“ӘДЕБИЕТ ЖЕРГЕ, РУҒА БӨЛІНБЕУІ КЕРЕК”
Белгілі ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Жайлыбай Қызылжар өңіріне келіп, шығармашылық кеш өткізгенін газетіміздің өткен сандарының бірінде жазған болатынбыз. Ардакүрең ақын осы сапары барысында өңір руханиятының қарашаңырағы – “Soltüstık Qazaqstan” басылымына ат басын бұрып, тілшілермен поэзия төңірегінде әдемі әңгіме өрбіткен еді. “Bızde qonaqta” айдарының қонағымен болған сол сыр-сұхбатты оқырман …