«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұрағат

Мерекелік құттықтаулар

Біздің егемен елімізде Құрбан айт бүкілхалықтық мерекеге айналды. Бұрын оны мұсылмандар ғана тойлап келсе, енді оның алғашқы күні діни мейрам ретінде ел көлемінде атап өтіледі. Бұл – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың асыл дініміздің өркендеуіне жасап отырған зор қамқорлығы.Құрбан айттың тарихы сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардан бастау алады. Содан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса келіп, ардақты да соңғы пайғамбарымыз Мұхаммед …

Мерекелік құттықтаулар Read More »

Мерекелік құттықтаулар

Құрметті солтүстікқазақстандық мұсылмандар!Қасиетті мереке – Құрбан айт құтты болсын!Бұл – қайырымдылық, ізгілік, аяушылық сияқты ең жоғары адамгершілік құндылықтарды бейнелейтін, біздің биік жалпыадамзаттық мұраттарға шынайы берілгендігімізді айғақтайтын айтулы мұсылман мерекелерінің бірі. Бұл мұраттарды мақсат тұту адамдарды ізгі істерге бастайды, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға ықпалын тигізеді.Құрбан айт қазақстандықтардың асқан бай рухани мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады, …

Мерекелік құттықтаулар Read More »

ЖҰРТ КҮТКЕН ҮЙЛЕР мен БАЛАБАҚША жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі

Сейсенбі күні өңір басшысы Серік Біләлов облыс орталығында салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап көрді. Жеңіс ЕРМҰҚАНОВ, журналист. Жамбыл және Челюскин көшелерінің қиылысында 200 пәтерлік тұрғын үй салынып жатыр. Облысымызда соңғы ширек ғасырда мұндай ірі баспана тұрғызылмапты. 2010 жылы басталған құрылысқа бүгінде 120 адам жұмылдырылған. Оның 30-ы “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы аясында еңбекке тартылған екен.9 …

ЖҰРТ КҮТКЕН ҮЙЛЕР мен БАЛАБАҚША жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі Read More »

КҮЛСЕ, КӘРІ КҮЛСІН!..

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Шіркін, қала қарияларының күлкісі қандай әдемі: сабада әбден шайқалған қымыздай тығынын атып жіберердей булығады келіп! Рас, қоғамдық орында отырғандықтан, мәдениеттіліктен жаңылмайды: ауыздарын арандай ашып, “а-ха-ха” деп ақтарылмайды. Есесіне күлкі ауыздан емес, көзден шығады: шұбырған жасқа ие бола алмай, орамалын қалтасынан он рет алады, он рет салады. Жас кездегідей иықтары селкілдеп күлмесе де, …

КҮЛСЕ, КӘРІ КҮЛСІН!.. Read More »

ЕҢБЕГІҢНІҢ ЖЕМІСІН еңкейгенде тересің

Елімізде 1998 жылғы қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу жүзеге асырылды, мұның негізгі себебі халқымыздың тұрмысын жақсарту болды. Кемеңгер ӘМРИН,“Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы”облыстық филиалының директоры. Зейнетақы реформасы Қазақстанда азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жылғы 20 маусымдағы заңға сәйкес жүргізілді. Сол жылы Үкіметтің 1997 жылғы 4 маусымдағы №926 қаулысымен “Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік …

ЕҢБЕГІҢНІҢ ЖЕМІСІН еңкейгенде тересің Read More »

ЖАНАШЫР ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ

Жанахмет ТАСШЫҒҰЛОВ,СҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі департаменттің директоры. Елбасы Нұрсұлтан На-зарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты Жолдауында: “Қазақстан жолының жаңа кезеңі – экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу – өңірлік маңызды нәрсе”, – …

ЖАНАШЫР ЖАНДАР МЕРЕКЕСІ Read More »

“БУРАБАЙ”

Тоқтар ЗІКІРИН. Бақ мекенін тапқанда тым қолайлы, Елін сүйген ерлері ту қадайды.Қазақтың маңдайының бағы бар ғой,Бауырына басқан сұлу Бурабайды. Табиғаттың көркемі-ай Тәңір берген,Жер-жұмағы сияқты өмірге енген.Асқақтап өр көңілдің күмбезіндей,Оқжетпес көз тартады көрінгеннен.Қарағай көл жағасы қалың өскен,Самсаған сан қазақтың қолы дескен.Аңыздай айтылмаса бұл Бурабай,Қазіргі кейпін осы танымас та ем. Айдыны мөлдіреген жақұт көлім,Өзіңнен сезінеміз уақыт демін.Оқжетпестей …

“БУРАБАЙ” Read More »

