«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Оқиға

Бозбаланың қазасы

Петропавлда футбол ойнап жат­тығып жүрген бозбала қаза тапты. Кенеттен жүрегі тоқтаған 18 жастағы жігітті дәрігерлер құтқара алмады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған Рауан Мұхтаров 16 қазан күні сағат 18:00-ден бастап “Қара­сай” ста­дионының қосымша фут­бол ала­ңын­да жаттығып жүріп, құ­лап түскен. Оқиға орнына келген “Жедел жәр­дем” қызметі жүрегі тоқтап қалған жігітке …

Бозбаланың қазасы Read More »

ЖАҒДАЙЫ АУЫР

Петропавлдағы Жамбыл Жабаев көшесі, 231 мекенжайында орналасқан автогаз құю бекеті аумағынан өрт шықты. Газ тасымалдаушы “ЗИЛ-130” маркалы көліктің темір цистернасы отқа оранған. Оқиға орнына дереу өртсөндірушілер шақырылып, құтқарушылар бір сағат ішінде қызыл жалынды ауыздықтайды. Өрттің салдарын жоюға 9 техника мен жеке құрамның 43 қызметкері жұмылдырылды. – Газ тасымалдайтын көліктің 1958 жылы туған жүргізушісі құтқарылды. Ол …

ЖАҒДАЙЫ АУЫР Read More »

Жүрек қалауы

Мұғалім – мамандық болса, ұстаздық – адам бойындағы ұлы қасиет. Ұстаз мәртебесінің артуы, ең алдымен, жеке тұлғаның ұстаз деген есімге қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған білімнің мұғалімге қояр талабының жүгі ауыр, олар үлгі боларлық бар жақсылық атаулының асқаралы биігінен көрінуі тиіс. Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицей – жиырма бір жыл бұрын ашылған білім …

Жүрек қалауы Read More »

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

“Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандарының әкімдерін сайлау  алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін баспасөз бетінен орын берудің шарттарын жариялайды. БАСПА МАТЕРИАЛДАРЫ ҮШІН ОРЫН БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ Газетте баспа материалдарына орын белгілеу “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.Баспа материалдары үшін орын белгілеу Есіл, Мамлют, Тимирязев аудандарының  әкіміне кандидаттардың …

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Read More »

Шатырдан шыққан түтін

Облыстық кардиология ор­талы­ғының шатырынан түтін шығып, оқиға орнына дереу өртсөндірушілер жіберілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 11:51-де құтқару­шы­лардың “101” пультіне Васильев көшесі, 123 мекенжайында ор­наласқан емдеу мекемесінің шаты­рынан түтін шығып тұрғаны жайлы ақпарат түскен. Оқиға орнына 15 техника, өрт сөндіру бөлімдерінің 50 қызметкері жөнелтілді. – Төтенше жағдай орын алған жерден 60 адам …

Шатырдан шыққан түтін Read More »

Шатыры ұшқан үй

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­ның орталығы – Новоишимка ауылында қатты жел ғимараттың сыртқы қасбетін зақымдап, көпқабатты тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкеткен. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мә­ліметінше, кешкі сағат бесте ауылда жылдамдығы секундына 30 метр болатын қатты жел соғып, жаңбыр аралас бұршақ жауған. Ауа райының қолайсыздығынан Новоишимка ауылы жарықсыз қалған. Ауылдағы 190 отбасы тұратын 1961, …

Шатыры ұшқан үй Read More »

Екі адам көз жұмды

17 тамыз күні сағат 21:45 шама­сын­да “Астана – Петропавл” автожо­лының 431 шақырымында Аққайың ау­­данындағы Аралағаш ауылының маңында “Toyota Hiace” автомаши­на­сы мен жартылай тіркемесі бар “MAN” жүк көлігі соқтығысып қалды. Сал­да­рынан екі автокөлік те жанып кетті. “Toyota Hiace” автокөлігінің 52 жас­тағы жүргізушісі мен оның 54 жас­тағы жолаушысы, екеуі де Астана қаласының тұрғындары – жол-көлік оқиғасы болған …

Екі адам көз жұмды Read More »

