«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТУҒАН ЖЕР МАҚТАНЫШЫ

Мен Аманжол Қошанұлымен 1949 жылы Марьевка мектебінде танысқан едім. Ол 9-сыныпта оқитын, мен 8-сыныпқа жаңа келген болатынмын. Сол кезден бастап қарым-қатынасымыз достыққа ұласып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бала күнінен-ақ еңбекқорлығымен, білімділігімен ерекшеленген Аманжол Қошанұлы Марьевка орта мектебін алтын медальмен тамамдады. Кейін Мәскеудегі М.В.Ломоносов атындағы мемлекеттік университеттің экономика факультетіне оқуға түскен кезде өзінің білімін тағы бір мәрте дәлелдегендей болды. Ол ғылымның биік шыңына оңай шыққан жоқ, өзінің туабіткен талантына қоса еңбексүйгіштігі мен табандылығының арқасында жетті. Бүгінде ғалым ғана емес көрнекті қоғам қайраткері, абзал азаматқа айналған Аманжол Қошанұлын 85 жасқа толуымен құттықтап, оған және отбасына мықты денсаулық, еліміздің ғылымын өркендету жолында зор шығармашылық табыс тілеймін!
 

Қайролла МҰҚАНОВ,
ардагер ұстаз.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp