Азық-түлік қоры жеткілікті
Өңірдегі тұрақтандыру қорында қазіргі уақытта 12 мың тоннаға жуық өнім бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің басым бөлігі – жергілікті тауар өндірушілердің өнімі. Қорды толықтыруға биыл облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге бөлінген. “Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 14-і енген. Қыс мезгілінде көкөністер “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заманауи қоймасында сақталады. Нысанда көкөністі мамыр-маусым …