«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

“Сөздерінде жалын бар…”

Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың мерейтойына орай оқушылар айтысы өтті. Жас дарындардың жыр бәйгесіне өңірдің үш ауданы мен облыс орталығының білім ордаларынан 12 оқушы қатысты. Жыр додасын Ерік Асқаров атындағы облыстық ақындар мектебі ұйымдастырды. Сөз сайысын жүргізген айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы облыстық филиалының же­тек­шісі Жарқын Жұпархан соңғы жылдары өңірде жас …

“Сөздерінде жалын бар…” Read More »

Көшпенділер өркениеті

Мәдениет және спорт министрлігінің, аудан әкімдігінің, “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және “Ботай” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қолдауымен Никольское ауылы жанында белгілі тарихшы, ғалым, археолог Виктор Зайбертті еске алуға арналған “Ботай пырағы – 2023” ашық фестивалі ұйымдастырылды. Иман-Бұрлық өзенінің оң жаға­лауында орналасқан Ботай энео­литтік қонысына 1980 жылдан бері қазба жұмыстары жүргізіліп, осы аралықта көптеген құнды …

Көшпенділер өркениеті Read More »

Жолаушылар екенбіз ғой мәңгілік

Ақын, журналист Болат Қожахметовтің есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс. Осыған дейін өлеңсүйер қауымға “Аспандағы арғымақтар”, “Жыр борайды” сияқты бірнеше жыр жинағын ұсынып үлгерген қаламгердің жуырда тағы бір туындысы жарық көрді. Қаламгердің қаламынан туған өлеңдердің дені өмір, туған жер, Отан, адам бойындағы түрлі мінездер, адамгершілік тақырыптарын қаузайтыны белгілі. Ақын жаңа жинағына адамзат баласы өзі ойлап тауып, …

Жолаушылар екенбіз ғой мәңгілік Read More »

Батаның төресі — “Бақытты бол!”

Дана халқымызда “батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер” деген аталы сөз бар. Әрине, істеген ісіңе, жағымды қылығыңа орай аузы дуалы үлкендердің батасын алған бір ғанибет екендігі даусыз. Алайда сол батаны бере білетін адамның аздығы жанды ауыртады. Мен түрлі мәдени шараларға жиі барамын. Ағайын-туыстың той-томалақтарынан қалмауға тырыса­мын. Қуаныш иелері “жасыңыз сек­сеннен асқан ақсақалсыз ғой, ақ ті­легіңізді …

Батаның төресі — “Бақытты бол!” Read More »

ӨМІРДЕ ӨНЕГЕЛІ ІЗІ ҚАЛҒАН

Қасиетті Қызылжардың құнарлы топырағынан небір дүлдүл дарын­дар, дара дарабоздар, ақиық ақын­дар, баһадүр батырлар түлеп ұшқан ғой. Солардың қатарында халық ақыны Ахметжан Нұртазиннің есімі ерекше ілтипатпен аталады. Ол – елдің шетінде, жел­дің өтінде орналасқан “Сол­түстіктің қақпасы” саналатын өңірі­міздің да­муына өлшеусіз үлес қосқан асыл аза­маттардың бірегейі. Ахаңның ғұмырдариясына терең бойлап көрейікші, ол 1908 жылдың 15 маусымында Шал …

ӨМІРДЕ ӨНЕГЕЛІ ІЗІ ҚАЛҒАН Read More »

ТҮНГІ ТАНЫМ

Халықаралық музей күніне орай өңірдегі бірқатар мәдени нысандар­да танымдық шаралар өтіп, қала тұрғындары көптеп жиналды. Об­лыстық тарихи-өлкетану музейінде “Ғасырдан ғасырға” атты кеш ұйымдастырылды. Акция аясында музей ғи­маратында көне тас дәуірінен бастап, қола, ерте темір дәуіріне дейінгі уақытты қамтитын бірнеше та­қырыптағы экскурсиялар өтті. Өңірдің өткен ғасырдағы, Тәуелсіздік жыл­дарын­дағы тарихын қамтитын көрмелер де ұйымдастырылды. Осы күні “Өткеннің …

ТҮНГІ ТАНЫМ Read More »

САХНА ТӨРІНДЕ – “ТУҒАН ЖЕР”

Өңірде өтетін шараларды бимен әрлеп, мың бұралған қимыл­дарымен көрерменді тәнті етіп жүрген өнер ұжымдарының бірі – “Туған жер” ансамблі. “Туған жердің” сахна сәніне айналып жүргеніне биыл 13 жыл толып отыр. Осы уақытта ансамбльдің шық­қан биіктері аз емес. Жақында ғана олар Шара Жиенқұлова атындағы республикалық байқауға қатысып, бірінші орынды иеленді. Ұжымның Ақан сері атындағы облыстық филармония …

