ҰЛЫ ДАЛАНЫ КҮЙІМЕН ТЕРБЕГЕН
Биыл әйгілі күйші, композитор, дәулескер домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Мерейтойға орай Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында «Өз елім» атты концерт ұйымдастырылды. Ұлы композитордың мұрасын ұлықтаған кешті аға буын өкілдері мен студенттер тамашалады. Нұрғиса Атабайұлы 1925 жылы 1 сәуір күні Алматы облысы, Іле ауданындағы Шилікемер ауылында дүниеге келген. Әкесі Атабай домбырашы, халық әндерінің білгірі …