынша, егіс ал­қаптарын әртараптандыру мақсатында күн­бағыс, зығыр, …

АСТЫҚҚА ОРАҚ ТҮСКЕН ШАҚ Read More »

БАЙ БОЛАМЫН ДЕП БАРЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАР

Қор нарығы – тәуекелі мен қаупі көп қаржылық алаң. Бұл салада табысқа жету үшін адамға білім мен білік, дағды мен тәжірибе керек. Бағасы сәт сайын құбылатын құнды қағаздар, акциялар мен облигациялардың құнын алдын ала болжап білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тіпті тәжірибелі жандардың өзі бұл салада қателікке ұрынып, құнды қағаздар нарығында ақша жоғалтып жатады. …

БАЙ БОЛАМЫН ДЕП БАРЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАР Read More »

«ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕПКЕ» – 68 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ

Оқушылар сарайында педагогтардың облыстық тамыз кеңесі өтті. Оған өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Биылғы жиын «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды. Жиында өткен оқу жылының негізгі жетістіктері сараланып, алдағы басым бағыттар айқындалды.  Алқалы басқосуға еліміздің әр өңірінен тәжірибелі ұстаздар, салалық сарапшылар мен білікті мамандар ша­қырылып, білім беру жүйесін жетілдіруге арналған тың жобалар мен …

«ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕПКЕ» – 68 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ Read More »

ҚАТЕРЛІ ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР КӨП

Біздің өңіріміз онкологиялық аурулардың таралуы бойынша республикада Қарағандыдан кейінгі екінші орында тұр. Үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында өңірде 913 жаңа жағдай тіркелген. Бүгінде облыста 11 588 адам диспансерлік есепке алынған. Облыстық онкологиялық орталық ди­ректоры Олег Дудяктың айтуынша, ең көп таралған ауру түрлері өкпе, колоректальды және сүт безі обыры. Биылғы жарты жылда 109 адам өкпенің қатерлі …

ҚАТЕРЛІ ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР КӨП Read More »

КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ТҮСІМІ ЖАҚСЫ

Өңірде күздік дақылдарды жинау толығымен аяқталды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметке сәйкес, жалпы ауданы 3,1 мың гектар алқаптан 9,2 мың тонна өнім алынып, орташа түсім 29,3 центнерді құраған. Бұл көрсеткішке Шал ақын, Айыртау, Қызылжар және Мамлют аудандарының диқандары елеулі үлес қосты. Күздік бидай 1,6 мың гек­тардан жиналып, 5,8 мың тон­на өнім берді, әр гектардан …

КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ТҮСІМІ ЖАҚСЫ Read More »

АДАМ САУДАСЫ – АЗҒЫНДЫҚТЫҢ БІР ТҮРІ

Елімізде адам саудасы тыйылар емес. Биылдың өзінде мұндай жантүршігерлік жайтқа қатысты 78 жағдай тіркелген. Статистикалық деректерге сүйенсек, жыл сайын Қазақстанда адам саудасына байланысты 150-ге жуық қылмыс орын алып, 50-ге тарта жәбірленуші жапа шегеді екен. Дүниежүзіндегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер, ал осы санның үштен бірі балалар көрінеді. Адам құқығын аяққа тап­тайтын ғаламдық індетке …

АДАМ САУДАСЫ – АЗҒЫНДЫҚТЫҢ БІР ТҮРІ Read More »

ҚЫЛҚАЛАМ ҰШЫНДАҒЫ ҚҰДІРЕТ

Өнертанушылар арасында «Сурет – көзбен көретін поэзия, поэзия – сөзбен жазылған сурет» деген сөз бар. Өкінішке қарай, көрме залдарындағы құлаштай картиналарға тамсанатындар көп болғанымен, олардың айтар ойын, мән-мағынасын түсінетіндер аз. Десе де өңірде аталған өнер түрін дамыту үшін ірі жобалар жүзеге асып келеді. Облыс орталығында ашылған «Botai» арт-галереясы – соның бір дәлелі. Мәдениет ошағында әлемнің …

ҚЫЛҚАЛАМ ҰШЫНДАҒЫ ҚҰДІРЕТ Read More »

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

Облыста АИ-95 маркалы бензин кей жанар-жағармай бекеттерінде арнайы карта және талонмен сатылып жатыр. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, бұл – уақытша тапшылық. Жақында өңірге сұйық отын жеткілікті деңгейде әкелініп, жағдай қалыпқа түседі. Ал Петропавлдағы «Эталон Авто» желісінің үш бекетінде бензин тек талон және арнайы картамен ғана саудалануда. Мұндай жағдай «Trassa» желісінің бекеттерінде де …

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ Read More »

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елордада өткен республикалық Тамыз конференциясы «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесі тереңірек қаузалған жиында Президентіміз бірқатар ұстазға мемлекеттік наградалар табыс етті. Марапатқа ие болғандардың қатарында жерлестеріміз де бар. Петропавл қаласындағы №4 орта мектептің мұғалімі Шолпан Әблемова «Қазақстанның еңбек сіңірген …

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ Read More »

ЖАЙҚАЛҒАН ЕГІН ЖАУЫН АСТЫНДА ҚАЛМАСА ИГІ

Былтырғы күзгі жиын-терім науқаны жергілікті диқандарды біраз әбігерге салғаны белгілі. Қыркүйекте толассыз жауған жауын-шашын орташа көпжылдық көрсеткіштен едәуір асып, астықтың бір бөлігі шіріп кетті. Шаруалардың бір жылғы еңбегі зая кетіп, олардың қосымша шығынға ұшырағаны тағы бар. Биылғы жағдай қандай? Облыстық ауыл шаруашы­лығы басқармасының деректері­не сүйенсек, биыл өңірдегі 3 023,2 мың гектар жерге дәнді да­қылдар егілген. …

