Қырдағы дүбір қарсаңында
“Amanat” партиясы облыстық филиалының отырысында қыр астында тұрған көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесі арнайы талқыланып, бірқатар міндеттер белгіленді. Жиында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаевтың есебі тыңдалды. Баяндамашы биыл барлық егін алқабы 4,5 млн., оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3,4 млн., майлы дақылдар 51 мың, жемшөптік дақылдар 379 мың гектарды …