«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

Мағжанға арналған мүшәйра

“Күншығыста ақ алтын бір сызық бар, Мен келемін, Мен Пайғамбар – Күн ұлы”, – деп жырлап, жер-дүниені дауылпаз үнімен дүбірлеткен қазақтың ардақты перзенті, ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жыл­дығын мерекелеу аясында еліміздің әр түкіпірінде түрлі мәдени шаралар бастау алды. Сондай жиындардың бір шоғыры туған жері – Қызылжарда ұйымдастырылмақ. Облыстық мәде­ниет, тілдерді дамыту және архив ісі …

Мағжанға арналған мүшәйра Read More »

Адамгершілік – асыл қасиет

Әлемнің Раббысы, барлық дүниені жаратқан Алла тағала жер бетінде өмір сүретін, Алланың заңдарын жүзеге асыратын адамды жаратар кезде періштелер оған: “Жер бетінде қантөгіс пен бұзақылық жасайтын адамды жаратпасаң біз сізді ұлықтаймыз”, – дейді. Періштелердің жаман адамдарды жаратуына қарсы болуының себебі, олардың жаратылысы мен болмысы күнә атаулыдан ада болуында. Лауһыл махфузда (тағдырлар жазылған кітап) болашақта адам …

Адамгершілік – асыл қасиет Read More »

ЕЛ АНАСЫ – АЙҒАНЫМ

Айғаным Сарғалдаққызы – Абылай ханның тұңғыш ұлы, тақ мұрагері, орта жүзді 38 жыл басқарған Уәли ханның кіші әйелі. Уәли хан қайтыс болғаннан кейін ханның орнын (1821-1822 ж.) басып, билік жүргізген. ХІХ ғасырда қазақ әйелдерінен шыққан қоғам қайраткері. Ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың білім, ғылымға жолын ашуда өнеге болған әжесі. Үстіміздегі жылы Айғаным ханшаның туғанына 240 толып …

ЕЛ АНАСЫ – АЙҒАНЫМ Read More »

Елордалық өнерпаздар тартуы

Ақан сері атындағы облыстық филармонияның сахна­сында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның үрмелі аспаптар оркестрі мен камералық хоры “GAME EVOLUTION VOL.2” атты концерт қойды. Астаналық өнерпаздар теріскей­дің өнерсүйер қауымын ерекше әуендерімен тамсандырды. Концерттік бағдарлама 1990 жылдардан бүгінгі уақыт аралығында жарыққа шыққан танымал компьютерлік ойын саундтректерінен тұрады. Әуесқой ойыншылар әдеттегідей монитор алдындағы креслода емес, концерт залында …

Елордалық өнерпаздар тартуы Read More »

Актерлік шеберлік мектебі

Қысқаметражды фильм түсіруден өңірімізге белгілі әуесқой режиссер Дамир Мәкімкенов балаларға арналған актерлік шебер­лік мектебін ашпақшы. Дәрістерді Петропавлдағы орыс және қазақ драма театрларының кәсіби әртістері жүргізбек. Бұл игі бас­таманы Қызылжар аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сара Алдаева да қолдады. Мектеп ашу идеясы жақында пай­да болған. Өйткені оның фильм­деріне кастинг жүргізу барысында …

Актерлік шеберлік мектебі Read More »

Үш жүздің болған данасы

Қасиетті Қызылжар өңірінен ұлан-байтақ жерімізді, бытырай қонған елімізді арам пиғылды жаудан қорғаған қол бастаған көсемдер, сөз бастаған шешендер, “егеулі найза қолға алған” баһадүр батырлар аз шықпаған ғой. Тәуелсіздік туы желбірегеннен бері осы біртуар алыптарымызды халқымен қайта қауыштырған игілікті шаралардың атқарылып жатқаны рас. Мұндай рухани жиындар биыл да жалғасын таппақ. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер …

Үш жүздің болған данасы Read More »

Туған жер тұлғалары

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың жаны­нан құрылған “Sаnа” әдеби-музыкалық клубының ұйымдас­тыруымен “Туған жерім – алтын бесігім” атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында қатысушылар өлкетану, өңірімізден шыққан тұлға­ларды зерттеу мәселелерін көтеріп, Қызылжар тарихына қатысты тың де­ректермен бөлісті. Біздің өлкеміздің, қаламыздың дамуына зор үлес қос­қандардың есімдері еске алынды. Спикерлер қала мен облыстың кө­рікті жерлері туралы айтып берді. …

Туған жер тұлғалары Read More »

Өлеңге құмар өрендер

Ғабит Мүсірепов атындағы об­лыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының жанынан өлеңге жаны жақын жастардың басын қос­қан “Жас қаламгер” клубының құ­рыл­ғанына бірнеше жыл болды. Атал­ған үйірмеде жас ақындар аға буын өкілдерінен тәлім алып, ше­берліктерін шыңдайды. Мәдениет ордасында дәстүрге сай клубтың қаңтар айындағы отырысы өтіп, қа­тысушылар әдебиет пен өнер төңі­ре­гінде әңгіме өрбітті. Бұл жолы жастармен кездесуге ақын, журналист …

Өлеңге құмар өрендер Read More »

Заманауи қойылым

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Март и слива” атты заманауи спектаклдің тұсауы кесілді. Оны көпшілік назарына оқушылар мен студенттерден құралған “Тишина закулисья” атты жастар студиясы ұсынды. “Март и слива” спектаклінде бү­гінгі күннің өзекті проблемалардың бірі – отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен қарым-қатынас мәселесі көтеріледі. – Бұл идеяны студия актері Илья Беспосместных ұсынған болатын. …

Заманауи қойылым Read More »

Даланың дана перзенті

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Төле би Әлібекұлының туғанына 360 жыл толуына арналған “Даланың данасы” атты тарихи-әдеби кеш өтті. Шараға М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің оқушылары, мұғалімдер, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты. Алғашқы болып сөз сөйлеген еңбек ардагері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы Тілек …

Даланың дана перзенті Read More »

Оқырманға тарту

С.Мұқанов атындағы об­лыстық ғылыми-әмбебап кітапхана қоры тағы мың кітаппен толықты. Руха­ният ордасында арнайы көрме ұйымдастырылып, жаңа жинақтар оқырманға таныстырылды. Кітаптар қорға мемелекет­аралық гуманитарлық әріптестік қоры аясында әкелініпті. Олар­дың көбі “Орта білім беру ұйым­дарына”, “Кәсіби техникалық бі­лім”, “ЖОО-ларға арналған оқу­лықтар” жобаларының аясында жарық көрген. “100 жаңа оқулық” аясында ғылымға құмар оқыр­мандар гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік еңбектерді …

Оқырманға тарту Read More »

МАҒЖАН МЕН МАНДЕЛЬШТАМ

Белгілі қаламгер, жазушы-тарихшы Амантай Сатаевтың артында біраз әдеби мұра қалған. Оның ішінде Мағжан Жұмабаевқа қатысты эссесі назар аударарлық. Оған Мағжан Жұмабаев пен орыс ақыны Осип Мандельштамның жақын та­ныс болғаны жөнінде өткен ғасыр­дың елуінші жылдарының аяғында жазушы Зейін Шашкин әңгімелеп берген. Осип Мандельштам – ХХ ға­сырдағы орыс поэзиясының ірі өкілі, 1938 жылы Қиыр Шығыста айдауда жүріп …

МАҒЖАН МЕН МАНДЕЛЬШТАМ Read More »

Туған жерін жырлаған

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапханада Құнанбай Жахинның жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Өлең кешіне қолына қалам ұстаған жандар, ақынның жерлестері, туған-туыстары және жырсүйер қауым жиналды. Шара барысында кітап авторы­ның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, жастар өлеңдерін оқы­ды. Мезгілсіз дүниеден өткен Құ­нанбай Жахинды үзеңгілес достары ұмыт қалдырмай, 60 жылдық мерей­тойына орай шығармаларын жинақ­тап, “Өмірді өлеңмен өлшегем…” …

Туған жерін жырлаған Read More »

“Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?”

Биыл қасиетті Қызылжар топырағында дүниеге келіп, ғұмы­рын алаш жұртының бақытына, Тәуелсіздігіне арнаған ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Өткен ғасырдың отызыншы жыл­да­ры “Мен қазақпын” деп тайсал­май, жүректі кернеген мақтанышпен айта алатын ұлттық элита түгелдей дерлік қуғындалып, мұның аяғы отыз жетінің ойранына ұласты емес пе! Жазықсыз жапа шеккендердің қатарында Мағжан ақын да болды. 1937 …

“Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?” Read More »

