«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұрағат

30 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ “Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қорының” солтүстікқазақстандық салымшыларына тиесілі

Сәрсенбі күні “Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ облыстық филиалының бас кеңсесінде бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,  “Солтүстік Қазақстан”. Еліміздің жұмыс істейтін әрбір 4-ші азаматы қордың салымшысы болып келетін “Халық банкі ЖЗҚ” АҚ-ның облыстық филиалы биылғы жылы ең жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Солтүстікқазақстандық 103000-нан аса тұрғын қорға сенім білдіріп, үстіміздегі …

30 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ “Халық банкі жинақтаушы зейнетақы қорының” солтүстікқазақстандық салымшыларына тиесілі Read More »

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында “Әділет кеңес береді” деген тақырыпта республикалық акция өтіп, оның аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді. Облыстық әділет департаменті ұйымдастырған шара “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының қолдауымен өтті. Оған партия белсенділері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушылары мен студенттері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Мұндай акция бірінші рет ұйымдастырылып отырған …

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ Read More »

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН ДЕРТ ЖҰҚПАСЫН ДЕП оны айыптаймыз және сақтандырамыз

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Алдыңгүні “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында “Жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру. БАҚ-тың рөлі” деген тақырыпта шара өткізілді. Әріптесіміз Ақләйлек Жаукина жүргізген бұл шара брифингтен басталды. Оған “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Омаров, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті басқармасы бастығының орынбасары Расул …

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН ДЕРТ ЖҰҚПАСЫН ДЕП оны айыптаймыз және сақтандырамыз Read More »

ШЫҒЫНДЫ АЗАЙТУ, НӘТИЖЕНІ ЖАҚСАРТУ ЖОЛЫНДА

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. 1970 жылдан бастап, жыл сайын 14 қазанда бүкіл әлем жұртшылығы белгілі бір ұранмен өтетін Дүниежүзілік стандарттар күнін атап өтеді. Биылғы 2012 жылдың бұл күнгі ұраны: “Шығынды азайтамыз, нәтижені жақсартамыз. Стандарт тиімділікті арттырады” болып отыр. Кеше облыстық мәслихаттың кіші залында осы Дүниежүзілік стандарттар күні мерекесіне арналған “Стандарт тиімділікті арттырады” деген тақырыпта ақпарат күні …

ШЫҒЫНДЫ АЗАЙТУ, НӘТИЖЕНІ ЖАҚСАРТУ ЖОЛЫНДА Read More »

ЕҢБЕГІ ЕРЛІККЕ ТЕҢ “АСЫЛ АНА”

Теңдік СӘРСЕКЕЕВА, “Асыл ана” қоғамдық бірлестігінің төрайымы. “Асыл ана” қоғамдық бірлестігі 1997 жылдан бері асырауында балалары бар мүгедек әйелдердің ұйытқысына айналды. Ұйымымыз алғашқы күннен бастап аналар мен балаларға қиын жағдайда қол ұшын беріп, патриоттық, мәдени және рухани тәрбие шараларын өткізу арқылы олардың моральдық-психологиялық рухын көтеру мақсатын ұстанды. Нәтижесі оң тиімділікке қол жеткізді: аналар мен балалар …

ЕҢБЕГІ ЕРЛІККЕ ТЕҢ “АСЫЛ АНА” Read More »

АНА АҚЫЛЫН АЛҒАН АРУ – елдегі ең үздік ұстаздардың бірі

Қарапайым, көпбалалы отбасында туып-өскен Күлзия Бабышева бала күнінде заңгер болуды армандаған. Бірақ отбасы жағдайына қарап, анасының нұсқауымен сол кездегі Петропавл педагогикалық институтын орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша тамамдаған. Бір қызығы, ол оқуға түскенде де, кейін маман ретінде диплом алып шыққанда да мұғалім болып істемейтініне 100 пайыз сенімді болған. Алайда, 1979 жылы жоғары …

АНА АҚЫЛЫН АЛҒАН АРУ – елдегі ең үздік ұстаздардың бірі Read More »

ҚАЗАҚСТАНДА ПІКІР АШЫҚТЫҒЫНА ҚЫСЫМ ЖОҚ

Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ,Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. Мен HumanRights Watch-тың В.Козловқа қатысты үкімді пікір айту еркіндігіне берілген соққы деген мәлімдемесімен үзілді-кесілді келіспеймін. Козловтың өзі мен басқа да оппозиционерлер ұзақ жылдар бойы Президент жөнінде де, Қазақстанның саяси жүйесі жөнінде де ұдайы өз пікірлерін білдіріп, қатқыл да жағымсыз баға берумен болды. Сол кездері ешкім де оларды қудалаған жоқ, өйткені, …

