«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

ҚАЛАМГЕР ҺӘМ ҚАЙРАТКЕР

Жазушы, журналист, қоғам қайраткері Жарасбай Сүлейменовтің 75 жасқа толған мерейтойына арналған шаралар легі жалғасуда. Мерейтой қарсаңында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде “Азамат. Қайраткер. Қаламгер” атты “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Шараға мерейтой иесінің замандастары, ізбасар шәкірттері, университет оқытушылары, студенттер мен оқушылар қатысты. Оқу орнының инновациялар және интернационалдандыру мәселелері жөніндегі басқарма мүшесі Айгүл Нұрпейісова жазушыға игі тілегін …

ҚАЛАМГЕР ҺӘМ ҚАЙРАТКЕР Read More »

Ақпарат жүгін арқалаған

Қиындығы мен қызығы мол журналистиканың есігін екінің бірі еркін ашып кіре алмайды. Ал табалдырығын бір аттаған екенсіз, онда бар болмысыңызбен осы салаға бет бұрып, ақпарат ісі жай ғана кәсіп емес, өмір салтыңызға айналып кетеді. Біздің кейіпкеріміз де жас шағында осы саланың тізгінін ұстап, күні бүгінге дейін медианың маңайында қызмет етіп келе жатқан жан. Жыл өткен …

Ақпарат жүгін арқалаған Read More »

Ұстаздарыммен мақтанамын

Бұл оқиға осыдан 70 жыл бұрын болған. Маған 1954 жылдың маусымында Смирнов орта мектебін үздік аяқтағаным туралы кәмелеттік аттестат пен күміс медаль табысталды. Оқу жылын мектептің бір қазақ және бес орыс сыныбы ( 140 тан астам бала арасында 10 шақты қазақ баласы да болды) бітірді. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғалы бірінші рет орта білімді түлектерді …

Ұстаздарыммен мақтанамын Read More »

Өлеңнен тапқан бақытын

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада теріскей өңірде айтыстың дамуына сүбелі үлес қосқан ақын Уахит Темірбековтің туғанына 120 жыл толуына орай “Өмірді өлеңімен өрнектеген ақын” атты еске алу шарасы өтті. Игі іс-шараға ақынның көзін көргендер мен кітапхана оқырмандары қатысты. Уахит Әбжанұлы 1904 жылы Петропавл округіне қарасты №12 Қуандық ауылында туған, бұл жерді жергілікті жұртшылық “Бөрілі” …

Өлеңнен тапқан бақытын Read More »

“Сөздерінде жалын бар”

Қызылжардағы екі күнге созылған “Мағжан оқулары” республикалық байқауы Алаш арысының туған күнінде өз мә­ре­сіне жетті. Жер-жерден келген жүйріктер бойдағы бар өнерін ортаға салып, ақын шығармашылығын қан­ша­лықты терең ұғынғанын көр­сетіп бақты. Мағжанның сені­мін арқалаған жастар оның өлеңдерін оқып, зерттеу жұмыс­тарын қорғап, өз өлеңдерін паш етті. Әсіресе ақынның жүздеген өлеңін жаттап, жан-жүрегімен беріле оқыған өрендерге қазы­лар алқасы …

“Сөздерінде жалын бар” Read More »

Қаламды қару еткен

Бүгіндері ғасырдан астам тарихы бар өңіріміздегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы саналатын “Soltústik Qazaqstan” газетіне өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бері Алаш арыстары Мағжан Жұмабаев, Әбілқайыр Досов, Мұқан Әйтпенов, Смағұл Сәдуақасов бастаған отыздан астам адам редакторлық жасады. Солардың арасында биыл туғанына 95 жыл болатын Уәп Рақымжановтың да өз орны бар. Аталған мерейтойға орай Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар …

Қаламды қару еткен Read More »

МАҒЖАНТАНУДЫҢ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ

Ақын мұрасын ақтарып, төңкеріп отырған күнде Мағжан ақындығының қалай қалыптасқанына көз жүгіртіп, ой топшылауға болады. Ол – ақын болып туған еді, ақын болып өлді. Мағжанның бақыты ма, соры ма, әрбір өлеңі оқырман назарынан тыс қалмағаны байқалады. Оқырман дегенде мен оның өлеңдерінен сән іздеген, ән іздеген, рухани нәр алған, осындай отандасы бар екеніне қуанған ақ жүрек …

МАҒЖАНТАНУДЫҢ ШЕШІЛМЕГЕН МӘСЕЛЕЛЕРІ Read More »

