«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ БЕРУ ЕКІ КҮНГЕ ТОҚТАТЫЛАДЫ

«Қызылжар су» ЖШС Петропавл қаласының тұрғындары мен меймандарына    сумен жабдықтау желілерін жуып-шаю бойынша алдын алу жұмыстарының өткізілуіне байланысты 2017 жылы  16 қыркүйек күні сағат 00:00-ден бастап 18 қыркүйек күнгі сағат 06:00 дейін су беру тоқтатылатынын хабарлайды.

 

Көрсетілген  мерзімге қажетті ауыз су қорын жасап алуды өтінеміз.

Назар аударыңыздар! Желілерді жуып-шаю жұмыстарын өткізу уақытында ішу және тамақ дайындау үшін суды краннан немесе су бөлетін колонкалардан қолдануға тыйым салынады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp