«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

Киелі құты

Ақжар аудандық та­рихи-өлкетану мұражайын­да Алаштың арда туған азаматы Смағұл Сә­дуақасұлының өртелген мәйіті­нің күлі жатқан құ­тының көшір­ме­сі бар. Му­зей қызметкері Айнар Ма­қышеваның айтуынша, құнды жәдігерді мәдениет ордасына ұлт қайратке­рінің туысы Қапар Айту­ғанов 2011 жылы табыс­та­ған. ХХ ғасырдың басында Алаш­орда сапында тәуелсіздік үшін күрескен тұлғаның небәрі 33 жыл ғұмыр кешкені белгілі. Қа­зақтың ардақты перзенті өмірінің соңында Мәскеу-Донбасс …

Киелі құты Read More »

“ӘН САЛЫП МҰХИТ БАБАМ ӨТІПТІ-АУ ДЕП…”

Алаштан ән оздырған ерекше дарын иелерінің бірі – Мұхит Мералыұлы. Әнші шынында да қазақ өнерінің шеті, шегі жоқ терең де телегей мұхиты еді. Батыс өңірінде туып, бар қазақты үніне ұйытқан талант иесінің әндерінде кең тыныс байқалады. Бүгінде оның туындылары ел арасында кеңінен тараған. Мұхит – жасынан ағайын-туысқа еркелеп, баршылық тұр­мыс кешіп, өнерге ерте келген жан. …

“ӘН САЛЫП МҰХИТ БАБАМ ӨТІПТІ-АУ ДЕП…” Read More »

Кестелі сөздің шебері

Қазақ әдебиетінің 1960-1970, 1980-1990 жылдарындағы повесть пен әңгіме жанрларын қалыптастыруда және қазақ балалар әдебиетінің дамуына өзіндік үлес қосып, із қалдырған Зейнел-Ғаби Иманбаевтың туғанына биыл 100 жыл толды. Ол қоғамдық ой-пікір, әдеби, мәдени тарихымызда ерекше орын алатын жарқын тұлғалардың бірі. Сондықтан, қаламгердің рухани бай және сан салалы мұрасын жас ұрпаққа таныту – біздің міндетіміз. Жазушының қаламынан …

Кестелі сөздің шебері Read More »

АБЫЛАЙДЫҢ АҚ ТУЫ

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде өткен іс-шараны ашқан музей директоры Аян Садаев Абылайдың ақ туының жәдігерлер қатарынан орын алуы мәдениет ордасына келушілерді елжандылыққа, отансүйгіштікке баулитынын жеткізді. Қалалық ардагер­лер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжин, Ұлттық ұлан академиясының профессоры Жанбатыр Сартаев, жазушы, журналист Жақсыбай Самрат бұл айтулы шараны тарихи сәт деп бағалады. – Абылайдың туы жайында деректер тарихшылар арасын­да …

АБЫЛАЙДЫҢ АҚ ТУЫ Read More »

Қарашаңырақта қадір қалмады

Үш жүз жыл бодандықта бо­лып, жетпіс жыл құдайсыз өмір кешсек те қарашаңырақты қадір тұтқан ұлт едік. Қазір айдың-күннің аманында қағынан жері­ген құландайын ұл үйінен, қыз тө­сегінен безіп, тіл ділінен, дін құ­дайынан жиіркеніп, әке үйден қа­шып, ана баласын далаға лақ­тырды. Қарашаңырақты қастер­лі, қасиетті үй санамағандықтан қазір елдің сиқы қашты. Алдымен шаңыраққа сәлем бе­ріп кірмеген мейманын үйіне …

Қарашаңырақта қадір қалмады Read More »

Алаш жолы — азаттық жолы

Өткен ғасырдың басындағы күштеп ұжымдастыру, асы­ра­сілтеушілік, саяси қуғын сүргін қазақ тарихының қасіретке толы қанды беттеріне жазылды. Осы жылдары қаншама арыстар жазықсыз құрбан бо­лып, ұлтымыз өзінің бас көте­рер азаматтарынан айырылып қалды. Кеңестік жүйенің қызыл оғы ұлт зиялыларын нысанаға алып, қазақ даласында бұрын соңды болмаған қасіретті ке­зең басталды. Тәуелсіздік ал­ға­лы бері тарихтағы ақтаңдақ­тарды ашып, есімі ұзақ жыл­дар …

Алаш жолы — азаттық жолы Read More »

