«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Кемел ойлы кемеңгер

Біз – жақсыға жақын жүретін, олардың тәлімді тәрбиесін көріп, үлгі тұтып өсетін халықтың ұрпағымыз. Даналарымыздың “кісі болар кісінің, кісіменен ісі бар” деген сөзі текке айтылмаған болар. Жақсы адамдарға жанаса жүріп өне бойына азаматтықтың, қайраткерліктің өшпес өнегелерін сіңірген жандардың бірі Аманжол Қошанов болатын. Аманжол аға – қазақ ғана емес әлемдік ғылымдағы жар­қын, биік тұлғалардың бірі. Оның …

Кемел ойлы кемеңгер Read More »

Мүмкіндіктері шектелмейді

Өңірде мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 678 әлеуметтік нысан бейімделді. Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті осы мекемелерге тексеріс жүргізіп, заң бұзушылықтарды жою үшін 51 ұйғарым берді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды …

Мүмкіндіктері шектелмейді Read More »

Гүлмира МҰХАМЕДЖАНОВА: “Қазақ тілінің ғылым тіліне айналуға әлеуеті жетеді”

– Гүлмира Тастемірқызы, көзді ашып-жұмғанша қыркүйектің алғашқы апталары да өте шықты. Биылғы оқу жы­лын қандай өзгерістермен бас­тап отырсыздар? – 2024-2025 оқу жылында “қа­зақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағ­дарламасы бойынша дуалды оқытуды қолға ала бастадық. Бұл дегеніміз колледжді тамамдаған студенттер бірден университет­тің үшінші курсына оқуға қабыл­данып, әрі өз мамандығы бойынша жұмыс істей береді деген сөз. …

Гүлмира МҰХАМЕДЖАНОВА: “Қазақ тілінің ғылым тіліне айналуға әлеуеті жетеді” Read More »

Ел үмітін ақтаған

Орманды тауларымен, айдын көлдерімен көздің жауын ала­тын Имантау мен Шалқар­дың сұлу табиғатын бетке ұстаған жеңіл көлік көсіле шапқан сәйгүліктей жүйткіп келеді. Көркіне көз той­майтын бұл өлке Қызылжар өңіріне қарағанымен, “Көк­шетау” мем­лекеттік ұлттық табиғи саябағының орман ша­руашылық­тарына тиесілі. Әңгіменің қызуымен жолдың қалай қысқар­ғанын да байқамай қалыппыз. Асфальт аяқталып, тас жолмен солға бұрылғанымызда тың игеру жылдары салынған …

Ел үмітін ақтаған Read More »

Алғашқы ойын

Шайбалы хоккейден ел чемпионаты басталды. Пет­ропавлдағы Спорт сарайында “Құлагер” клубы біріншіліктің алғашқы екі ойынын “Алматы” командасына қарсы өткізді. Чемпионаттың алғашқы ойы­нын тамашалауға облыс әкі­мінің орынбасары Қанат Дү­зел­баев келді. Бірінші кездесуде жер­лес­теріміз қарсыластарына овертаймда есе жіберді. Матч 2:3 есебімен алматылықтар пай­да­сына шешілді. Қарымта ойын­да “Құлагер” хоккейші­лері есе қайтарды. Қос клуб­тың ойыншылары аянып қалмай, 9 шайба соқты. …

Алғашқы ойын Read More »

“Жұлдызым Қызылжарда жанды”

Жақында күрес түрлерінен Испанияның Понтеведре қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Байрақты бәсекеге ұлт­тық құрама сапында балуан Ислам Евлоев қа­тыс­ты. Ел намысын қолдан бермеген ол же­ңім­паз атанды. Чем­пионнан алған сұхбатты на­зар­ларыңызға ұсынамыз. – Ислам, сен қазір М.Қозы­баев атындағы Солтүстік Қа­зақстан университетінде бі­лім алып жүрсің. Бірақ ата-анаң Көкшетау қаласында тұ­рады. Өзге өңірдің …

“Жұлдызым Қызылжарда жанды” Read More »

Бауырдың орны бөлек қой

Ертеректе бір әйелдің күйеуі, баласы және бауыры бір үлкен қылмыс жасап, хан­ның қаһарына ілігіп, тұтқынға түсіпті. Ханнан дат сұрап, қара жамылып кешірім сұрап жылап келген әйелге хан: “Сен үшін бір-ақ адамға кешірім беремін, өзің барып босатып ал”, – деген екен. Әйел ойлан­бастан барып дар ағашының алдында тұрған үшеуінің арасынан бауырын босатып алыпты. Сонда хан: “Талай …

