«ҚАЗАҚСТАНДА ЛЕНИННІҢ АТЫНДА ҮШ ЖҮЗ КӨШЕ БАР»
– Досмахамбет Қалмаханұлы, қызығынан шыжығы көп саясатқа қалай келдіңіз? Бұл сауал газет оқырмандарын да қызықтырары сөзсіз. – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың тергеуі мен сотына аудармашылық етуім өмірлік көзқарасымның түбегейлі өзгеруіне ерекше ықпал етті. «Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» (М.Шаханов) елімізде саяси-қоғамдық қозғалыстың жандауына үлкен қозғау салды. Содан бастап өзіміздің идеялас шағын тобымыз алдымызға бір ғана …