ӨКІНІШ пен ҚУАНЫШ
Елуінші жылдары редакциямызда еңбек етіп, есімі газетіміздің тарихында қалған марқұм Құрмаш Баязиев алдымен ақындығымен көрінген болатын. Ақындар айтысын ұйымдастыруға белсене қатысқан ол облыс мәдениетіне де үлес қосуға тырысқан еді. Әйтсе де Құрекең марқұм саналы ғұмырын поэзияға емес, педагогикаға арнады. Ол облысымыздағы бірқатар мектептерде басшылық қызмет атқарды.