Ұмытылмас қасірет

Петропавлда саяси қуғын-сүргін және ашаршы­лық құрбандарына арналған мемориалдың ашылға­нына биыл 20 жыл толып отыр. Жазықсыз жапа шеккен 8 мыңға жуық адамның есімі жазылған ес­керт­кіш кешені кезінде “халық жауы” атанған Мағаз Сағындықовтың ұлы – өңірдің құрметті азаматы, бүгінде жасы 90-ға жақындаған Болат Мағаз­ұлының қажырлы еңбегінің арқасында бой көтерді. Болат Сағындықов әкесі Ма­ғаз­дан бір жасында айырылған. Колхозды …

Ұмытылмас қасірет Read More »

СҰРҚИЯ САЯСАТТЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ

Халқымызға қарсы жасалған қасіреттің таңбаланып, күнтізбеге енгізілгеніне биыл 26 жыл толады. Бірақ қуғын-сүргіннің қасіреті, аштық жылдардың ақиқаты, қазақты ұлт ретінде жою саясатының сұрқия жоспары толық ашылды деп айтуға әлі ерте. Түбіне тереңдей берсең, талай тағдыр мен тың деректердің шығары анық. Бас көтергенін баудай түсірген сол кездегі биліктің айқын бет-бейнесін бүгінгі ұрпақ танып-білуі тиіс. “Ұлттың қасіретін …

СҰРҚИЯ САЯСАТТЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ Read More »

Арманда өткен асыл тұлға

ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында кеңестік империя “халық жауы” деген жаламен қазақ халқының мыңдаған асыл азаматын жазықсыз жазалады. Басқасын айтпағанда, бір ғана Қызылжар өңірі бойынша он мыңнан астам адам түрмеге қамалып, ату жазасына кесілген, жер аударылған. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың бірі – Хамза Ыбырайұлы. Ол 1899 жылы Шал ақын ауданындағы Балуан ауылының Қаратоқа қыстауында өмірге келген. Алғашқыда ауыл …

Арманда өткен асыл тұлға Read More »

САХНА СЫРТЫНДАҒЫ СЫРЛЫ ӘЛЕМ

Күйбең тірлік шаршатқанда, театрға ат басын бұрып, рухани демалуды әрбір адам қалайды. Көрерменнің көп жағдайда сахнада көркем туындының желісі бойынша әзірленген қойылымнан өзін көретіні жалған емес. Театрдың миссиясы да осы. Кейіпкердің мінез-құлқы, ғұмыры арқылы адамды, қоғамды тәрбиелеу. Бірақ сахнадағы көрініс әдеттегі өмірден өзгешелеу, әдемі. Әртүрлі жарықтар мен қойылымдық техника арқылы спектакльдің бейнелі де көркем образын …

САХНА СЫРТЫНДАҒЫ СЫРЛЫ ӘЛЕМ Read More »

Тектіден текті туады

Адам өмірінің ең бір кемеліне келіп, толысып, жүрекке даналық пен дегдарлық ұялаған шағы ақ­сақалдық қой. Кейде бізге жа­ңылғанда жөн сілтеп, өмірімен үл­гі-өнеге көрсетіп жүрген ақсақал­дар жетпейтін сияқты көрінеді. Бар ғұмырын халқына арнап, өмі­рінің соңғы сәтіне дейін қоғамдық істен, қалам жұмысынан ажыра­маған адам – ардақты әкем Балғожа Кенжеғозин еді. Балғожа Кенжеғозин 1902 жылы Жамбыл ауданы, Есперлі …

Тектіден текті туады Read More »

Ұлтжанды тұлға еді

Елордадағы Ұлттық акаде­миялық кітапханада рәмізтану­шы, ақын, Қазақстанның еңбек сі­ңірген қайраткері Ербол Шаймер­денұлының туғанына 70 жыл то­луына орай ­ғылыми-танымдық конференция өтті. “Ғасырлар қол­таңбасы немесе рәміздік таным­ның баспалдақтары” тақырыбын­дағы іс-шара аясында “Мәңгілік мұра: Елтаным..” атты кітап көр­месі ұйымдастырылды. Конференцияға қатысқан қа­зақ әдебиетінің танымал тұлға­лары, Парламент депутаттары, мәдениет және қоғам қайраткер­лері, белгілі ғалымдар қазақ елі­нің тұңғыш рәмізтанушысы және …

Ұлтжанды тұлға еді Read More »

Ардақты азамат

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері Ербол Шаймерденовтің туғанына 70 жыл толуына орай “Еліміздің ардақты перзенті” атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Тағылымы мол іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері мен Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейдің оқушылары қатысты. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ербол Шаймерденұлы – әдебиет әлемінде өз қолтаңбасын …

Ардақты азамат Read More »

Қазақтың рухы

Бұл суретпен қалың қазақ әлі таныса қойған жоқ. Себебі Алаш арысы Әлихан Бөкейханның жарқын бейнесін сақтаған жәді­гер жақында ғана табылды. Фото Ре­сейдің Омбы мемлекет­тік тарихи өлкетану мұражайы­ның Орыс императорлық геогра­фиялық қо­ғамы Батыс Сібір бө­лімі қорында сақталып келген. Сурет табыл­ған папкада фотоға “Алиханъ Букейхановъ. Павло­даръ, 1908” де­ген анықтама берілген. Құнды жә­дігерді тауып, көшірмесін “azattyq.org” сайтына жарияла­ған …

Қазақтың рухы Read More »

“АШ КӨЗІҢДІ, ОЯНЫП!”