Жолдағы қайғылы жағдай

Мағжан Жұмабаев аудандық по­лиция бөліміне Қарақоға мен На­деж­ка ауылдарының арасындағы жол­дың ше­тінде еш қимылсыз екі адам­ның жат­қаны туралы хабарла­ма келіп түскен. Оқиға орнынан полиция қыз­меткер­лері осы ауданның 38 және 35 жастағы тұрғындарының денесін тапты. Сондай-ақ жақын жер­де балаларға арналған қо­ларбада жат­қан кішкен­тай сәби табылған. Қазір бала орталық аудандық ау­руханадағы балалар бөлімінің бақы­лауына алынған. Жедел-іздестіру іс-шаралары …

Жолдағы қайғылы жағдай Read More »

ТӨРТ ЖҰМЫСШЫ КӨЗ ЖҰМДЫ

Тайынша ауданындағы “EMS AGRO” компаниясына қарасты шошқа кешенінде төтенше жағдай орын алып, салдарынан төрт адам мерт болды. Қайғылы оқиға болған жерге өңір басшысы Айдарбек Сапаров барып, жағдайды өз бақылауына алды. Арнайы комиссия құрып,  істі егжей-тегжелі тексеру жөнінде тапсырма берді. Қаза болған жұмысшылардың отбасыларына барып,   көңіл айтты. 1 тамыз күні түнгі 23:25-тер шамасында аудандық полиция бөліміне …

ТӨРТ ЖҰМЫСШЫ КӨЗ ЖҰМДЫ Read More »

Орманды өрт шарпыды

Облыстық төтен­ше жағдай­лар депар­таментінің мамандары Ақ­жар ау­данына ат­танды. Себебеі қу­раған ағаш қай­та өр­тенді. Мұнда өткен ап­таның со­ңында ірі өрт ошағы сөндірілген еді. Болжам бойынша, өрт өткен жолғы ошақтың маңы­нан шыққан. Одан кейін Тұ­ғыржап ауы­лынан жеті шақы­рым жерде 40 гек­тар аумақта құрғақ шөп кү­йіп, өрт Ор­линогорск орман ша­руашылы­ғының аумағына өтіп, 2,7 гек­тар ор­манды от шарпыды. Оқиға …

Орманды өрт шарпыды Read More »

Зейнеткерді алдаған

Петропавлдың 76 жастағы тұр­ғы­нына біреулер қоңырау шалып, “Сіздің қызыңыз жол-көлік оқиғасының себепкері болды, оның кесірінен жүкті әйел өлім аузында жатыр”, – деп хабарласқан. Телефонның арғы жа­ғындағы бейтаныс өзін полиция қыз­меткері ретінде таныстырған. Оның айтуынша, апаттан зардап шек­кен әйелдің туыстары оларға үл­кен со­мада ақша төленген жағдайда арыз жазбауға келіскен. Күтпеген хабар­дан есеңгіреп қалған зейнет­кер келі­сіп, үйіне …

Зейнеткерді алдаған Read More »

Жол апаты бес адамның өмірін қиды

16 маусым күні таңғы сегіз ке­зінде Тайынша ауданы Аймақ ауы­лының маңындағы “Көкшетау – Омбы” автожолының 53-ші шақырымында “Lexus” және “ВАЗ-2104” машина­лары соқтығысқан. “Lexus” автома­шинасы Көкшетау қаласынан келе жатқан. Жол-көлік апаты салдарынан бес адам оқиға орнында қайтыс бол­ды, оның екеуі қос автокөліктің жүр­гізушілері. Ал жарақат алған екі адам медициналық көмек көрсету үшін Көкшетау қаласындағы ауру­ханаға жеткізілді. …

Жол апаты бес адамның өмірін қиды Read More »

Балықшы суға кетті

Петропавлда 56 жастағы ер адам балық аулауға барып суға ба­тып кетті. Бұл биылғы шомылу мау­сымы басталғалы тіркелген алғашқы қайғылы жағдай. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Петро­павл­­дағы “Восточный берег” дәмханасы­ның маңында болған. Ба­лық аулауға келген ер адам сағат 13:00 шамасында суға кетті. Құтқа­рушылар балықшының денесін сол күні тапты, айтуларынша, марқұм қарапайым ережелерді …

Балықшы суға кетті Read More »

