«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұрағат

«2012-2014 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджеті туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 8 желтоқсандағы №40/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

(Бесінші шақырылымның он бірінші сессиясы) Петропавл қ. 2012 жылғы 27 желтоқсан №11/1 Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 және 108-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:

АFЫЛШЫНША YЙРЕНЕМIЗ!

Құрметті оқырман! Газетіміздің “Балалар әлемі” бетінде “Ағылшынша үйренеміз” атты көңілді сабақ айдарымен көптен бері таныссыздар. Бұл сабақтар жеткіншектердің күнделікті қолданыста пайдаланып жүрген сөздер жиынтығынан тұрады. Соңғы үлгідегі оқулықты (“Ең кішкентайларға арналған ағылшын тілі”, кітаптың авторы – Г.П.Шалаева) негізге ала отырып, жаңа сөздерді біркелкі тақырыптарға топтастырып бермекпіз. Бүгінгі сабақ сандармен байланысты болады. Қазақшасы Ағылшыншасы Оқылуы Бірінші …

АFЫЛШЫНША YЙРЕНЕМIЗ! Read More »

ЕҢ АЛЫП ГҮЛ

Әлемдегі ең үлкен гүл таяуда ғана Швейцарияда пайда болды. Гүлдің аты – Титан Арум. Титан Арум құрамында 170-ке жуық тропикалық гүлдер бар аройдтар тұқымдастығына жатады екен. Базель қаласының ең үлкен ботаникалық бағында ашылған гүлдің биіктігі 2,27 метр болса, салмағы 100 килоны құрайды. Мамандар гүлдің жапырақтары 6 метрге дейін өсетіндігін айтып отыр. Бақ қызметкерлері өсімдіктің гүлін …

ЕҢ АЛЫП ГҮЛ Read More »

ЖЫЛАН ЖЫЛЫ

Жылан жылы – ұлу жылынан кейін, жылқы жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 6-жылы. Азия халықтарының қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, татар, башқұрт, әзірбайжан, моңғол, черкес, қытай, жапон, тағы басқа елдердің көпшілігінің күнтізбелерінде қолданылады. 12 жылда бір рет қайталанып отырады. Григориан күнтізбесі бойынша жылан жылы 2001 жылдың 22 наурызы мен 2002 жылдың 21 наурызы аралығына келді және …

ЖЫЛАН ЖЫЛЫ Read More »

БӨДЕНЕ мен ТҮЛКІ (Қазақ ертегісі)

Бар екен, жоқ екен, баяғыда бөдене мен түлкі дос болған екен. Бір күні түлкі бөденеге айтады: – Досым, сен мені бір өлердей, күлдірші, – дейді. Бөдене: – Жарайды, соңыма ер, – дейді. Сөйтеді де, бөдене бытбылдық, бытбылдық деп, ұшып кете береді, түлкі оның соңынан еріп отырады. Әлдене уақытта бөдене бір ауылдың сыртына келіп қонып, түлкіге:

САҚИНА КІМДЕ?

“Сақина кімде?” ойынын біздің аталарымыз бен әжелеріміз де ойнаған. Содан бері көп уақыт өтсе де, бұл ойын, әсіресе, ауылдық жерлерде осы кезге дейін кеңінен танымал. Балалар қолдарын алдарына ұстап, бір-бірлерінен қол созым жерде, алқа-қотан жайғасады. Ортадағы жүргізуші ұсынған алақандарға “сақинаны” қалдырып кеткен сыңай танытып, ойыншыларды жағалап жүреді. Әрине, сақина табылмаса, оның орнына ұсақ тасты, кәмпиттің …

САҚИНА КІМДЕ? Read More »

Фотобайқау

Мөлдір ТҰРАР, 1 жаста. Қызылжар қаласы. Құрметті оқырман! “Балалар әлемі” бетінде өткізіліп келе жатқан бұл байқау биыл да өз жалғасын табады. Сондықтан да балаларыңыздың қызықты сәттерін суретке түсіріп үлгерген болсаңыздар, көп ойланбастан редакциямызға жолдаңыздар. Балалардың жасы үштен аспауы тиіс. Байқауға жолданған ең тапқыр сурет иесін сыйлық күтіп тұрғанын тағы бір еске саламыз.

