Шын жүйріктер топ жарды
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен шарада “Алтын сапа” және “Парыз” сыйлықтарының иегерлері ұлықталды. Биыл “Алтын сапа” сыйлығына 281 үміткер өтінім берген. Сарапшылар соның ішінен ірі, орта және шағын бизнес бойынша 14 бизнес нысанын 4 аталым негізінде іріктеп алды. Осы күнге дейін 160-тан астам компания “Алтын сапа” сыйлығының лауреаты атанды. 365 кәсіпорынға “Парыз” сыйлығы табысталды. …