Бауырдың орны бөлек қой Read More »

“Атам – қазақ, мен – қазақ”

Ақын Расул Ғамзатов: “Егер тілім ертең болса құрымақ, Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ…”, – деп жырлаған екен. Халқымыз келмеске кеткен кеңес дәуірінде біраз құндылық­тарынан айырылуға шақ қалды. Соның қатарында ана ті­ліміз де бар. Оның зардабын бүгінге дейін тартып келеміз десем артық айтқандығым болмас. Кез келген ұлттық асыл қазы­на­сы – тіл. Біз ана тіліміз арқылы дүниені, …

“Атам – қазақ, мен – қазақ” Read More »

ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Облысымызға жұмыс сапарымен Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков келді. Елордалық мейман полицияның бірқатар бөліністерінің қызмет атқару жағдайын және техникалық жарақтандырылуын тексерді. Азаматтардың құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау жөніндегі міндеттерді орындау үшін материалдық-техникалық базаны нығайту қажеттігін атап өтті. Ішкі істер министрінің орынба­сары жедел басқару орталығында цифрландыру деңгейі­мен, бейнебақылау жүйелері­нің жұмысымен танысты. По­ли­цейлер облыс орталығын­да­ғы тәртіпті 228 …

ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ Read More »

Танымдық ойын

Облыс орталығында колледж студенттері арасында “Энергия билеушісі” атты викториналық сайыс өтті.  Ойын барысында жастар атом электр стансасы туралы бі­лімдерін пысықтап, энергия кө­зінің пайдасы туралы мол мағлұ­мат алды. Студенттердің қызы­ғушылығын тудырған шара ашық аспан астында ұйымдас­тырылды. Шараны өткізген қо­ғамдық даму және ақпарат ор­талығының маманы Оксана Гончаренконың айтуынша, атом электр стансасының маңызы ту­ралы жастарға пайдалы ақпа­рат беріп, …

Танымдық ойын Read More »

ЖАСТАРҒА – ЖАЙЛЫ ЖАТАҚХАНА

Жыл сайын студенттер­ жатақханадан орын таппай, пәтер жағалап, әуре-сарсаңға түсіп жататыны белгілі. Десе де соңғы жыл­дары бірқатар аймақта студенттер үйі бой көтеріп, біреудің баспанасын жалдайтын білім алушылардың саны азайып келеді. Біздің өңірде де бұл мәселені шешу­де оң өзгерістер бар. М.Қозыбаев атындағы Солтүс­тік Қазақстан университетінің басшылығы жақын арада жастарды жатын орынмен қамту жүз пайызға жетеді деп …

ЖАСТАРҒА – ЖАЙЛЫ ЖАТАҚХАНА Read More »

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

Астанада “Мерейлі отбасы – 2024” республикалық байқауында еліміздің әр өңірінен жиналған 20 үздік отбасы марапатталды. Айтулы шарада Ақжар ауданынан қатысқан Хасеновтер әулеті де жеңімпаз атанды. “Мерейлі отбасы” – отбасы­лық құндылықтарды дәріптейтін бірегей жоба. Биыл бұл шараға қатысуға 3 мыңнан астам өтінім түскен. Байқауға қатысу бойын­ша Қарағанды, Жетісу, Астана, Алматы өңірлерінің тұрғындары белсенділік танытқанын айтып өту …

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ Read More »

МИНИМАЛИЗМ НЕМЕСЕ “АРТЫҚ” ЗАТТАРДАН АРЫЛУ ҚАҒИДАСЫ

Кітапханада жаңа кітаптар сериясы сөресінде тұр­ған пышақтың қырындай ғана туындыға еріксіз көзім түсті. Авторы – жазушы Лира Қоныс. “Қазақша мини­мализм неме­се үйде бәрі бар” деп аталатын кітап алғы­сөзін оқы­ғаннан-ақ ішкі иіріміне тарта жөнелді. Қаламгер қазақ қоғамында­ғы, қазақ отбасындағы үнемшіл­дік, адам өміріне пайда әкел­мей­тін арттық заттардан толық­тай арылу мәселесін сөз етіпті. Бұл өте ауқымды мәселе. Неге …

МИНИМАЛИЗМ НЕМЕСЕ “АРТЫҚ” ЗАТТАРДАН АРЫЛУ ҚАҒИДАСЫ Read More »

