«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ҚАЗЫНАЛЫ МЕКЕНІ

Кітапхана – ақыл-ой мен мә­дениеттің мекені болса, кітап – рухани ұстаз. Онсыз мәдени, ұлт­тық құндылықтарымызды толық меңгеру мүмкін емес. Адамзат мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі саналатын кітапхана ісін дамытудың маңызы зор. Үкімет қаулысымен 2022 жылы 24 қазан кітапханашылардың кәсіби ме­ре­кесі болып бекітілді. Бүгінде кітапхана – рухани бай­лықты сақтайтын қойма ғана емес, дәрістер, шеберлік сабақ­тары мен мәдени …

АҚЫЛ-ОЙДЫҢ ҚАЗЫНАЛЫ МЕКЕНІ Read More »

Өнердің өріне талпынған

Қасиетті Қызылжар топырағында дүниеге келіп, еліміздің әр қиырында мәдениет пен өнер саласында еңбек етіп жүрген жандар аз емес. Солардың бірі – кешегі Сегіз сері, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды көмейіне бұлбұл құс ұя салған дүлдүлдердің сарқытындай болған “Астана Опера” мемлекеттік опера және балет театрының әншісі, түрлі халықаралық байқаулардың лауреаты Ермек Қасым. Республика күні қарсаңында жерлес …

Өнердің өріне талпынған Read More »

Әнұранға айналған ән

Қай мемлекеттің болсын әр азаматының жүрегіне ұялаған асқақ әні болады. Ол ән ұлттың өткенін, бүгінін, ертеңге деген арман-мұратын айқындап тұратын, халықтың бар айбынын танытатын ұмытылмастай туынды болуы шарт. Тәубе дейміз, қазақ топырағы дарынды перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шоқтығы биік. Қос тұлғаның жүрек тербелісі мен ішкі үндестігінен туған “Менің Қазақстаным” …

Әнұранға айналған ән Read More »

Әдебиет алыбы

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына арналған “Адамзат тағдырының жыршысы” атты әдеби кеш өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, мұғалімдер, студенттер, кітапхана оқырмандары қатысты. Әдеби кеш барысында Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы қа­зақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Гүлнәз Зейнолова “Әб­діжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығы” тақырыбын­да …

Әдебиет алыбы Read More »

САҒЫНЫШ

Белгілі жазушы-журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің “Сағыныш” атты жаңа бағдарламасы “QYZYLJAR” облыстық телеарнасы арқылы көрерменге жол тартты. Аты айтып тұрғандай бағдар­лама қонақтары өткен өмірге көз жү­гіртіп, сәулелі сәттерді сағы­ныш­пен еске алады, адам бойын­да­ғы ең асыл сезім жай­лы толға­нады. Бағдарлама қо­нақ­та­рының са­ғынышқа айнал­ған жар­­қын ке­зеңдері сыр болып ақ­та­ры­лып, кө­ңілді жылы шуаққа бө­лей­тін есте­ліктерден көпшілік та­ғы­лым алса …

САҒЫНЫШ Read More »

Креативті жастар орталығы

Республика күні қарсаңында Петропавл қаласында креативті индустрия орталығы ашылды. Айтулы шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, “Samruk-Kazyna Trust” корпоративтік қорының бас директоры Альфия Адиева, “Қазақтелеком” акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Бағдад Мусин, аудан әкімдері және өңірдің креативті жастары мен БАҚ өкілдері қатысты. Мемлекет басшысының тап­сыр­масына сәйкес, еліміздің әр өңірінде …

Креативті жастар орталығы Read More »

Қойылым өзегі — адами құндылық

Облыстық қуыршақ театрының 35-ші жаңа маусымы ресейлік режиссер Борис Ходыревтің “Благодарный журавль” спектаклінің тұсаукесерімен басталды.  Жаңа маусым актриса, Мәдениет саласының үздігі Айгүл Кенжеғозина-Хасенованың шығармашылық мерейтойымен тұспа-тұс келді. Тоғыз жастан асқан балалар­ға арналған спектакль жапон драматургі Дзюндзи Киносита­ның пьесасы негізінде қойылды. Басты рөлді – Айгүл Науқанқы­зының өзі сомдады. Қойылымда қазіргі қоғамдағы өзекті мәселе­лер мен махаббат, сатқындық, …

Қойылым өзегі — адами құндылық Read More »