ҮЛГІЛІ КАБИНЕТТЕР КОНКУРСЫ

Оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру мақсатында “Психологтің үлгілі кабинеті” және “Әлеуметтік педагогтің үлгілі кабинеті” конкурсы өтті. Онда психолог және әлеуметтік педагогтер кабинеттерінің талаптарға сай жабдықталуы және өңіріміздің білім беру саласында еңбек етіп жүрген талантты психологтері мен әлеуметтік педагогтері анықталды.  Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. “Психологтің үлгілі кабинеті” конкурсына қатысқан орыс тілінде білім беретін мекемелер арасында 1-орынды Петропавл қаласындағы …

ҮЛГІЛІ КАБИНЕТТЕР КОНКУРСЫ Read More »

ДІНДАРЛАР СОТТАЛҒАНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Қайрат ЖАНАХМЕТОВ,ЕС-164/3 мекемесінің бастығы. Соңғы кезде Қазақстан аумағында діни экстремизм тақырыбын барынша ауқымды қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Өйткені, теріс ағымдарды қазақ қоғамына енгізуге әрекет етушілер жиі бой көрсетіп жүр. Сондықтан діни шараларды Құдайға құлшылық ететін жерлерде ғана емес, сонымен қатар қылмыскерлер жазасын өтеп жатқан мекемелерде де өткізу – заман талабы.Осыған орай Павлодар облысы “Мәшһүр Жүсіп” …

ДІНДАРЛАР СОТТАЛҒАНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ Read More »

“САЙЫПҚЫРАНДАР” АТТАРЫНА САЙ ЕКЕН

Айнагүл ҚАБДІЛМАНҚЫЗЫ,журналист. Өткен аптада Шал ақын ауданының орталығында “Солтүстік жастары” қоғамдық бірлестігінің, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің ұйымдастыруымен көңілді және тапқырлар клубының фестивалі өтті. Оған ауылдық округтер мен Сергеевка қаласының мектеп оқушыларынан құрамдалған бес команда қатысты. Онда аудан әкімінің кубогы жүлдеге тігілді.Фестивальда жоспарланған “Біздің Отанымыз – Қазақстан, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі” …

“САЙЫПҚЫРАНДАР” АТТАРЫНА САЙ ЕКЕН Read More »

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ҚҰРЫЛДЫ

Облыстық білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының бастамасымен өңірімізде психология және әлеуметтік педагогика мәселелерін зерттеу жұмысымен айналысатын оқушылардың ғылыми қоғамы құрылды. Ол еліміз бойынша бұл саланы зерттеумен айналысатын алғашқы қоғам болып табылады.  Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Оқушылардың ғылыми қоғамының (ОҒҚ) жұмысына облыстық білім беру саласындағы әдіс-темелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскерлері, ОҒҚ …

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚОҒАМЫ ҚҰРЫЛДЫ Read More »

СЕЛҚОСТЫҚ — ҚАСІРЕТ БАСЫ, онымен күресті өз ортамыздан бастаған жөн

Соңғы уақытта қоғамда селқостық белең алып барады. Алайда, бұл жаман әдетпен күресу мүмкін емес деу қате. Бұл – баршамызға ортақ мәселе, сондықтан оның тамырына балта шабуға асыққанымыз жөн. Мәселен, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, біреуді қорлау немесе тіл тигізу, тұрғын жайларды бүлдіру, саябақтар мен демалыс орындарында қоқыс тастау – мұның барлығы айналамызға, жанымыздағы адамдарға немқұрайды қараудан …

СЕЛҚОСТЫҚ — ҚАСІРЕТ БАСЫ, онымен күресті өз ортамыздан бастаған жөн Read More »

ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ӨТКІЗІЛМЕК

Мұсылман қауымының жылда асыға күтетін ұлық мерекесі – Құрбан айтты жоғары дәрежеде өткізу имамдар мен молдалардың іскерлігіне, ұйымдастырушылық қабілетіне тікелей байланысты. “Қызылжар” мешітінде осы мәселеге орай қалалық және аудандық мешіттер бас имамдарымен өткізілген екі күндік семинар-кеңесте наиб имам Қадырбек Шәріпов осыны қадап айтты.Басқосуда бас имамдар айтулы мерекеге дайындық ерте басталғанын айтты. Атап айтқанда, мешіттер, базарлар …

ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ӨТКІЗІЛМЕК Read More »

ЖАРАТҚАН ИЕМIЗГЕ ЖАҚЫНДАЙ ТYСЕЙIК

* желін ұшының түсіп қалуы;* құйрығының жартысы немесе үштен бір бөлігі кесілген болуы;* жілігі майсыз, ауру болуы;* тумысынан құлағы мен құйрығының болмауы;* жетекке көнбейтін және үйірге қосуға жарамайтындай немесе жем беруі қиын тентек болуы;* ауру екендігі анық белгілі болуы.Құрбандық шалуға ниеттенген адамның сатып алған малында жоғарыда аталған кемшіліктер сатып алғаннан кейін пайда болса, орнына басқа …

ЖАРАТҚАН ИЕМIЗГЕ ЖАҚЫНДАЙ ТYСЕЙIК Read More »

ӨНЕР ҚУҒАН ЖАНДАР неге асаба болып жүр?..