Қазақ әдебиеті мен ғылымы­на, педагогикасы мен баспасө­зіне өлшеусіз үлес қосып, негізін қалаған Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірінен сыр шертер көркем фильм көрер­мен­ге жол тартты. “Соңғы үкім” туындысы ұлт ұстазысының өмір кезеңдерінен, қайраткерлік жолынан, ұлты үшін еткен ерен еңбегінен хабар береді. Өткен ғасырдың басында Орынборда жарық көрген “Ма­са” жинағында ақын: Қазағым, елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр …

“АШ КӨЗІҢДІ, ОЯНЫП!” Read More »

ХАЛҚЫНА ҚАЛҚАН БОЛҒАН ҚАҺАРМАН

Бүгін 25 мамыр – азат елдің арыстан жүректі батыр ұлдарының бірі – Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтің туған күні. Генерал Сағадат Нұрмағамбетовтің дүниеге келгеніне 100 жас толып отыр. Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов – ел әскерінің мақтанышы әрі армияның іргетасын қалаушы. …

ХАЛҚЫНА ҚАЛҚАН БОЛҒАН ҚАҺАРМАН Read More »

МЕНІҢ ҚОС БӘЙТЕРЕГІМ

25-ші мамыр күні соңғы қо­ңыраудың сыңғырлаған үнімен өтетін салтанатты жиында әке­міз тағы бір жылға есейген шә­кірттерін құттықтап, арманы биік түлектеріне ақ жол тілеп жат­са, аяулы шәкірттері мен ұс­таздар қауымы әкеміздің туған күніне арнап ақжарма тілектерін жеткізіп жатушы еді. Бұл күні біз ата-анамыздың бауырында өткізген бақытты ба­лалық шағымыз бен жалында­ған жастық кезімізді сағына еске аламыз. Екеуі …

МЕНІҢ ҚОС БӘЙТЕРЕГІМ Read More »

Жақсының шарапаты

Жақсы адамның аты ешқашан өшпейді және назардан тыс қалмайды. Қарапайым қазақ отбасында туып-өскен, кеңес өкіметі кезеңінде де асыл дініміз исламды насихат­тап, ауыл-аймаққа бірліксүйгіштігімен танылған Мұхамеджан Мең­діханұлының есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс. Мен молданың отбасында төрт жыл тұрдым. Сол үйдің мү­ше­сі ретінде өз баласындай қам­қорлығында болдым. Ол кездегі Преснов, Октябрь, Мамлют ау­дандарынан Қызылжар қаласы­на келген жолаушылардың …

Жақсының шарапаты Read More »

МӘДЕНИЕТ — ҚОҒАМ АЙНАСЫ

Байлық дегенді жер астындағы кеніміз, қордағы қаржымыз деп ұғатын рационалды сана иелері ең басты байлықтың мәдени мұрамыз, руханиятымыз екенін бағамдай бермейді. Мемлекеттің де бар қуаты оның мәдени әлеуетінен көрінеді. Адамзат тарихындағы алпауыт империялар сан мыңдаған әскерімен емес, гүлденген өркениетімен есте қалды. Кей жағдайда мәдениеттің әсері қарудың күшінен де қуатты. Еліміздің бір бөлігіндей ғана жердегі Ежелгі …

МӘДЕНИЕТ — ҚОҒАМ АЙНАСЫ Read More »

КҮМБІРЛЕГЕН КҮЙ КЕШІ

Халқымыздың куанышы мен күйініші, қайғысы мен қасіреті, аңсаған арманы қос ішекті аспаптың шанағынан күй болып төгілген. Біз үшін домбыраның орны ерекше. Бүгінде қазақтың тарихымен тамырлас қасиетті аспапқа өскелең ұрпақтың қызығушылығы зор. Қазақ елінің тарихы мен шежіресінен сыр шертер ғибратты термелер мен күйлерді орындап, көпшіліктің ілтипатына бөленіп жүрген “Күдер” ансамблінің өнерпаздарын мақтан етуге болады. Сәбит Мұқанов …

КҮМБІРЛЕГЕН КҮЙ КЕШІ Read More »