ҮШ ЖҮЗДІҢ ПІРІ БОЛҒАН МАРАЛ ИШАН

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Марал ишан: өмірі мен қоғамдық-діни және саяси қызметі (1780-1853)” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ұлт-азаттық қозғалыстың рухани күрескері Марал Құрманұлының есімін ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шара аясында Ислам мәдениеті музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі ашылды. Марал бабамыздың 255 жыл­дығына орай ұйымдастырылған алқалы жиын “Сыр өңіріндегі ис­лам руханияты” атты көрмемен бас­талды. …

ҮШ ЖҮЗДІҢ ПІРІ БОЛҒАН МАРАЛ ИШАН Read More »

ЖҰРТЫНА ҚАДІРІ МӘЛІМ ЖАҚАҢ ЕДІ

Уақыт көші алға жылжыған сайын көне соқпақ, кешегі өткен күндер көкірегіңді қоламтаның шоғындай қыздырып, елес берері бар. Аруақ қонып, нар шөккен әйгілі Айыртау атырабындағы халқына қалтқысыз қызмет еткен ел ардақтылары туралы сыр толғап, көңіл елегінен өткізген кезде кісілік келбеті, адамгершілік ажарымен ойыңа оралатын арқалы азаматтың бірі – Жақаң, Жақсыбай Төрегелдин. Айыртау елі Алашқа аты шық­қан, …

ЖҰРТЫНА ҚАДІРІ МӘЛІМ ЖАҚАҢ ЕДІ Read More »

БІРЖАН-САРА айтысының шындығы

Біржан-Сара айтысы қазіргі таңға дейін шешілмеген жұмбақ болып келе жатыр. “Біржан-Сара айтысы шын мәнісінде болды ма?”, “Бұл айтыстың авторы – Әріп Тәңірбергенов деген шындық па?” деген сұрақтарға өздігінше жауап бергісі келгендер көп. Бір ғалымдар тобы айтыс тарихта болды десе, екінші тобы айтыс болмаған, айтысты Әріп өз ойынан құраған деседі. Тіпті бір топ ғалымдар – Біржан …

БІРЖАН-САРА айтысының шындығы Read More »

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН МАРАЛ ИШАН

ХІХ ғасырдың басында азаттық жолындағы күреске ислам діні өкілдерінің де қатысқаны тарихтан белгілі. Жалпы діни қозғалыстар тақырыбы кеңес заманында аса көп зерттеле қойған жоқ. Біз әңгіме еткелі отырған аты аңызға айналған Марал ишан Құрманұлы жөнінде революцияға дейін де, одан кейін де, біздің заманымызда да біршама кітап жазылды, газет-журналға  мақалалар шықты. Тарихи тұлға  туралы  материалдарды энциклопедиялардан …

АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН МАРАЛ ИШАН Read More »

Аян САДАЕВ: “ТАРИХ САБАҒЫН МУЗЕЙДЕ ӨТКІЗУДІ ҰСЫНАМЫН”

– Облыс орталығындағы “Абылай хан резиденциясы” му­зей-кешені республикалық ма­ңызы бар сәулет ескерткіші саналады. Мемлекеттік қор­ғау­ға алынған музейдің ты­ныс-тіршілігіне тоқталып өт­сеңіз. – “Абылай хан резиденция­сы” осыдан 17 жыл бұрын ашылған болатын. Музей кешені үш жүз­дің басын қосқан батыр баба­мыз­дың ел тарихын­да­ғы айшық­ты орнын арттырып, Абылай хан заманынан қалған тарихи ес­керт­кіш екендігін айғақтайды. Ре­зиденцияда төрт зал бар. …

Аян САДАЕВ: “ТАРИХ САБАҒЫН МУЗЕЙДЕ ӨТКІЗУДІ ҰСЫНАМЫН” Read More »

МАҚЫНЫҢ САНДЫҒЫ

Айыртау ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық музейінде Мақы (шын аты – Әбділмақыжан) Уәлихановтың сандығы сақтаулы. Музей меңгерушісі Нұргүл Құлбаеваның айтуынша, бұл сандықты музейге Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов табыстаған.  Мақы Шыңғысұлы 1844 жылы дүниеге келген.  Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби суретші. Ол жеті жасында сүзекпен ауырып, есту және сөйлеу қабілетінен …

МАҚЫНЫҢ САНДЫҒЫ Read More »

Жаңа маусым — жаңа леп

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның 60-шы концерттік маусымы басталды. Жаңа маусымға арналған мерекелік бағдарлама қызылжарлық көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көрермендермен сағыныса қауышқан филармония ұжымы жаңа маусымға ерекше дайындықпен кіріскенін байқауға болады. Адамның жансарайы сазды әуенмен, әсем әнмен, мінсіз би қимылымен жадырап, рухани шабыт алатыны баршамызға белгілі. Концертте көпшіліктің көзайымына айналған шығармашылық құрам өз өнерлерін ортаға …