ҚАЗАҚСТАНДА ПІКІР АШЫҚТЫҒЫНА ҚЫСЫМ ЖОҚ Read More »

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАУ БАСТЫ НАЗАРДА

Серік ПІРНАЗАР. Кеше Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізді. Ол баспасөз өкілдері алдында үстіміздегі жылдың 9 айындағы прокурорлық қадағалау жұмыстарының кейбір нәтижелері мен күні кеше Ақтау қалалық сотында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларға қатысты қаралған сот процесі туралы айтып берді. Бас прокуратураның ресми өкілі бұқа­ра­лық ақпарат құралдары өкілдеріне берген брифингін прокуратура …

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАДАҒАЛАУ БАСТЫ НАЗАРДА Read More »

ЖҰРТҚА ҰНАЙ БІЛЕДІ, жақсылық қана тілегі

Қанат АТАМАНОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында қызмет атқарып келе жатқан ұялы байланыс операторларының саны 8-ден асады екен. Атап айтқанда, азды-көпті “Kcell” (Актив, Vegaline), “Beeline” (Дос сауда белгісі) және шведтердің Tele2-сі және CDMA стандартындағы “Pathword/Dalacom” ұялы байланыс желісі қызметін қолданатын еліміздің азаматтары қаражатына қарай тарифтік жоспарды таңдайды. Ендеше бүгінде қандай ұялы байланыс операторы, қандай тарифтік …

ЖҰРТҚА ҰНАЙ БІЛЕДІ, жақсылық қана тілегі Read More »

БИШІЛЕРІМІЗДЕ МІН ЖОҚ, ӘНШІЛЕРІМІЗГЕ СЫН КӨП

Облыс орталығында еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен “Ел іші – өнер кеніші” деген тақырыпта республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауы өтті.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Республикамыздың Шығыс Қазақстан, Қостанай және Алматы облыстарынан басқа өңірлердің барлығында өткізілген байқауда өңіріміздің беткеұстар өнерпаздары өзара бақ сынасты. Музыка және би, актерлік өнер және төлтума жанр, бейнелеу өнері және сәндік-қолданбалы …

БИШІЛЕРІМІЗДЕ МІН ЖОҚ, ӘНШІЛЕРІМІЗГЕ СЫН КӨП Read More »

ҚОЛА МЕДАЛЬ – ҚОЛДА

Тайпей қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты өтті. Оған Азияның 22 елінен 300-ден аса спортшы қатысты. Қазақстан командасы чемпионатта 2 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреді. Атап айтсақ, чемпионатта ел намысын қорғаған облыстық спортқа дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаттың дзюдо үйірмесінде жаттығатын 10- сынып оқушысы Назгүл Маратова татамиде 70 …

ҚОЛА МЕДАЛЬ – ҚОЛДА Read More »

АЛТЫН ДА, КҮМІС ТЕ – БІЗДІКІ

АЛТЫН ДА, КҮМІС ТЕ – БІЗДІКІАстанада 90-шы жылдары тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан 17 жауынгерді еске алуға арналған қоян-қолтық ұрыс бойынша ашық кубок үшін жарыс өтті. Ішкі әскерлер тарихында тұңғыш рет өткізіліп отырған жарысқа еліміздің әр аймағындағы күш құрылымдары мен әскери бөлімдерден жалпы 17 команда қатысты. 70 кило салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған жерлесіміз Самат …

АЛТЫН ДА, КҮМІС ТЕ – БІЗДІКІ Read More »

СІБІРЛІК ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

Ресей ауыл шаруашылығы ғылым академиясы Сібір өңірлік бөлімшесінің делегациясы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстанда болып, облыс әкімдігімен ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.  Нұрсайын ШӘРІП, “Солтүстік Қазақстан”. Бескөл ауылындағы Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында өткен кездесуді ашқан өңір басшысы Серік Біләлов облысымыздың Ресей ауыл шаруашылығы ғылым академиясымен мал шаруашылығы, ветеринария және жем-шөп …

СІБІРЛІК ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ Read More »

БІЛІМНІҢ БИІК ОРДАСЫ 75 жылдығын атап өтті

Кеше Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің құрылғанына 75 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті. Өңіріміздегі іргелі білім ошағының мерейтойына арналған шараға ҚР Парламентінің депутаттары, еліміздің қалаларынан, Германия, Ресей мемлекеттерінен арнайы шақырылған қонақтар, білім ордасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Жоғары оқу орнының профессорлары мен оқытушылар құрамын айтулы мерейтоймен …

