
Еліміздің әр аймағынан қатысқан 14 үміткер ұлт бірлігі, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, “Мәңгілік Ел” идеясын насихаттап, жыршылық өнерлерін ортаға салып, бақ сынады. Олардың дарыны мен талабын жыршы-термешілер халықаралық одағының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, белгілі жырау, профессор Алмас Алматов, Маңғыстау жыр мектебінің өкілі, профессор Амандық Көмеков бағалады.
Байқауда Эльвира Есназар ақын Әбдісаттар Оспановтың “Қазақ” атты шығармасын орындап, қазылар алқасының оң бағасын алды. Осылайша, бүгінгі күні Қазақ ұлттық өнер университетінде дәстүрлі жыр мамандығы бойынша білім алып жүрген Эльвира байқауда бірінші орынды иеленіп, өңіріміздің абыройын асырды.
Жанаргүл МЕЙРАМ,
“Солтүстік Қазақстан”.