АРА ШАҚҚАН КЕЙУАНА

Шал ақын ауданында 70 жаста­ғы әжейді ара шақты. Ауыл тұрғыны дәрігерлердің уақытылы көрсеткен көмегінің арқасында аман қалған. “Жедел жәрдем” қызметкерлерін зейнеткердің қызы шақыртыпты. Оқиға орнына фельдшер Сәбит Мел­дебеков жеткенде қарт есінен танып жатқан. – Зейнеткер анафилактикалық шок алған. Терісі бозғылттанып, жү­рек қағысы төмендеді. Қан қысымы – 30/20-ны көрсетті. “Aslc” стан­дарты бойынша реанимациялық іс-шараларды дереу қабылдау …

АРА ШАҚҚАН КЕЙУАНА Read More »

Оқушының өлі денесі қазаншұңқырдан табылды

Жамбыл ауданында үйден шығып кеткен 8-сынып оқушысының денесі табылды. 19 мамыр күні аудан­дық полиция бөліміне Жаңажол ауылының тұрғынынан 14 жастағы жиенінің таңертең үйден белгісіз ба­ғытта кетіп қалғаны туралы хабар­лама түскен. Полиция бөлімінің қызметкер­ле­рі құқық қорғау органдары маман­да­­рынан, педагогтар мен жергілікті тұр­ғындардан құралған іздеу топ­тарын ұйымдастырды. “Іздестіру іс-шаралары ауыл маңында автокө­лік­пен және атпен жүргізілді. 20 мамыр …

Оқушының өлі денесі қазаншұңқырдан табылды Read More »

Жүксалғыштағы бес қап есірткі болып шықты

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Күдіктілерді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері құрықтады. “Петропавл – Астана” автожо­лында тәртіп сақшылары “Volks­wa­gen Passat” автокөлігінің жүргізуші­сінен тоқтауды талап етті. Алай­да жүр­гізуші полицейлердің заң­ды талабын елемей, жасырынбақ бо­лады. Көп ұзамай жедел уәкілдер ав­токөлікті Аққайың ауданындағы Астра­ханка ауылының маңында тоқ­татты. Көлік ішінде 29 бен 30 …

Жүксалғыштағы бес қап есірткі болып шықты Read More »

Адасқан сәби

Аққайың ауданында тұратын егде жастағы ерлі-зайыпты Петропавлдан келген бес жасар немересін ертіп, көл жағасында серуендемек болған. Ойнап жүрген немерелерінің көзден ғайып болғанын ауыл тұрғындары кеш байқайды. Ал бала болса орман­ға кіріп, адасып кеткен. Біраз жүрген­нен кейін ол көлік қозғалысы көп “Пет­ропавл – Булаево” автожолына шық­қан. Сол кезде оны табиғатты қорғау полициясының қызмет­кері байқап қалады. Тәртіп …

Адасқан сәби Read More »

Қоқысты жағу — қауіпті

Сәуір айының басынан бері өңір ормандарында 8 өрт болып, от 31,8 гектар аумаққа жайылды. Бұл тура­лы облыстық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департамент бастығының орынбасары Дмитрий Растихин айтты. “Тұрғындардың дені үй маңын­да, әсіресе желді күні қоқысты жағу аса қауіпті екенін түсіне бермейді. Мәселен Мағжан Жұмабаев ауда­нын­дағы Бәйтерек ауылында өрт болды. Сол күні жел­дің екпіні секундына 28 метрге …

Қоқысты жағу — қауіпті Read More »

Жетпіс төрттегі мас жүргізуші

Қызылжар ауданының орта­лығы Бескөл ауылында учаскелік полиция инспекторы тексеру мақса­тымен “Ssang Yong” автокөлігін тоқтатқан. Полиция қызметкеріне көлікті басқарып келе жатқан 74 жастағы жергілікті тұрғын жақсы таныс болатын. Ол биыл қаңтар айында мас күйінде көлік тізгін­дегені үшін жүргізуші куәлігінен айы­рылған. Сот шешімін елемеген одан ішім­діктің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның қайтадан орташа мас күйде көлік …

Жетпіс төрттегі мас жүргізуші Read More »

Терезеден құлап, мерт болды

Петропавлда тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлаған зейнеткер көз жұмды. Оқыс оқиға 18 сәуір күні орын алған. Петропавл қалалық поли­ция бөлімінің кезекшісіне Нұрсұл­тан На­зарбаев көшесіндегі үйдің те­резе­сінен әйел адамның құлап кет­кен­дігі туралы хабар түскен. Әйел­дің жа­сы – 67-де. Ол алған жарақа­ты­нан оқиға орнында қайтыс болды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-ба­бы­ның 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай …

Терезеден құлап, мерт болды Read More »