МАХАББАТ – МӘҢГІЛІК ТАҚЫРЫП
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының сахнасында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр өнері факультетінің студенттері Уильям Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” пьесасын қойды. Әлемдегі ең танымал трагедияны сахналауға бел буған студенттердің өнері көрерменнің көңілінен шыққан сыңайлы. Қойылымның режиссері – 5 курс студенті Арухан Заханова. Сахна шымылдығы түрілген сәттен баурап алар әдемі махаббат хикаясының …