ҚЫРДА ДА, ҚЫРМАНДА ДА ҚЫЗУ ЕҢБЕК
Ауа райының қолайсыздығынан орақ науқаны жылдағыдан кеш басталса да, диқан қауымының барлық күш-жігері маңдай термен өсірілген ел ризығын шашаусыз жинап алуға жұмылдырылған. Қызылжар ауданындағы “Шағала Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қырды да, қырманды да қызу еңбек дүбіріне бөлеп, механизатор-комбайншылардың тәжірибесі мен заманауи техникалардың көмегін бірегей ұштастырудың қалыптасқан әдісіне сүйенген. Дәнді, дәнді-бұршақты, майлы дақылдар өсірумен айналысатын серіктестік …