АЯЗ АТАДАН НЕ СҰРАЙСЫҢ?

Аружан ДАНИЯРҚЫЗЫ, 5 жаста: Мен Аяз Атадан ойыншықтарымның көп болғанын тілер едім. Әсіресе, әртүрлі қуыршақтарымның молынан болғанын қалаймын. Жаңа жылда әке-шешем маған көптеген тәттілердің түр-түрін әперсе екен деймін. Жаңа жылда әке-шешеме бақыт пен денсаулық тілеймін! Нұрай БЕЙСЕНБАЕВА, 6 жаста: Аяз Ата қыс мезгілінде ғана өз елінен біздің үйге келетіндіктен, мен Аяз Атадан шана мен коньки …

АЯЗ АТАДАН НЕ СҰРАЙСЫҢ? Read More »

АЛТЫНАЙ (Немереме)

Әскер ӘБІЛҚАЙЫР. Алты жаста ән салып, Би билеген Алтынай. Жыр оқыса тамсанып, Гу-гулеген Алтынай. Сурет салып сүйкімді, Таңдандырған Алтынай. Өлең жазып әркімді, Таңғалдырған Алтынай. Өнер деген өзіңе Қонған екен, Алтынай. Жұрт сенетін сөзіңе Болған екен, Алтынай. Жадыра да жайнай бер, Жаз гүліндей, Алтынай. Асыр салып, ойнай бер, Мәз күйіңде, Алтынай.

МЕРЕКЕНІҢ ШЫРҚЫ БҰЗЫЛМАСЫН ДЕСЕК…

Наталья ПОПОВА, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметкері. Жыл сайынғы жаңажылдық мереке күндерінде адамдар жарақат алатын және тіпті, мерт болатын өрт оқиғалар орын алып жүр. Соңғы үш жылдың ішінде 31 желтоқсаннан 3 қаңтарға дейін облыста осындай “жаңажылдық” төтенше жағдайлардың өсе түскені байқалады. Атап айтқанда, 2010 жылы 8 өрт шығып, 1 адам қаза тапса, 2011 …

МЕРЕКЕНІҢ ШЫРҚЫ БҰЗЫЛМАСЫН ДЕСЕК… Read More »

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

Рыстыгүл САЛЫҚОВА, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің бас маманы. Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ҚР Қаржы министрлігінің уәкілетті органы ретінде республикалық меншіктегі нысандарды жекешелендіру және сатып алу-сату келісімдері ережелерінің сақталуын бақылау бойынша тиісті жұмыстарды атқарып келеді. Биыл облыстық департамент республикалық меншіктегі нысандарды сатуға арналған 15 аукцион өткізді. Жекешелендіру …

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ Read More »

ТАБЫН ТОЛЫҒЫП, ӨНІМ МОЛАЯ ТҮСУДЕ

Есіл ауданында сиыр малының басын қалпына келтіру және көбейту жөніндегі жұмыс қызу жүріп жатыр. Мемлекеттік “Экспорттық ірі қара етінің қуатын дамыту” бағдарламасын жүзеге асыру, мал шаруашылығы өнімдерінің өсімін қамтамасыз ету мақсатында аудан шаруашылықтарына 2012 жылы 2850 бас ірі қара сатып алу міндеті жүктелді. Жыл мәресіне жақындап келе жатқан осы кезеңде мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес …

ТАБЫН ТОЛЫҒЫП, ӨНІМ МОЛАЯ ТҮСУДЕ Read More »

“АХМҰТДИНОВ” ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІГІ – “Парыз” сыйлығының жеңімпазы

25 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында өткен Индустрияландыру картасына енген нысандарды іске қосу телекөпірі кезінде “Парыз” сыйлығының иегерлеріне де лайықты құрмет көрсетті. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі конкурсы жүлдегерлерінің қатарында солтүстікқазақстандық үш кәсіпорын бар. Солардың бірі – Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылындағы “Ахмұтдинов” жеке кәсіпорны. Соған орай Жаңа жыл қарсаңында кәсіпорын басшысы, Қызылжар аудандық …

“АХМҰТДИНОВ” ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІГІ – “Парыз” сыйлығының жеңімпазы Read More »

