Тәртіп сақшылары қолды болған 8,5 тонна зығырды ізін суытпай иесіне қайтарды.
Өнім Жамбыл ауданындағы шаруашылықтардың бірінің қоймасынан ұрланған. Бейнебақылау камераларындағы жазбалардың көмегімен «КАМАЗ» машинасының түн мезгілінде елді мекеннен кеткені анықталған. Көп ұзамай жүк көлігі қалааралық тас жолда тоқтатылды.Ұрлықты ұйымдастырған сол шаруашылықта жұмыс істейтін жергілікті тұрғын болып шықты.