“Мәдениет – халықтың рухани азығы” демес бұрын, “Осы саланың мамандары тоқ па?” деген сауалға жауап іздесек. Бұл жерде тоқтықты тікелей мағынада қолданып отырмыз. Біздің рухани жүдеулігіміз бен мәдениет саласы мамандарының еңбекақысының аздығы – бас пен мойын секілді бір-біріне тәуелді-ақ.  Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Өңірімізде ғана емес, жалпы елімізде мұндай жағдайдың орын алуына мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысының …

ӨНЕР ҚУҒАН ЖАНДАР неге асаба болып жүр?.. Read More »

Қыдырәлі БОЛМАНОВ:“ДҮНИЕДЕН НЕ АЛАРЫҢДЫ ЕМЕС, АРТЫҢА НЕ ҚАЛДЫРАРЫҢ ДЫ ОЙЛА”

Музыкант әрі продюсер Қыдырәлі Болманов “Ұлытау”, Қарақат, “АБК” сынды продюсерлік жобаларына 10 жыл толуына орай концерттік бағдарламамен өңірімізге келіп, қызылжарлықтарға екі мезгілде концерт берді. Әдетте танымал адамдар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен қашқақтап, уақыт жоқтығын сылтау етіп, жалтарып жатады. Бірақ Қыдырәлі Болманов ондай жандардың қатарына кірмейтінін бірден-ақ аңғартты. Есік сыртында газеттен келген тілшілер тұр дегенді естіген …

Қыдырәлі БОЛМАНОВ:“ДҮНИЕДЕН НЕ АЛАРЫҢДЫ ЕМЕС, АРТЫҢА НЕ ҚАЛДЫРАРЫҢ ДЫ ОЙЛА” Read More »

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ олардың бейхабарлығын байқатты

Ирина ВАСИЛЬЕВА, кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшісі. Ауылдық жерде жұмыс істейтін әрбір кәсіпкердің банктен бизнесіне, тіпті, бір рет болса да кредит алуға талпыныс жасаған кезінде алатын кредитін кепілмен қамтамасыз ету үшін тығырыққа тірелетіні анық. 2010 жылдан, “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру басталған сәттен бері бұл қиындық алынбайтын қамал болудан қалды.Жеткілікті кепілдік қамтамасыз ету …

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ олардың бейхабарлығын байқатты Read More »

АҒАЙЫНДЫ БӘЛДІКОВТЕР – бидай сеуіп, мал өсірген отбасы

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қарағаш ауылындағы “Бәлдіков Қошан” ШҚ 1998 жылдан бері жұмыс аясын да, өрісін де кеңейтуде. Осы ауданға іссапарымызда аталмыш қожалықтың басшысы Мүбәрак Бәлдіковпен жүздесуді жөн санадық. Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. 90-шы жылдардың ішінде “бөліп ал да, билей бер” идеясы өршіп тұрған кезде Қарағаш ауылында 8 бірдей шаруа қожалығы құрылған екен. Сол уақытта 500 …

АҒАЙЫНДЫ БӘЛДІКОВТЕР – бидай сеуіп, мал өсірген отбасы Read More »

“ӘЛМИРАСЫМЕН” ӘЛДІ ӘЛДИМЕНОВА түлік басын да көбейту үстінде

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламалық мақаласында: “Әр адам мамандығы мен лауазымына қарамастан, өзінен: “Мен бірінші кезекте өз басымдағы инерцияны жеңу үшін не істедім?” – деп сұрауы тиіс… Шындықты мойындайық: болашақта, ХХІ ғасырда тек Еңбек қана барлық қазақстандықтардың Әл-ауқатқа және жаңа Өмір сапасына қол жеткізуін қамтамасыз …

“ӘЛМИРАСЫМЕН” ӘЛДІ ӘЛДИМЕНОВА түлік басын да көбейту үстінде Read More »

АҚЫ ТӨЛЕУДІ АЙЛАП ҰМЫТҚАНДАР тізімі жасалу үстінде

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Тұтынушылардың “Қызылжар су” ЖШС-нің алдындағы берешегінің жалпы сомасы 8,5 миллион теңгеден асып кетті. Ондағы тұрғындардың үлесі 5,2 миллион теңгені құраса, заңды тұлғалардың қарызы 3,3 миллион теңге болды. Осы дебиторлық қарызды азайту үшін кәсіпорында арнайы бағдарлама жасалып, іске кірісті.Кәсіпорын барлығы 66 мыңға жуық қала тұтынушыларын сумен қамтамасыз етеді, олардың 964-і қызметке ақы төлеу …

АҚЫ ТӨЛЕУДІ АЙЛАП ҰМЫТҚАНДАР тізімі жасалу үстінде Read More »