МАШИНА ЖАСАУШЫЛАР ФОРУМЫ
Астана қаласында Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы өтті. Оның аясында машина жасау және металл өңдеу бойынша “Kazakhstan Machinery Fair 2023” халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері де қатысты. Аталған саланың ірі кәсіпорындары, заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етушілер мен тұтынушылар, түрлі мемлекеттік сектор өкілдері, бизнес-қауымдастықтар бас қосты. Форумның пленарлық отырысына қатысушылар машина жасау …