АЛМАТЫЛЫҚ СТУДЕНТТЕР — ҚЫЗЫЛЖАРДА
Облыс орталығына Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының 20 студенті келді. Болашақ әртістер алдағы 4 ай бойы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында тәжірибеден өтіп, дипломдық жұмыстарын қорғамақ. – Қазір қазақ театрының ішкі тәртібі, шығармашылық жұмыстың барысымен, актерлермен, труппамен танысып жатырмыз. Дипломдық спектаклімізді алып келдік. Жазушы Мұхтар Әуезовтің “Қаракөз” және Шекспирдің “Ромео мен Джульетта” қойылымдарын …