“Өлең – жүректің ісі”
Қазіргі қазақ поэзиясының көшін алға сүйреп келе жатқан ақын қыздардың бірі – Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтың иегері Танакөз Толқынқызы. Ақынның жуырда облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінің редакциясында қонақ болып, тілшілер қауымымен кездескенін басылымның өткен сандарында жариялаған болатынбыз. Қаламгермен болған әңгімені назарларыңызға қаз-қалпында ұсынып отырмыз. – Танакөз Толқынқызы, негізін Алаштың Смағұл Сәдуақасов, Мағжан Жұмабаев сынды ардақтылары …