ОРНЫМЫЗ – ОТЫЗДЫҚТА

Балахмет МОЛДИНОВ, “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ облыстық филиалының директоры. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасын жариялады. “Өткен күннен алысы жоқ, келер күннен жақыны жоқ” деген бабалар даналығын тілге тиек ете сөйлеген Президентіміз алдымен Тәуелсіздіктің 20 жылдық көкжиегіне көз жүгіртіп өтіп, ондағы қол жеткізген зор жетістіктерімізді атады. Өзім …

ОРНЫМЫЗ – ОТЫЗДЫҚТА Read More »

БОЛАШАҚТЫ БОЛЖАУДАҒЫ КӨРЕГЕНДІК

Манфред ГРУНД,  Бундестаг депутаты (Германия). Қазақстан Еуропаның тиянақты әріптестерінің бірі болып табылады. Германия Орталық Азия елдерінің бірде-бірімен нақ Қазақстандай жақсы әріптестік қарым-қатынас орнатқан емес. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың соңғы ресми іссапары кезінде Берлинде өте маңызды құжаттарға: минералдық ресурстар, энергоресурстар және инновациялар бойынша шарттарға қол қойылды. Сондықтан да біз үшін Қазақстан 2050 жылға дейін өзінің экономикасын …

БОЛАШАҚТЫ БОЛЖАУДАҒЫ КӨРЕГЕНДІК Read More »

ӘРІДЕН ТОЛҒАЙТЫН САЯСАТКЕР

Алан КАСАЕВ,  саяси сарапшы, профессор, Мәскеу мемлекеттік лингвистика университетінің кафедра меңгерушісі (Ресей). Ресейліктер Нұрсұлтан Назарбаевты қазақстандық мемлекеттілікті құрған, елді ЕҚЫҰ- ның төрағасы еткен тұлға деп таниды. Ол – елдің іргесін қалаған, оның түбегейлі егемендігіне қол жеткізген және халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып берген әріден толғайтын саясаткер. Екіншіден, ресейліктердің пайымдауында, “ықпалдасу”, “еуразиялық” деген сөздер Нұрсұлтан Назарбаевтың …

ӘРІДЕН ТОЛҒАЙТЫН САЯСАТКЕР Read More »

МҮЛІК ТОНАУ ҮДЕП ТҰР

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан жеті мыңнан астам қылмыс жасалған. Бұл – тіркелгені ғана. Мамандардың сөзіне қарағанда, оның бес жарым мыңы – мүліктік қылмыстар. Осыған орай тәртіп сақшылары арнайы жиын өткізіп, тонаушылар мен ұрылардың қармағына түсіп қалмау жолдарын үйретті. Полицейлердің сөзіне қарағанда, соңғы кезде, әсіресе, сейфтер мен банкомат ұрлықтары белең алған. Облыстық ішкі істер департаменті …

МҮЛІК ТОНАУ ҮДЕП ТҰР Read More »

ЖҰБАЙЫН ӨЛТІРІП ТЫНДЫ

Бұрын сотталған 30 жастағы әйел Мағжан Жұмабаев ауданындағы Қарлыға ауылында 52 жастағы ауылдасының үйінде біраз жылдан бері бірге тұрған. “Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды” дегендей, күнделікті ұрыс-жанжалдардан кейін әйел серігінен кетіп қалған. Қырғи қабақ бола жүре, әйел ас дайындап, үйін жинауға ерінікіне келіп тұрған. Оның сөзінше, қайғылы оқиға орын алған күні тамақ жасағаннан кейін …

ЖҰБАЙЫН ӨЛТІРІП ТЫНДЫ Read More »

ӨЛІМІ ОТТАН БОЛДЫ

26 желтоқсанда таңғы 8 сағат 58 минутта Мамлютка тас жолының бойындағы көліктерге техникалық қызмет көрсету стансасында шыққан өрт туралы облыстық өрт сөндіру қызметінің орталық қосынына хабар жеткен. Бір минуттан соң өртсөндірушілер жолға шығып, 9 сағат 32 минутта оқиға орнында болған. От бу қазандығы орналасқан жерде тұтаныпты. Өкініштісі – 1957 жылы туған күзетші-отжағушы күйіп өлген. Жалын …

ӨЛІМІ ОТТАН БОЛДЫ Read More »