Солтүстікқазақстандық спортшы Айдар Қазовқа облыс әкімі Құмар Ақсақалов 1 млн теңгенің сертификаты мен Құрмет грамотасын табыс етті.
Тайбэйде өткен 29-шы жазғы универсиадада Қазақстан командасының қоржынына түскен үш алтынның бірін ауыр атлет Айдар Қазов жеңіп алған болатын. Студенттердің дүниежүзілік сайысына ел құрамасы сапында қатысқан тағы бір жерлесіміз Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден 7-ші орынға тұрақтады. Ал тағы бір жеңіл атлетші Екатерина Эктова жарақаттанып қалып, жоғары көрсеткішке қол жеткізе алмады.