БІЛІМНІҢ БИІК ОРДАСЫ 75 жылдығын атап өтті Read More »

ЖҮРЕКТЕРДІ ЖЫЛЫТҚАН ЖИЫРМА ЖЫЛ

  Жаратушы Иенің қалауымен Жұмыр жерді жайлаған миллиардтаған халық сан тілде сөйлегенімен, тілдік туыстығы болмаса да, қоңсылас қоныстанғандығынан ба, бір-бірімен оңай ұғысатыны, әлдебір мақсаттарда ұжымдасып кететіні бар. Ресей мен Қазақстан осындай топқа жатады. Екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан бергі кезеңді біз жүректерді жылытқан жиырма жыл деп айта алатынымыз анық. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ. 1991 жылы Ресей …

ЖҮРЕКТЕРДІ ЖЫЛЫТҚАН ЖИЫРМА ЖЫЛ Read More »

БОС ОРЫНДАР БАРШЫЛЫҚ бірақ жұмыссыздардың ынтасы шамалы

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,“Солтүстік Қазақстан”. Петропавлда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оған 17 кәсіпорын қатысып, 890 бос жұмыс орнын ұсынды. Іс-шара “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша “Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні” акциясы аясында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде өткізілді. Келушілердің қатары қалың болды. Басым бөлігі – жастар. Ұйымдастырушылар жұмыс іздеушілердің барлығына анықтама материалдарын, мәселен, “Жастар …

БОС ОРЫНДАР БАРШЫЛЫҚ бірақ жұмыссыздардың ынтасы шамалы Read More »

ФУНКЦИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ

Алма МЫРЗАЛИНОВА,СҚМУ профессоры,Бақыт АҚЫШЕВА,қазақ мектеп-гимназиясыныңмұғалімі. Әркім өзі, балалары мен немерелері үшін адами капиталдың негізін құрайтын және іс жүзінде табысты пайдалануға болатын білім беру көзін іздейді. “Мектеп үшін емес, өмір үшін оқимыз” деген латын нақылын еске алсақ, әлемдік тәжірибеде осындай білім беру жүйесін функциялық сауаттылықпен байланыстырады. Ол жайында 2000 жылы ресейлік “Мектеп технологиясы” журналында: “Жиырмасыншы ғасырдың …

ФУНКЦИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МЕКТЕБІ Read More »

ЕСЕПТЕГІШТІҢ ТИІМДІЛІГІН ТҮСІНГЕНДЕЙМІЗ, енді оны орнаттыра алмай әлекпіз

Бұрнағы күні еліміздегі Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің облыстық департаменті көпқабатты тұрғын үйлерде жалпыға ортақ жылу есептегіш құралдарды орнату мәселесі төңірегінде кезекті “дөңгелек үстел” өткізді. Оған жергілікті атқарушы органдар мен қалалық мәслихаттың депутаттары және ардагерлер кеңесінің өкілдері, жылу қуатының жалпыға ортақ есептегіш құралдарын жобалау және орнату қызметін көрсететін кәсіпорындар, табиғи монополиялық субъектілердің басшылары, ПИК жетекшілері қатысты. …

ЕСЕПТЕГІШТІҢ ТИІМДІЛІГІН ТҮСІНГЕНДЕЙМІЗ, енді оны орнаттыра алмай әлекпіз Read More »

ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ОРТАҒА САЛЫНДЫ

Кеше Петропавлда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен “Өңірлердегі ономастика мәселелері: елді мекендердің дәстүрлі тарихи атаулары” тақырыбында республикалық “дөңгелек үстел” өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов, белгілі ғалымдар, ономастика комиссияларының мүшелері, тіл басқармаларының басшылары мен тіл мамандары қатысты. Жиын тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлының төрағалығымен өтті.  Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Өткен ғасырларда …

ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ОРТАҒА САЛЫНДЫ Read More »

ӘСКЕРГЕ БИЫЛ ШАҚЫРЫЛҒАНДАР психологтар сынағынан өтеді

Қазір жастарды әскерге шақыру маусымы қызған шақ. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанатын сарбаздарды іріктеу науқанының алғашқы нәтижелері туралы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді жинау және әскерге шақыру басқармасының бастығы Александр Степановты әңгімеге тарттық. – Александр Юрьевич, күзгі әскерге шақыру маусымының жай-жапсарын білгіміз келеді. – Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүрге сай …

ӘСКЕРГЕ БИЫЛ ШАҚЫРЫЛҒАНДАР психологтар сынағынан өтеді Read More »