«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Руханият

АЗАТТЫҚ АҢСАҒАН АҚТАҢГЕР

Халқымыздың тарихында отызға жетер-жетпес жасын­да қилы-қилы заманалардағы соқпақтардан қаймықпай, ұлт­тық рух, елдік мүдде жолында бастарын бәйгеге тіге жүріп, бірталай жұмыс атқарған, осылайша Алла тағала өлшеп берген қамшының сабын­дай қысқа ғұмырын елге, жерге деген мәрт махаббатпен, келер ұрпақ ғибрат алатындай сәулелі іс­термен нұрландырған аяулы тұлғалар аса көп емес. Мәселен, Алаштың айбатынан ат үріккен аяулы ұлдарының бірі …

АЗАТТЫҚ АҢСАҒАН АҚТАҢГЕР Read More »

Тарихтан сыр шерткен

Тайынша қаласында тарихи-өлкетану мұражайы ашылып, салтанатты іс-шараға аудан әкімі Берік Әлжанов, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Көрнекті жерде орналасқан ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізіліп, аудандық және ауылдық кітапханалардың қызметкерлері жәдігерлер жинауға көмек көрсеткен. Архив деректеріне сүйенсек, ер­те­де аудан аумағында ағылшын артельдері, мал шаруашылығымен, зер­герлік және темір ұстасымен ай­налысатын ауылдар болған. Мұра­жайды тамашалаушыларға сол өт­кен кезеңнен сыр шертетін …

Тарихтан сыр шерткен Read More »

КЕНЕП БЕТІНДЕГІ КЕРЕМЕТ ӘЛЕМ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада әдеби кештерден бөлек, қылқалам иелерінің көрмелері де жиі ұйымдастырылып тұрады. Аталған көрмелерде қызылжарлық суретшілер өз туындыларын паш етіп, қағаз бен бояу арқылы тұрғындарға өнер құдіретін танытады. Бүгінде бұл шаралардың тұрақты келушілері аз емес. Жергілікті суретші Ольга Сушкованың суреттер топтамасы көрермендердің жоғары бағасына ие болды. “Бұл әлем неткен керемет” атты көрмеге …

КЕНЕП БЕТІНДЕГІ КЕРЕМЕТ ӘЛЕМ Read More »

“Фортуна” күйсандығы

Облыстық тарихи өлке­та­ну-музейі сөрелерінде сақталған әр жәдігердің ішіне бүккен сыры мен тарихы бар. Оқыр­мандарымыздың дені олардың көбінен бейхабар. “Жәдігер” деп аталатын айдарымыз арқылы біз мәдениет ошағын­да­ғы өткен заманның қой­науы­нан сыр шертетін әр заттың тарихы туралы мә­лімет­терді назарларыңызға ұсына­тын боламыз. Музейге келушілерді қызықтыратын жәдігердің бірі – “Фортуна” музыкалық жәшігі. Бұл аспап жиыр­масыншы ғасырдың басында Германияда жасалған. …

“Фортуна” күйсандығы Read More »

ҰСТАЗДЫҢ ЖЕҢІСІ

Тәуелсіздік күні қарсаңында “Ama­nat” партиясы мен “Bilim-örkenieti” ұлттық инновациялық ғы­лы­ми-зерттеу орталығының ұйытқы болуымен “Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі” атты рес­публикалық байқау ұйымдастырылған болатын. Сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ге жуық түрлі сала мамандары қатысты. Жеңімпаздар елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен мара­паттау рәсіміне арнайы шақырылып, сый-құрметке бөленді. Олардың қатарында жерлесіміз, Айыртау ау­да­нындағы Саумалкөл қазақ орта мектебінің мұғалімі Ақзейнеп Байтенова …

ҰСТАЗДЫҢ ЖЕҢІСІ Read More »

Оқырманға тарту

Есімі өңір жұртшылығына жақсы таныс ақын, саналы ғұ­мы­рын, дарыны мен қабілетін сүйікті газеті – “Soltüstık Qazaqstan”-ның гүлденуіне ар­наған қаламы қарымды журна­лист Болат Қожахметовтің “Өзім және өзгелер жайында”, “Доңғалақты дүние” атты кітаптары жарық көрді. 2000 жылдардың басында “Soltustık Qazaqstan” газетінде “Өзім және өзгелер” айдарымен автордың біраз мақаласы жарияланған. 294 бет­тен тұратын “Өзім және өзгелер жа­йында” кітабына …

Оқырманға тарту Read More »

ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР

Өңіріміздегі қазақ өнерінің қарашаңырағы саналатын Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры талай дарынның шыңдалып, биіктерді бағындыруына жол ашып отырған шеберхана іспеттес. Өткен жылы театр ұжымы жас өнерпаздармен толыққан болатын. Солардың бірі талантты жас – Махамбетәли Әбілда. Бүгінде өнерпаз “Х-фактор” жобасына қатысып, бағын сынауда. Ол Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданына қарасты Абай деп аталатын ауылда дүниеге …

ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ЖҮЗЕР Read More »

АЙЫРТАУДАҒЫ АЙШЫҚТЫ ОҚИҒА

Биылғы жылғы елеулі жаңалықтардың ішінде Айыртау ауданындағы “Зейнеп” колледжінің ашылуын ерекше атап өткен жөн. Облысымыздағы ең шұрайлы мекендердің бірінде орналасқан оқу орны туризм саласына қажетті мамандар даярламақ. Өңіріміздегі тұмса табиғаттың айшықты көріністерін тамашалау үшін артынып-тартынып шекара асып, шетелден келетіндер де көп. Саумалкөлдің самал ауасымен емделуге еліміздің өзге өңірлерінен де адам аяғы үзілмейді. Көркем көрініс, ертегідегідей …

АЙЫРТАУДАҒЫ АЙШЫҚТЫ ОҚИҒА Read More »

САХНАНЫҢ СӘНІ ЕДІ

Кезінде би өнерінде жарық жұлдыздай жарқыраған Мархаба Иманқұлованың туғанына биыл 95 жыл. Тал шыбықтай бұралған қызылжарлық ару 1972 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңген әртісі атағын алған болатын. Мына зымырап бара жатқан уақыттың өткенге өз көлеңкесін түсіріп, ұмыттыра бастайтыны өкінішті. Мұны өмір заңдылығы деп ақталғанымызбен, көрерменнің сүйіспеншілігіне бөленген асыл жанды әсте естен шығаруға болмайды. Бишінің өнерін …

САХНАНЫҢ СӘНІ ЕДІ Read More »

Есілде жанған жұлдыздар

Киелі топырақ. Әулие Құлсары­ның түйесін тоқтатқан, аналары әнші­лер мен ақындарды толғатқан киелі то­пырақ осы. Жер бетінде дала да осындай сұлу, осындай құнарлы бо­лады екен ғой!? Бір сәт кең құшағың­ды жайып, сол даланың өзен-көлін, ор­ман-тоғайын, үстін басып жүрген әр адамын құшақтап алғың келеді. Даңқ­ты бабалардың ізі сайрап жатқан сайын дала бүгінгіге тарихтың көне күйін шертіп жатқандай. …

Есілде жанған жұлдыздар Read More »

Мерекелік қойылым

Сәбит Мұқанов атындағы облыс­тық қазақ сазды-драма театрында кішкентай көрермендердің назары­на “Жаңа жылға кім қожа?” атты қойылым ұсынылды. Аталмыш шараға “Асыл мирас” аутизм орталығының отыз бес бүл­діршіні мен ата-аналары қатысты. Сәбилер қойылымнан сүйікті кейіп­керлерін көріп қуанды. Ойын-сауық бағдарламасын қызыға тамашалады. Балалар ән шырқап, би билеп, Аяз атаға өлеңдерін айтып, тәтті сыйлықтар алды. “Асыл мирас” ау­тизм орталығының …

Мерекелік қойылым Read More »

Өлеңі өмірінің айнасындай

Биыл Қызылжар өңірінің тумасы, ақын Мүталлап Қанғожиннің туғанына 85 жыл толып отыр. Мерейтойға орай С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Өлеңі өмірінің айнасындай” атты еске алу кеші өтті. Шараға қаламгердің көзін көрген замандастары мен өлеңсүйер қауым жиналып, ақынның шығармашы­лы­ғы және өмір жолын сөз етті. Кешке қатысқан облыстың құр­метті азаматы Тілек Әбдірахманов жастарға ақын жайлы естеліктерін айтып …

Өлеңі өмірінің айнасындай Read More »

Көненің көзіндей

Зымыран уақыт алға жылжып, заман өзгерген сайын атадан балаға мирас болып жеткен көптеген рухани және материалдық құндылықтарымыз жойылып барады. Оларда қазір көп айты­лып жүрген біздің ұлттық кодымыз жасырылып жатқандай көрінеді маған. Оқырман назарына көзден кетсе де, көңілдің түкпірінде қалып қойған ескірмейтін естеліктеріммен бөліскім келеді. Шошала Мен ес білгенде ауылдағы бар­лық үйде бірдей шошала болған жоқ. …

Көненің көзіндей Read More »

АШАМАЙЛЫНЫҢ ЕР ЖӘНІБЕГІ

Тәуелсіздігімізді алып, халқы­мыз­дың рухани жан дүниесі жаңар­ған кезде әркім өзінің тарихи шежіре­сін кейінгі ұрпаққа мұра ету қамына кірісті. Бұл – жас ұрпақтың туған жер­ге деген шынайы сүйіспеншілігін арт­тыруға, өлке тарихымен танысуға, жұрт біле бермейтін кейбір көмескі та­рихты, таңдаулы тұлғаларды тануға жетелеу. Сол арқылы ұрпақтар сабақ­тастығын сақтауға үлкен көмек бо­лары анық. “Сақалыңнан айналайын қарт бабалар, Ұрпағыңа …