ЖҰЛДЫЗ БОП АҚҚАН БІР ҒҰМЫР

Небір дара дарындарды құндақтаған қасиетті Қызылжар өңірін әдебиеттің тал бесігі десек, артық айтқандығымыз бол­мас. Өңірімізден қазаққа қызмет еткен дарындар аз шықпады. Солардың қатарында қамшының сабындай ғана қысқа ғұмыр сүргендер болды. Қазіргі жастардың дені көзі тірісінде Петро­павлда мектептер ашып, қысқамерзімді мұғалімдер даярлай­тын курстар ұйымдастырған, ғалымдыққа ден қойған Баймағамбет Ізтөлинді, артына жауқазын жыр қалдырған, мынау жалғанмен жиырмасында …

ЖҰЛДЫЗ БОП АҚҚАН БІР ҒҰМЫР Read More »

Әжелер салған ән қандай!

Халқымыздың мерей тұтар, мақтаныш етер асыл мұрасы, за­­ма­на сүзгісінен өткен – халық әндері. Халық әндері салт-дәс­­түрге, әдет-ғұрып, көңіл күйге, белгілі бір тақырыпқа бай­ла­нысты шығып отырған. Шал ақын аудандық мәдениет үйінің, “Ата­мұра” қазақ ұлттық орталығының жанынан, осыдан 18 жыл бұрын “Балқадиша мұрасы” деп аталатын әжелер ансамблі құрылған бо­латын. Бірнеше облыстық байқаулардың жеңімпазы атанған ұжым алдағы уақытта …

Әжелер салған ән қандай! Read More »

ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН Тайыр Мансұровтың туындысы ұлттық сыйлыққа ие болды

Еліміз тұғырлы Тәуелсіз­дікке қол жеткізгеннен кейін та­рихтағы бірталай “ақтаңдақ­тардың” беті ашылып, бұған дейін айтылмай келген, айтыл­­са да мардымсыз сөз етілген көп­теген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткер­лерінің есім­дері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бас­тады ғой. Сондай ардақты тұл­ғалардың бірі – Нәзір Төреқұлов. Өткен ғасырдың жиырмасын­шы жылдары жарқырай көрінген жас қа­зақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғалардың …

ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТҚАН Тайыр Мансұровтың туындысы ұлттық сыйлыққа ие болды Read More »

ҚҰРАН ОҚЫП ЖАРЫСТЫ

“Қызылжар” орталық мешітінің ұйымдастыруымен Құран оқудан жарыс өтті. Оған имандылық үйі жанынан ашылған үйірменің 6-24 жас аралығындағы мүшелері қатысып, Жаратушының сөзін жатқа әрі мәнерлеп айту үшін таңалакеуімнен мешітке жиналды. Облысымызда балаларды білім­ге баулып, отансүйгіштікке, иманды­лыққа тәрбиелейтін түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Солардың бірі – орта­лық мешіт жанындағы арнайы сауат ашу курсы. Мұнда шәкірттер тіл үй­реніп, тегін …

ҚҰРАН ОҚЫП ЖАРЫСТЫ Read More »

КӨҢІЛДІ КЕШ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда “Мәңгілік” би ансамблі мен Ольга және Михаил Лахтиндер ашқан би студиясының концерті өтті. Өнерпаздар қызылжарлықтар­ды ерекше әсерге бөледі. Шығар­машылық ұжымдар репертуарын­дағы тамаша туындылар көрермен­дерге қуаныш сыйлады. Кештің кө­ңілді өтуіне филармония әртістері де атсалысты. “Мәңгілік” би ан­самблінің көркемдік жетекшісі Ми­хаил Лахтин әр көрерменнің көңі­лінен шығу үшін өнерпаздар біраз ең­бектеніп, тер төккенін …

КӨҢІЛДІ КЕШ Read More »

БАБАМ ҚОНҒАН БӨРІЛІ

Аталарымыз қазіргі Астана ма­ңындағы Айғай, Қоянды, Қараөткел деген жерлерді мекен еткен екен. “Ақтабан шұбырынды” кезінде Кә­дірғұл бабамыз бастап солтүстікке қарай көшкен. Ата-бабамыз кіндік қаны тамған, өсіп-өнген жерінен кө­шіп бара жатқанда әжелеріміздің айт­қан қоштасу зары: “Есіл – өзен, Қараөткелдің жағасы. Ойы мен қыры және саясы, туған жер, өскен жер қош-ай бол…”, – деп басталады екен. Өкі­ніш­ке …

БАБАМ ҚОНҒАН БӨРІЛІ Read More »