«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОС ҚОБЫЗШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Петропавл қаласындағы өнер колледжінің 4-курс студенттері Фариза Амантаева мен Назым Сұлтанова Алматы қаласында өткен XXXV республикалық орындаушылар конкурсында жүлделі орын иеленді.

Байқау Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өтті. Оған республикадан 23 үміткер қатысты. Облысымыздың намысын қорғаған дарынды қобызшылар Фариза Амантаева мен Назым Сұлтанова – өңірімізде қобыз сыныбын алғаш ашып, осы күнге дейін шәкірт тәрбиелеп келе жатқан Назгүл Маштақованың шәкірттері.

Прима-қобыз сыныбында оқитын екі бойжеткен де байқауда үздіктер қатарынан көріне алды. Олар байқаудың шарты бойынша әр кезеңде 3 шығармадан ойнауы тиіс еді. Байқауда оларға музыкалық шығарманы үздік орындауына өнер колледжінің концертмейстері Жанна Майлепесова септігін тигізді. Назым Сұлтанова – Чайковскийдің, ал Фариза Амантаева Вьетаның №5 концертін орындады. Қазылар алқасы екі қобызшының деңгейін жоғары бағалады. Нәтижесінде Фариза Амантаева байқаудың “Қазақ халық аспаптары” аталымы бойынша бірінші дәрежелі дипломымен марапатталды. Және күрделі формалы шығарманы ең үздік орындағаны үшін грамотаға ие болды. Ал Назым Сұлтанова сайыстың дипломанты атанды.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

СУРЕТТЕ: (солдан оңға қарай) Н.Сұлтанова, Ф.Амантаева және Ж. Майлепесова.

  Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp