«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экономика

АҚУЫЗЫ МОЛ МАЛ АЗЫҒЫ

Мал және құс шаруашылығында қазіргі жағдайында азық ресурстарының жеткіліксіздігі, жергілікті жерлерде өндірілетін азықтық қоспалар түрлерінің тапшылығы – өте өзекті мәселеге айналып отыр. Мамандардың пікірлеріне қарағанда, мал мен құсты қоректендіруде рационда ақуыздың жетіспеушілігі салдарынан ғана 40 пайызға дейін табыс көзінен айырылып, шығынға бататын көрінеді. Осы себепті отандық және шетелдік зерттеушілер азық базасының әлеуеттік мүмкіндігін зерделей келіп, …

АҚУЫЗЫ МОЛ МАЛ АЗЫҒЫ Read More »

Сенімді ақтаған серіктестіктер

Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен “Алтын сапа” және “Парыз” сыйлықтарын табыстау рәсімі өтті. Марапатталғандардың қатарында солтүстік­қазақ­стандық кәсіпорындар да бар. Бизнестің әлеуметтік жауапкер­шілігін анық­тай­тын “Парыз” байқауында Мам­лют ауданына қарасты “Новоми­хай­ловское – 2003” жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі лауреат атан­ды. Бұл байқауға қаты­суға 492 ұйымнан өтінім түссе, со­ның 161-і – ірі кәсіп­керлік субъектісі, 331-і – шағын және орта бизнес …

Сенімді ақтаған серіктестіктер Read More »

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ КӘСІПОРЫН

С.М. Киров атындағы зауыттың құрылғанына — 95 жыл Петропавлдағы “С.М.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамының құрылғанына биыл 95 жыл. Айтулы күнге орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында салтанатты шара ұйымдастырылды. Бұл күні зауыттың ардагерлері, еңбек озаттары марапатқа ие болды.  “С.М. Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамында қазіргі уақытта 500-ге жуық адам еңбек етеді. Олардың қатарында …

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ КӘСІПОРЫН Read More »

БЕСКӨЛДЕГІ БӨДЕНЕ ФЕРМАСЫ

Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы Сағитовтар отбасы бөдене фермасын ашты. Бұл кәсіпті жақында бастаған ерлі-зайыпты құйылған инвестиция екі жылдан кейін өз жемісін беріп, ферма пайда әкеледі деген сенімде. Жаңадан ашылған бөдене фермасы – “Ауыл аманаты” бағдарламасының жемісі. Отағасы Радик Сағитовтың айтуынша, олар бағдарлама аясында 5 жыл мерзімге 2,5 пайыз мөлшерлемемен несие алған. “Жобаның жалпы құны шамамен …

БЕСКӨЛДЕГІ БӨДЕНЕ ФЕРМАСЫ Read More »

ТЫҢ ЖОБАНЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІР

Австриялық компания өңірде ин­вестициялық жобаны жүзеге асы­руға ниетті. Облыс әкімі Ғауез Нұр­мұхамбетов “Kronospan Holding East” компаниясының өкілі, инвести­­циялық жобаның Орталық Азияда­ғы басшысы Томаш Янчакпен кездесті. Шетелдіктер өңірде жоңқалы тақталар шығару жобасын жүзеге асырмақ. Себебі австриялық ком­пания осы салаға бағдарланған. Әрі әлемге белгілі сапалы ағаш өнімдерін шығарумен танымал. – Экономиканы дамытудың ма­ңызды бағыты – ағаш өңдеу …

ТЫҢ ЖОБАНЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІР Read More »

Көкөніс қоймасы салынуда

Өңірде ауыл шаруашылығы са­ласының тиімділігін арттыру мақсатында жан-жақты жұ­мыс жүргізіліп жатыр. Мәселен, Айыртау ауда­нындағы “Агро Елецкое” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі 5,5 млрд. теңгеге үлкен көкөніс қой­масын салуда. Қазіргі уақытта құры­лыс жұмыстары басталып кет­кен. Жаңа нысанда 35 мың тонна өнім сақтауға болады. Кәсіп­орын ашылғанда елді мекенде жаңа жұ­мыс орындары да құрылмақ. Шаруашылық заман ағы­мынан қалмай, тамшылатып суару …

Көкөніс қоймасы салынуда Read More »

БЮДЖЕТ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛМЕГЕН

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отыры­сында экономика басқармасының басшысы Қуанышбек Қалижанов пен қаржы басқармасының басшы­сы Наталья Дышкант өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді. Қалижан Серікұлы осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқтала келіп, қысқа мерзімді экономи­калық индикатор 96,7 пайызды құрағанын, экономикаға 336,8 млрд. теңге инвестиция …

БЮДЖЕТ ТОЛЫҚ ИГЕРІЛМЕГЕН Read More »

Базалық ставка төмендеді

Ұлттық банк 24 қараша кү­ні базалық ставканы 15,75 па­йыз деңгейінде бе­кітті. Елі­міздегі ең басты қаржы ұйы­мы биыл база­лық ставканы қатарынан үшін­ші рет тө­мен­детіп отыр. Алғаш рет биыл тамызда 16,75-тен 16,50 пайызға түскен болатын. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бұл рет­те назар аудармаса болмайтын же­келеген тәуекелдер жоқ емес. Олар – азық-түлік бағасының өсуі, негізгі сауда-серіктесіміз …

Базалық ставка төмендеді Read More »

Алдағы жоспар ауқымды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаров “Те­мирязев ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бо­йынша қорытындылар мен алдағы уақыттағы жоспар­лары” тақырыбында баяндама жасады. – Аудан экономикасының негізгі драйвері – ауыл шаруашылығы са­ласы. Жыл басынан бері жалпы сомасы 7,9 млрд. теңгені құрайтын 133 техника мен қосалқы жаб­дық сатып алынды. Шаруалар қам­ба­ға 221,6 мың тонна дәнді …

Алдағы жоспар ауқымды Read More »

“ЕРКЕ ҚҰС” – ОТАНДЫҚ БРЕНД

2025 жылға қарай Қазақстанда өндірілген құс етімен импортты толықтай алмас­тыру жоспарланып отыр. Осылайша жалпы өндірістік қуаты жылына 223,1 мың тонна бола­тын 23 құс фабрикасын салу және жаңғырту арқылы елді отандық өніммен қамтамасыз ету көзделуде. Ал облыстың құс етіне деген сұранысы – сегіз жарым мың тонна. Тұрғындардың осы қажеттілігін өтеу үшін өңірімізде соңғы жылдары құс фабрикалары …

“ЕРКЕ ҚҰС” – ОТАНДЫҚ БРЕНД Read More »

Заманауи жылыжай

Өңірімізде алғашқы инновациялық жылыжай салу жобасы қолға алынды. Аталған жылыжай то­лық іске қосылғанда өңірдің қияр мен қызанаққа деген қажеттілігінің үштен бірі өтеледі. Кешеннің жалпы ауданы – 3,7 га, өсіру алаңы – 3,2 га. Жылы­жайда екі бөлімше бар. Қазір оның біреуі ғана жұмыс істеп тұр. Екінші­сіне көшеттерді отырғызуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. “Зеленый Север” ЖШС-ның ди­рек­торы …

Заманауи жылыжай Read More »

АШЫТҚЫ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “PROSOL” компаниясының басқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесті. Италиялық инвестор Петропавлдағы “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағында азықтық ашытқы шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Италиялық компания арнайы эко­­номикалық аймақ қатысушысы ре­тінде биылғы жылдың қараша айында тір­келген. Еуропадан келген инвестор мейман отандық кәсіпкер­мен бірлесе өңірге 1,5 млрд. теңге көле­мінде инвести­ция салмақшы. Негізгі мақсаты – азық­тық …

АШЫТҚЫ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ Read More »

Зейнетақы қорының мүмкіндігі

Елімізде 2021 жылдан бастап азаматтарға зейнетақы жинағы­ның бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілді. Биыл осындай мүмкіндікті 2000-нан астам солтүстікқазақстандық пайда­ланбақшы. Былтыр бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қорының облыстық фи­лиалына тұрғын үй жағдайын жақ­сарту үшін 8690 азамат өтініш қал­дырған. Сөйтіп қордан 10 млрд. 665 млн. теңге қаржы алынды. Ал зейнет­ақы жинағының бір бөлігін емделуге деп 2276 солтүстікқазақстандық пайдаланған. Оларға …

Зейнетақы қорының мүмкіндігі Read More »

Қалдықтан биоотын жасамақ

Өңір кәсіпкерлері  экологиялық таза брикеттер жасап шығару үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы даму бағдарламасының арнайы грантына ие болды. Бұл грант кәсібін табысты жүзеге асырып отырған бизнес өкілдеріне беріледі. “Asia Wood’s” серіктестігі мен “Жақыпов” шаруа қожалығы алдағы уақытта биомассадан брикеттер жасап шығару жұмысын қолға алмақ. Яғни, олар ауыл шаруашылығы мен ағаш өңдеу қалдықтарын пайдалана отырып, отын брикеттерін …