АШАМАЙЛЫНЫҢ ЕР ЖӘНІБЕГІ Read More »

ӘР ШАҢЫРАҚТЫҢ ТӨРІНДЕ ТҰРСЫН

Қазіргідей ақпараттық соғыс дауылы күшейіп, әлеуметтік желілер үстемдік құрған аласапыран заманда тарихтың куәлігіне баланатын таңбалы тастай газеттердің абырой-беделі бәсеңдеп отырғаны – ащы болса да шымбайымызға батып отырған шындық. Бір ғасырдан астам тарихы бар, іргесін Алаштың ардақтылары қалап, керегесін ұлтымыздың аяулы қаламгерлері керген облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газеті ұжымының жаңа заманның талабы осы екен деп бас шұлғып …

ӘР ШАҢЫРАҚТЫҢ ТӨРІНДЕ ТҰРСЫН Read More »

АБАЙДЫ ТАНУ – ӨЗІҢДІ ТАНУ

Оқушылар сарайында “Отан – отбасынан басталады” атты рухани кеш өтті. Отбасы құндылықтары мен ұлттық рухания­тымызды насихаттау мақсатында өткізілген іс-шараны бел­гілі абайтанушы, жазушы, ғалым Омар Жәлел жүргізді. Омар Жәлел филология ғылым­да­ры­ның кандидаты, қазақ рухания­тының зерттеушісі. Кездесуді рес­публикалық “Сеніммен Болашақ” бір­лестігінің облыстық филиалы ұйым­дастырды. Кешке 200-ге жуық адам жиналды. – Омар Жәлел ағамыздың қоз­ғай­тын тақырыптары сан қырлы. …

АБАЙДЫ ТАНУ – ӨЗІҢДІ ТАНУ Read More »

Адамзаттың азығы

Кітапхана – ғылым мен білімнің, даналық пен дарқандылықтың киелі кеніші, ал кітапханашылар – осы қасиетті қарашаңырақтың шын жанашырлары. Қоғамымыздың дамуы ақпарат­тың кең тарауымен, мәдениет мәйегін халыққа тереңдетіп түсіндіру мәселелерімен тиянақтала түседі. Осындай маңызды істерге жарқыл­даған аралдай, оты өшпеген қара ошақтай, қараңғы түнде алдан жа­рық сәуледей жол нұсқайтын – кітап­хана. Рухани тарихын, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын тануда …

Адамзаттың азығы Read More »

“КӨРЕРМЕННІҢ ҚОШЕМЕТІНЕН АСҚАН ҚҰРМЕТ ЖОҚ”

Театр – тәрбие мектебі, тәлім, рухани азық алар орда, еңбектің көркемі, көңіл көтерудің ғана орны емес, мәдени ошақ, идеологиялық құрал. Ондағы әрбір әртістің болмыс-бітімі мен қабілет-қарымы осы үлкен еңбекке арқау. Бүгінгі сұқбатымыздың кейіпкері – Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әртісі, көрерменнің көзайымына айналған актер Асылхан Разиев. – Асылхан Талғатұлы, өңіріміз­дің өнер сүйер қауымы, …

“КӨРЕРМЕННІҢ ҚОШЕМЕТІНЕН АСҚАН ҚҰРМЕТ ЖОҚ” Read More »

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ ЗӘРУ

Облыс орталығына жақын орналасқан Мамлют ауданында 11 ауылдық округ бар. Олардың құрамындағы 38 елді мекеннің 22-сі экономикалық жағынан әлеуетті саналса, 16-сы “болашағы бұлдыр” санатына енгізілген. Тұрғындардың саны 17 мыңға жуық. Ауданға ат басын тірегенімізде қалыптасқан дәстүр бойынша алдымен қыж-қыж қайнап жататын күнделікті тіршіліктің бағдаршам-штабы іспеттес әкімдікке соқтық. Аудан әкімі Владислав Лукиннің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының, …

ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНЕ ЗӘРУ Read More »

Мағжанға араша түскендер

Мағжантанудың ұзын көшінің басында Алаш көсемі Әлихан Бө­кейхан тұрғанын айту парыз. “Осын­дай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған бес миллион қазақтың тілі қалай жоқ болады”, – деп тебіренеді ол. Жиырма жастағы ақынға Әлекең 1913 жылы-ақ осындай баға берген. Мағжанның ұстазы – Міржақып Дулатов. Мағжан “Оян, қазақты” қолжазба күйінде көрген. Осы Қы­зылжарда туған тұңғыш қазақ …

Мағжанға араша түскендер Read More »