САХНА ТӨРІНДЕ – “ТУҒАН ЖЕР” Read More »

“ҒАБЕҢНІҢ АҚ БАТАСЫ ЖОЛЫМДЫ АШТЫ”

Халқымыздың осы уақытқа дейін сайын дала төсінде салтанат құрып, ұлттық бірегейлігін жоғалтпауына себеп болған бір құдірет болса, ол – біздің бай мәдениетіміз. Өнері өрістемей, мә­дениеті мандымаған елдің өзгелердің аранына жұтылып кетуі әп-сәтте. Сан ұрпақтың санасына сәуле құйып, көкірек көзін оятқан бағзы бабаларымыздан жеткен мұраны санап тауысу мүмкін емес. Сол іргелі мәдениетіміздің ішінде ән өнерінің алар …

“ҒАБЕҢНІҢ АҚ БАТАСЫ ЖОЛЫМДЫ АШТЫ” Read More »

Алаштың жарық жұлдызы

Биыл қазақтың біртуар ұлы Мағжан Жұмабаевтың туғанына – 130 жыл. Есіл ауданында “Қазақтың даңқты перзенті” деген атаумен облыстық конференция өтті. Шараға Есіл ауданының әкімі Медет Оспанов, облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кемел Оспанов, Мағжан Жұмабаев мұражайының директоры Айгүл Жүніспаева қатысты. Конференция алдында Мағжанның туған өлкесінде түсірілген фильмнен үзінді көрсетілді. Қатысушылар сөз алып, Мағжанның ұлтына …

Алаштың жарық жұлдызы Read More »

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАНА ҚЫЗЫ

“Абылай хан резиденциясы” мұражай кешенінде Айғаным Сарғалдаққызының 240 жылдығына арналған жылжымалы көрме ашылды. “Айғаным – сары дала қызы” деген атаумен өткен көрменің мақсаты – өңір тұрғындары мен қонақтарын Ш.Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи­этнографиялық музейінің экспонаттарымен таныстыру. Көрменің ашылуына “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешені­нің директоры Аян Садаев, Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет та­рихи-этнографиялық музейінің ди­рек­торы, Уәлихан Құлбаев, облыс­тық …

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ДАНА ҚЫЗЫ Read More »

Мағжанның картинасы

Облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі құнды жәдігерлердің бірі – қазақстандық суретші, кескіндемеші, көп­теген монументалды өнер туындыларының авторы Анатолий Бургаев салған Мағжан Жұмабаевтың картина­сы. Автор аталмыш туындыны ақынның туғанына жүз жыл толуына орай салып, 1993 жылы музей қорына өт­кізген. Картинаға қарағанда италия­лық суретші Леонардо до Винчи­дің: “Сурет – көзбен көретін поэ­зия, поэзия – құлақпен еститін су­рет!” – деген …

Мағжанның картинасы Read More »

АТ ҮСТІНДЕ ӨТКЕН ҒҰМЫР

Абылай ханның бозбала күнінде жарқ етіп, қазаққа ерлігімен танылған, жекпе-жекке шығып, қалмақтың Шарыш батырын өлтіріп, хан тағына отырғаннан кейінгі ғұмыры шайқастарға, азаттық жолындағы күреске толы болғандығы аян. Осындай аласапыран кезеңдерде қазақтың баһадүр батырлары, от ауызды, орақ тілді шешендері Абылайдың арқасүйерлеріне, көмекшілеріне айналды. Сондай ержүрек тұлғалардың бірі – Жанатай Ақанұлы. Шыны керек, былайғы жұрт Жа­на­тай батырдың …

АТ ҮСТІНДЕ ӨТКЕН ҒҰМЫР Read More »

Күй дүлдүлі – Құрманғазы

Қазақ топырағынан әлемді аузына қаратқан көптеген атақты тұлғалар, дара дүл-дүлдер шыққан. Елді өзінің өз­геше өнерімен тәнті қылған жа­сампаз күйшілердің бірі – Құр­манғазы Сағырбайұлы. Ол қа­зақ халқының аспапты музыка өнерінің классигі. Биыл ардақты тұлғаның туғаны­на 200 жыл толады. Осыған орай Ға­бит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапха­насында “Құрманғазы және ұлы дала сазы” атты кеш өтті. …

Күй дүлдүлі – Құрманғазы Read More »

ТАҒДЫРЫ АУЫР ҚАЛАМГЕР

С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана­сын­да жерлесіміз, жазушы және публицист Әбдірахман Айсариннің 125 жылдығына арналған “Қиын тағдырлы жазушы” атты еске алу кеші өтті. Аталмыш іс-шараға Әбдірахман Айсариннің ұрпақтары, зия­лы қауым өкілдері, әл-Фараби атындағы мектеп-лицейдің, Ж.Тәше­нев атындағы №20 орта мектеп­тің оқушылары, кітапхана оқырман­дары қатысты. Әбдірахман Айсарин қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жам­был ауданында дүниеге келген. Пет­ропавл уезінде …