АУЫЛДАҒЫ МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тимирязев ауданында болып, ауыл шаруашылығы, өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады. 500-ден астам адам тұратын Дмитриевка ауылында бой көтерген жаңа мәдени-сауықтыру орталығының ашылу салтанатына қатысты. Нысан “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы бойынша 79 млн. 540 мың теңгеге салынған. Мұнда конференция, тренажер залдары, мұражай, кітапхана, шахмат, дойбы үйірмелері жұмыс істейді. Мұндай нысандар Ақсуат …

АУЫЛДАҒЫ МӘДЕНИ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ Read More »

Қызылжардың мәдени орталығы

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада руханият ордасының 90 жылдығына орай мерейтойлық шара өтті. Шараға елордалық меймандар мен өңір кітапханашылары қатысты. Олар ХХІ ғасырдағы кітапханалардың жұмыс бағыттарын талқылап, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру туралы сөз қозғады. Кітапхананы тоқсан жылды­ғы­мен құттықтаған Қазақстан мәдениетін ғылыми-зерттеу ор­талығының директоры Үмітхан Мұңалбаева бүгінде дамыған әлем елдерінің бәрі кітапқа бет бұрғанын, еліміздің …

Қызылжардың мәдени орталығы Read More »

ҚҰПИЯСЫ КӨП “ҚЫЗЫЛ ОБА”

Уәлиханов ауданында орналасқан “Қызыл оба” қорымы ата-бабаларымыздың бұған дейін ғылымға беймәлім, ірі мәдени-саяси және сакралды орталығы болуы мүмкін. 2019 жылы ашылған ескерткішті ғалымдар XIV ғасырдың екінші жартысына тиесілі деп бағамдап, табылған мазарларда Жошы ханның ұрпағы жерленген болуы мүмкін деген пікір айтып отыр. Шыны керек, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында орта ғасырға тән ескерткіштер жоқ деген …

ҚҰПИЯСЫ КӨП “ҚЫЗЫЛ ОБА” Read More »

Тың тәжірибе, жаңа жәдігерлер

Қызылжар ауданы Долматово елді мекенінің маңында орналасқан Ақ Ирий қалашығында жұмыс істеген археологтар бұған дейін беймәлім болған бірегей құрылымдарды тапты. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғары оқу орнының археологиялық экспедициясы Долматово ауылы маңында қазба жұмысын жүргізген. 1968 жылы белгілі археолог Анатолий Плешаков ашқан Ақ Ирий қалашығындағы далалық лагерьде 50-ге жуық студент ғылыми …

Тың тәжірибе, жаңа жәдігерлер Read More »

ӘР СУРЕТТЕ — БІР ТАРИХ

Бейнелеу өнері музейінде “Кенептен түскендер” көрмесі ашылды. Онда белгілі қазақстандық суретшілердің өткен ғасырдың 60-80 жылдары салған суреттері қойылған. Белгілі суретшілер Иван Стад­ничук, Мухит Калимов, Ни­колай Наседкин, Баки Урманче, Ольга Кужеленка, Леонид Леон­тьевтардың туындылары өткен ғасырдағы ел өмірінен сыр шер­теді. Онда сол кезең­дегі халық тұр­мысы, оқиғалар мен адам­дар бейнеленген. Осылайша ұйымдасты­рушы­лар өнердің уа­қыт шектеуіне де бағынбайтын …

ӘР СУРЕТТЕ — БІР ТАРИХ Read More »

Ғибратты ғұмыр

Қазіргі замандастарымыздың көпшілігі мектеп қабырғасында жүргенде газет-журналдардың оқырманы болды десек артық айтқандық бола қоймас. Ол кездері қазіргідей әркімнің қолында ұялы телефон түгіл телевизордың өзі ауылда саусақпен санарлықтай еді. Ауылымыздағы хат тасушы Сапура апайдың екі үлкен сөмкесі болатын. Сол сөмкелеріне газет-журналдарды толтырып алып, мектепке таңертең және түстен кейін келіп, әр отбасының жаздырып алатын басылымдарын балаларына тарататын. …

Ғибратты ғұмыр Read More »

ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Бүгінде өскелең ұрпақ­ты сөй­леу мәдениетіне, сауатты жазуға тәр­бие­леу жайының түйткілді мәселеге айналып бара жатқаны қынжылтады. Бәрін кінәлаудан аулақ­пыз, дегенмен, жастар­дың көбі теледидар мен әлеуметтік желілердің ықпалында шырма­ты­лып қалғаны талассыз шын­дық. “Жаман әдет тез жұққыш келеді” демекші, соның салда­рынан тілдік нормаға, қарапа­йым сөйлеу ережесіне үш қайна­са сорпасы қосылмайтын “ботқа тілдің” орныққаны соншалық, қалыпты үрдіс ретінде қа­был­дайтын …

ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ Read More »

БАЯНАУЫЛ ТУРАЛЫ БАЯН

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің 100 жылдығын мерекелеу аясында бірқатар музейаралық жобалар іске асырылуда. Мәдениет ошағына Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің мамандары арнайы келіп, көпшілікке “Тау тұлғаларға тұғыр болған қасиетті Павлодар өңірі” көрмесін ұсынды. Іс-шараның шымылдығын Ақан сері атындағы облыстық филармонияның “Әдемі-ау” қазақ би ансамблі ашты. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Жанар Таласпаева көрменің жастарға …

БАЯНАУЫЛ ТУРАЛЫ БАЯН Read More »

Құрбан айт – ұлық мереке

Қасиетті рамазан айы да өтіп, Құрбан айт мерекесі де көкжиектен күлімдеп, құшағын айқара жайып төрімізге енгелі тұр. Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Биылғы жылы 16 маусым Құрбан айттың бірінші күні болып белгіленді. Айт күндері Алла Тағалаға арнап құрбандық шалынады, мал сойылады. Бұл …

Құрбан айт – ұлық мереке Read More »

Жырға толы жас жүрек

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жанынан құрылған “Шұғыла” жас ақындар ұйымының қорытынды кеші өтті. Шараға өнерлі студенттер мен оқу орнының оқытушылары қатысты. Бойында ақындық дарыны бар жастар өлең оқып, өз шығармашылықтарын паш етті. “Жүрегім толы жыр-нұрға” атты кеште қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Ақәділ Талапбеков, Элвира Жаңбырбай, Ұлдана Бахтиерова, …

Жырға толы жас жүрек Read More »

Қазақ қыстаулары

Бала күнімде қазақ қыстауларының пайда болу тарихы ғасырлар тереңінде жатқандығын, онда өмір сүрудің мол тәжірибесі көне дәуірлерден ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жалғасып келе жатқан дәстүр деп ұғыну керектігін талай мәрте естігенмін. Ата-бабаларымыз қыстау болатын жерді мұқият таңдаған. Тұрақжай салуға қажетті табиғи құрылыс материалдарының мол, төрт-түлікті қарлы бораннан қорғайтын тоғайлы, орманды алқап болуына мән берген. Қыстаудағы үйлерге әртүрлі …

Қазақ қыстаулары Read More »

БІТПЕС БАҚҚА ТЕҢ БІР КЕЗДЕСУ

1983 жылғы қыркүйек айы­ның аяқ кезі. Күздің күні деу­ге кел­мейтін, бір жаймашуақ, көкжиек­ке көк желегін соз­ған, жайлы да, жайдарлы күн. Көлігім – қылығы­ма көне­тін көк велосипед. Иман-Бұрлық өзенінің бойымен жүріп, дәл Есілге кеп құятын сағасын тамашалап, көгілдір ай­дын­ның көркін кіргізіп тұрған ошақ-ошақ аралдарға сүй­сініп, төмендеу жер­де жотасы бөлек Қорғантас­қа қарап, та­биғаттың тылсым сұ­лулығына аң-таң болып, …

БІТПЕС БАҚҚА ТЕҢ БІР КЕЗДЕСУ Read More »

Біржан ЕСЖАН: “Әншілікті өнер ғана емес, ғылым деп қабылдау керек”

– Сал-сері дегенде ойымызға, ең алдымен, ерекше үлгіде киінген, бөркіне үкі тағып, домбырасы күмбірлеген дауылпаз ақындар келетіні сөзсіз. Көз алдымызда асқақтата ән шырқаған Біржан салдың, көктегі аққуға үнін қосқан Ақан серінің бейнесі тұра қалғандай болады. Соңғы жылдары бұл сөзді орынды-орынсыз жерде қолданатын жандар көбейді. Салдың, серінің кім екенін ажырата алмайтын өнер адамдары да бар. Мұның …

Біржан ЕСЖАН: “Әншілікті өнер ғана емес, ғылым деп қабылдау керек” Read More »