ЖАЙҚАЛҒАН ЕГІН ЖАУЫН АСТЫНДА ҚАЛМАСА ИГІ Read More »

БОТАЙДАН БҮГІНГЕ ДЕЙІН

Еуразия даласы – мұз дәуірінен кейін жылқылар аман қалған жалғыз құрлық. Кейінгі неолит пен энеолит дәуіріндегі су мен температуралық жағдайдың өзгеруі дала экосистемасының дамып, онда тұяқты жануарлардың еркін жайылуына қолайлы жағдай туғызды. Equus caballus жылқы тегінің филогениясында Ботай жылқылары мен Ботай мәдениеті ерекше орын алады. Бұл туралы деректерді ықшамдағанның өзінде бір мақаланың көлеміне сыйғызу мүмкін …

БОТАЙДАН БҮГІНГЕ ДЕЙІН Read More »

ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ПАЙҒАМБАРЫ

Қызылжарда Мағжан орталығы ашылды. Салтанатты шараға өңірімізге жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев пен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, есімдері елімізге белгілі ғалымдар мен қаламгерлер қатысып, қазақтың бостандығы жолында басын бәйгеге тіккен жыр пайғамбарының ғұмыры жайлы сөз сабақтап, жылы лебіздерін білдірді. Петропавлдағы сәулет ес­керткіші саналатын бұрынғы Қалыңдық үйіне жөндеу жүргізіліп, ол жерде ұлт ақынының …

ҚАЗАҚ ЖЫРЫНЫҢ ПАЙҒАМБАРЫ Read More »

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАҚ ҚАЗЫНАСЫ

Облысымызға жұмыс сапары аясында Үкімет басшысының орынбасары Ермек Көшербаев Айыртау ауданындағы Ботай қонысына барды. Өңірдегі туризм саласының  даму барысымен танысып,  «Ботай – ұлы дала мәдениеті» халықаралық суретшілер симпозиумының қатысушыларымен кездесті. Суретшілер, археологтар және тарихқа құмар жастармен болған кездесуде Ботай мәдениетін әлемге таныту, туристер тарту жайы кеңінен сөз болды. Симпозиумға әлемнің бірнеше елінен келген қылқалам шеберлері Айыртау …

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАҚ ҚАЗЫНАСЫ Read More »

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫ

Ақсақалдық жасқа жеткен әр адам артындағы өмір соқпағына қарайлап, өз-өзіне есеп беретіні анық. Сондайда бар өмірін бос алыс-жұлыс, пайдасыз іспен өткізгендер бармақ тістеп, қайран уақытты қайтарарға қайрат таппай қалады. Ал бойындағы рух-жігерін, жалынды жылдарын жақсы іске бағыттап, елінің игілігі үшін еңбек еткендер алдыңғы толқынның аманатын орындап, ұрпақтың ертеңі үшін титтей де болсын үлес қосқанына марқайып …

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ САҢЛАҒЫ Read More »

ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАП ЖҮРМІЗ БЕ?

Ақыл мен сана биігіне шыққан жер бетіндегі жалғыз тіршілік иесі – адам. Алайда бұл адамға басқа жан-жануарларға үстемдік жүргізіп, өз қажеті мен бас пайдасы үшін ойына келгенін істеп, қырып-жоюға құқық бермейді. Керісінше алты құрлықты еркін мекендеп отырған адам баласы жер шарының келешегі үшін жауапты. Түптеп келгенде ізгілікті қоғамның жер басып жүрген адамы ғана емес, ұшқан …

ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАП ЖҮРМІЗ БЕ? Read More »

АУДАН ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

Қызылжар ауданында алғаш рет аудан әкімінің тікелей сайлауы өтті. Дауыс беруге 31 661 адам құқылы болса, өз таңдауын 17 815 сайлаушы ғана жасаған. Ауданға әкім болуға үш кандидат ұсынылды. Осыған дейін Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары болған Бейбіт Исманов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Асқар Хабибулин және Мамлют ауданы әкімінің орынбасары Санат Әубәкіров сайлауға түсті. Саяси …

АУДАН ӘКІМІ САЙЛАНДЫ Read More »

АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ

 Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы ел бойынша кең көлемде аталып өтті. Хәкімнің туған өңіріндегі руханият тойының дүбірі барша қазақ даласына жетіп, әр өңірде танымдық-әдеби шаралар ұйымдастырылды. Қызылжарлықтар да бірнеше күн бойы рухани кештердің куәсі болып, Абай бұлағынан сусындады. Ойшылдың туған күнінде еліміздің әр өңірінде ақын ес­керткіштеріне гүл шоғын қою рәсімі өтті. …

АДАМЗАТТЫҢ АЛЫБЫ Read More »

ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚТЫҢ АЛАҢЫ

«Кентрон» сөзі армян тілінен аударғанда «орталық» деген мағынаны білдіреді. Өңірде отыз жылға жуық үзіліссіз жұмыс істеп келе жатқан армян этносының бірлестігі достық пен бірлікті, өзара түсінікті көздің қарашығындай қадірлеп, қастерлеуді мақсат еткен. Адамдар бір-бірімен мәдениет, өнер, салт-дәстүр арқылы тез жақындасады, тіпті рухани сырласады десек, артық айтқандық емес. «Кентрон» – Қазақстан халқы облыс­тық ассамблеясы аясындың іс-шаралар­ды …

ШЫНАЙЫ ДОСТЫҚТЫҢ АЛАҢЫ Read More »