ТАҒДЫРЫ АУЫР ҚАЛАМГЕР Read More »

“Күлпәш” — үздік фильм

Осыдан 3 ай бұрын ақ­қайыңдар өлкесінде кезекті тарихи көркем фильм түсі­рілді. Бейімбет Майлиннің “Күлпәш” шығармасына не­гізделген туынды жа­қында халықаралық “Томирис” кинофестивалінде үздік деп танылды. Туындыны кәсіби мамандар емес, Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінің “Кино және теледидар” факультетінің студенттері түсірді. Түсірілім 10 күнге созылған. Бірақ осы тақырыпта фильм түсіру екі жыл бұрын ойластырылыпты. Фильмнің қоюшы-режиссері – Ас­танада …

“Күлпәш” — үздік фильм Read More »

КӨРЕРМЕНІН БАУРАҒАН ҚОҢЫР ДАУЫС

Даласына ән қонған киелі Қы­зыл­жарда Сегіз сері, Ақан сері, Орынбай, Үкілі Ыбырайлардан бас­тау алған ән дәстүрі бүгін де үзілмей жалғасып келеді. Төл өнеріміздің көшін алға сүйреп жүрген жастардың қатарында Ғалымжан Нұрпейісов те бар. Талай тектіні құндақтаған Есіл ауданында туып-өскен өнерпаз бү­гінде Ақан сері атындағы облыстық филармонияда еңбек етіп, көрер­менді қоңыр дауысымен қуантып жүр. Жуырда әнші …

КӨРЕРМЕНІН БАУРАҒАН ҚОҢЫР ДАУЫС Read More »

Көне тарих оқушылар көзімен

Өңіріміздегі “Ботай” мемле­кеттік тарихи-мәдени музей-қорығы “Өр­кениеттің көне ме­кені – Ботай қонысы” тақыры­бында республикалық эсселер байқауын ұйымдастырды. Әр өңірдің оқушылары шығарма­шылық қабілеттерін сынға салып, берілген тақырып бойынша эссе жазды. Өскелең ұрпақтың ел мен жердің тарихын танып өскені абзал. Осыны мақ­сат тұтқан байқауға қатысуға ниет танытқан оқушылардың бел­сенділігі қуантты. Әлемге әйгілі Ботай қонысы жайлы жазған шығармашылық жұмыстары …

Көне тарих оқушылар көзімен Read More »

Туған жерін әнімен әлдилеген

Жарық күннің сәулесі жерге сіңіп, қыстың салқыны сезілмейтін сәуірдің соңғы кеші самалымен жан тербердей болса керекті. Сәуірдің сұлу кешінде серуендеген жанның жүрегі ару көктемнен әлдебір шапағат күткендей ерекше толқиды. Көкірек көзі ашық көпшіліктің көңілі мұндайда жүрек күйін бірге шертісетін ән іздейді. Қызылжарда ән іздеген жұрттың құлағының құрышын қандырып, қалауынан шығатын өрелі өнер иелері аз емес. …

Туған жерін әнімен әлдилеген Read More »

Дубай мойындаған дарындар

Ел намысын халықаралық байқау­ларда қорғап жүрген “Sensitive” би театры Қазақстанның қоржынын тағы бір жүлдемен толтықтырды. Өнер ұжымы Дубайда өткен “DANCE-FEST DUBAI” халықаралық фести­валь-байқауына қатысып, алты елден жиналған 200-ден астам өнерпаздың ішінен жылпы байқауда үздік деп таны­лып, бас бәйгені еншіледі. Би театры бұл байқауға “Искусство в дви­жении” халықаралық шығармашы­лық жобасының ұйымдастырушы­ла­ры­ның арнайы шақыртуымен бар­ған екен. Аталған …

Дубай мойындаған дарындар Read More »

САЛ-СЕРІЛЕРДІҢ СОҢҒЫ ТҰЯҒЫ

Биыл туған жерін талантымен дү­йім жұртқа мәлім қылған, атақты жер­лесіміз, тума өнер иесі, салсері­лердің соңғы тұяғы Игібай Әлібаевтың туғанына 120 жыл толып отыр. 1921 жылы қазақ жастарының арасынан алғашқылардың бірі болып Петро­павл қаласындағы қазақ педагоги­калық техникумына оқуға түсіп, мұ­ғалім мамандығын алып шығады да, одан кейінгі жылдары облысымыз­дағы біраз ауыл-аудандарда оқыту­шы болып қызмет атқарады. Ол кез­де …

САЛ-СЕРІЛЕРДІҢ СОҢҒЫ ТҰЯҒЫ Read More »