Жеңіс оңайлықпен келмейді
Осыдан бір апта бұрын Швецияның Эстерсунд қаласында шаңғыдан және биатлоннан мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында әлем чемпионаты өткені белгілі. Байрақты бәсекеде ел намысын жеті спортшы қорғады, оның төртеуі – Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері. Халықаралық додада жерлесіміз Ербол Хамитов ерледі. Ол еліміздегі пара спорт тарихында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды. Жуырда төрткүл дүниеге көк туымызды танытып, Әнұранымызды …