Жаңа маусым — жаңа леп Read More »

Жазушылар одағының жаңа жобасы жас қаламгерлерді қанаттандыра түсті

Әдебиет пен мәдениеттің қайнаған ортасы саналатын ару шаһар Алматыда орналасқан Қазақстан Жазушылар одағы соңғы жылдары жас қаламгерлерді қолдауға қатысты ірі-ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – “Жазушылардың әдеби шеберлік мектебі” жобасы. 17 облыс пен 3 қаладан арнайы қатысқан жас қаламгерлерге халықаралық беделді әдеби сыйлық иегерлері, Қазақстанның халық жазушылары, танымал ақындар, әдебиеттанушы ғалымдар дәріс оқыды. …

Жазушылар одағының жаңа жобасы жас қаламгерлерді қанаттандыра түсті Read More »

Балалар әдебиетінің сардары

Биыл қайталанбас талант, қалам қуатымен қазақтың балалар әдебиетіне тыңнан түрен салып, сан бояулы көркемсөзбен сәндендірген классик жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілмек. Бердібек Ыдырысұлы Соқ­пақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы об­лысы, Нарынқол ау­даны, Қос­төбе ауылында дү­ниеге келген. Орта мектепті де сол ауылда бітірді. Бала Бер­дібек 8 жасын­да анасынан айырылып, жетім­діктің зарда­бын …

Балалар әдебиетінің сардары Read More »

ХАЛҚЫН СҮЙГЕН – САЛТЫН СҮЙЕР

Ұлттың басты сипаты оның салт-дәстүрінен бастау алады. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан игі дәстүріміз – ұлтымыздың айнасы. Дәстүрімізге жай ғана қызығушылық танытпай, оның терең мағынасына мән берген жөн. Бұл орайда “Қазақ аналары – дәстүрге жол” республикалық қоғамдық бірлестігі салт-дәстүрді ұлықтап, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосуда. “Қазақ аналары – дәстүрге жол” қоғамдық бірлестігі қазақ аналарына отбасы, …

ХАЛҚЫН СҮЙГЕН – САЛТЫН СҮЙЕР Read More »

ӘР ҮЙДІҢ ТӨРІНДЕ ТҰРУЫ КЕРЕК

Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы, Алаш арыста­ры­ның арман-мұратының көрінісі, ұлтының үні болған “Қазақ” га­зеті шыға бастаған тұста ұлт ұс­тазы Ахмет Байтұрсынұлы: “Дү­ниенің төріне ұмтылғандар төр­ден орын алып жатыр. Ұмтыл­мағандар есікте қалып жатыр… Қалмайық десек, қарап жатпа­лық… Көп ісіне көп болып жабы­лайық… Қолымнан не келеді деп қорынбайық. Ұлтына қыз­мет етуге ниет болса, жұмыс та­былады. Көп жұмыстың ауыры …

ӘР ҮЙДІҢ ТӨРІНДЕ ТҰРУЫ КЕРЕК Read More »

Жанды баураған кеш

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда белгілі өнерпаздар, мәдениет саласының үздіктері Динара және Асхат Таушевтардың классикалық ән кеші өтті. Шарада өнерпаздар Австрия композиторы, музыкадағы романтизм бағытының негізін қалаған Ф. Шуберттің туындыларын орында­ды. Сондай-ақ Ж.Бизенің “Перт­ сұлуы” операсынан Смит серена­дасы, Д.Пуччинидің “Джан­ни Скики” операсынан, И.Каль­ман­нің “Сильва” опереттасынан Сильва­ның ариялары шырқалды. Әнші­лерді рояльда сүйемелдеген Ан­дрей Слезконың өнерін жоғары …

Жанды баураған кеш Read More »

Марал баба мұрасы

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі мен “Qyzylorda” те­леарнасы бірлесе қолға алған “Құн­ды жәдігер” жобасы музей қорын та­рихи мұралармен толықтыра түскен бастама болып отыр. Жуырда осы жоба аясында қазақ даласындағы орны бөлек діни қайраткер Марал ишан Құрманұлының асасының кө­шірмесі мен тақымы тиген ер музей қорына тапсырылды. Түркістан қаласында өткен Ұлт­тық құрылтайда Мемлекет басшы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев ХVІІІ-ХІХ ғасырларда …

Марал баба мұрасы Read More »