Қалдықтан биоотын жасамақ Read More »

Cуармалы егіс пайдалы

Өңірлік коммуникациялар қыз­метінде өткен кезекті баспасөз мәс­лихатында Айыртау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болды. Аудан әкімі Ерболат Бек­шенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақ­станның экономикалық бағдары” Жолдауында айтылған бастамаларды іске асыру бойынша атқарылған жұмыстарды жіпке тізгендей баяндады. Ауданның әлеуетін көтеретін негізгі бағыттардың бірі – ауыл ша­руашылығы өнімдерін өндіру, инфра­құрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту. …

Cуармалы егіс пайдалы Read More »

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН АЛДАМЫЗ

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді. Облыстың биылғы 10 айдағы даму қорытындыларын баяндап, алдағы уақытта атқарылатын шаруаларға тоқталды. Облыс әкімі депутаттарды ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп сала­ларында жүзеге асып жатқан жоба­лардан хабардар етті. “2023 жылы облыс бюджеті 420 млрд. теңгеден 499 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Қаржының негізгі көлемі әлеуметтік нысандарды салуға, жолдарды …

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДАН АЛДАМЫЗ Read More »

ШЕКАРАДАҒЫ ШЫРҒАЛАҢ

“Бидайық” кеден беке­тін­де 1 қарашадан бастап “электронды кезек” атты жаңа жүйе енгі­зілгені бұған дейін жазылған. Осы жаңа жүйеге байланысты кеше теріскейлік тауар тасушылар наразылығын білдіріп, арнайы жиын өткізіп, облыстық кәсіпкерлер палатасына шағым жолдады. Биылғы маусым айынан бері Ре­сей тарапы электронды кезек жүйе­сін енгізген болатын. Қазақстаннан келетін әрбір тауар тасымалдау кө­лігін, жүргізушісін, көліктегі тауарын бастан-аяқ тексеріп …

ШЕКАРАДАҒЫ ШЫРҒАЛАҢ Read More »

ТЕМІР ЖОЛМЕН БӨЛШЕК ЖЕТКІЗУДЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР

Өңірімізге жұмыс сапарымен кел­ген өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков “ПАМЖЗ” акционерлік қоғамының жұмысы­мен танысты. Министрлік өкі­лі мен зауыт басшылығы кәсіпорын­ды дамытудың 2024 жылға арналған стратегиялық бағытын және жаңа тапсырыстарды орындауды талқы­лады. Вице-министр жұмыс­шы­лар­мен сөйлесіп, оларды қандай проблемалар қызықтыратынын және кәсіп­орынның табысты дамуы үшін не қажет екенін сұрап, өзара пікір ал­масты. Сондай-ақ Азамат Бейісбе­ковке зауытта …

ТЕМІР ЖОЛМЕН БӨЛШЕК ЖЕТКІЗУДЕГІ ТҮЙТКІЛДЕР Read More »

СЕРІКТЕСТІКТЕГІ ТЫҢ СЕРПІН

Елімізде қарашаның үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтеді. Өңіріміз аграрлық аймақ болғандықтан бұл мерекенің маңызы өте жоғары. Қызылжар ауданында елімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған көптеген ірі кәсіпорындар бар. Солардың бірі – “Петерфельд Агро” серіктестігі. Аталмыш  кәсіпорынды көп жылдан бері Асқар Мәдиев басқарады. Серіктестік егін және мал шаруашылығымен айналысады.  Қазіргі уақытта “Петерфельд-Агро” …

СЕРІКТЕСТІКТЕГІ ТЫҢ СЕРПІН Read More »

Электрондық кезек

2023 жылғы 1 қарашадан бастап өңіріміздегі “Бидайық” автомобиль өткізу пунктінде “CarGoRuqsat” электрондық кезегін қолдану бойынша қанатқақты жоба іске қосылды. “CarGoRuqsat” электрондық кезегі тасымалдаушыларға Ресеймен шекарадан өту үшін ақысыз негізде кезегін алдын-ала брондауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ электрондық кезек шекарадан өту кезінде жемқорлықтың жолын кесуге, кеден қызметкерлерінің жедел жұмыс істеуіне ықпал етеді. Жүк машиналарының кептелісте тұрып қалуы …

Электрондық кезек Read More »