Әскерден қашатындар көп

Биыл күзде облыстан 500-ге жуық жігіт әскер қатарына алы­нуы тиіс. Олардың алғашқы тобы бірер күнде Отан алдындағы бо­рышын өтеу үшін Алматыға ат­танады. Облыстық қорғаныс істері жө­ніндегі департаменттің мерзімді әскери қызметке шақыру бөлімі­нің бастығы Әнуар Ибраевтың ай­туынша, қазіргі уақытта облыста 14 мыңнан астам жігіт әскерге ша­қырылушы ретінде есепке алын­ған. Биыл көктемде өңірден 478 жігіт әскерге алынуы …

Әскерден қашатындар көп Read More »

Ботагөз АҚМАҒАМБЕТОВА: “ЖАСТАРДЫҢ БӘРІ ДАҢҒАЗА МУЗЫКАНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ ЖҮРГЕН ЖОҚ”

– Ботагөз Жағыпарқызы, әңгімеміздің әлқиссасын Ақан сері атындағы облыстық фи­лармонияның тыныс-тіршілі­гінен бастасаңыз. Жалпы жаз­ғы маусымды қалай өткізді­ңіздер? – Жаз маусымында филар­мо­ния сахнасында концерттер саны азайғанымен, жұмыс үздік­сіз жүреді. Жалпы кез келген ша­ра мәдениет саласы қызметкер­ле­рінсіз өтпейді. Сондықтан біз­дің жұмысымыз жыл бойы, ап­та­ның жеті күнінде де қауырт. Қазір филамонияда 300-ден астам адам еңбек етеді. Соның 80 …

Ботагөз АҚМАҒАМБЕТОВА: “ЖАСТАРДЫҢ БӘРІ ДАҢҒАЗА МУЗЫКАНЫҢ ЖЕТЕГІНДЕ ЖҮРГЕН ЖОҚ” Read More »

АДАМ ҚҰҚЫ МА, АДАСУ МА?

Түрікшіл ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың “Пайғамбар” өлеңіндегі: “Күнбатысты қараңғылық қаптаған, Жалғыз жан жоқ қараңғыда лақпаған. Білген емес иман деген не нәрсе, “Қарын” деген сөзді ғана жаттаған”, – деген сияқты айыптауларды оқығаны­мыз­да өркениеті биік, де­мо­кратиясы озық деп жүрген Еуропа елдеріне көзқарасы­мыздың ұлттық мүдде тұр­ғысынан дұрыс-бұрыстығы хақында ойлануымызға ту­ра келеді. Себебі, “кәрі құрлықтың” көп мемлекетінде “адам құқы” …

АДАМ ҚҰҚЫ МА, АДАСУ МА? Read More »

Балаға саңырауқұлақ бермеңіз

Биыл өңірде саңырауқұлақ мол. “Ты­ныш аңшылыққа” теңеле­тін саңырауқұлақ жинаумен әуес­тенетіндер көп. Алайда бұл өнімді асқа пайдаланатындар ара­сында улану қаупі жоғары. Жыл басынан бері өңірде 7 адамның саңырауқұлақтан улану фактісі тіркелді. Көпшілік улы өсімдіктерді ажырата алмай­ды. Жазғы демалыс лагеріне барған балалар, белгі­сіз өсімдіктерді асқа пайдалан­ған туристер зардап шеккен жағдайлар бар. Бес жасқа дейінгі балалар табиғат ая­сына …

Балаға саңырауқұлақ бермеңіз Read More »

Асқар мұғалім

Шағын ғана Қарақамыс ауылының (Айыртау ауданы) еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін ұлағатты ұстаз Асқар Уәлиевті тілге тиек еткісі келсе, “Асқар мұғалім” дер еді. Ерекше бір ілтипатпен, сыйластық рәуішке толы шын көңілден шыққан шынайы құрметпен. Соңғы жылдары ұстаз беделі туралы жиі айтылатыны бар. Асқар мұғалімнің бойындағы пайымды парасат, асқақ адамгершілік, алқаусыз кісілік деңгейін көңіл таразысына салған …

Асқар мұғалім Read More »

Жақсылық жасап жарысайық, бірақ жарнамаламайық!

1943 жылы белгілі америкалық ғалым Абрахам Маслоу өзінің “Адами мотивация теориясы” атты еңбегін жариялады. Аталған еңбекте ғалым бүгінде бәріне белгілі Маслоу пирамидасына сипаттама береді. Содан бері Маслоу пирамидасы адамның даму заңдылығын, рухани биік сатыға көтерілуін сипаттау үшін қолданылып келеді. Маслоу пирамидасында адам қажеттіліктері иерархия­лық ретпен көрсетілген. Ең тө­менде адамның өмір сүруіне қа­жетті тамақ, қолайлы үй-жай, …

Жақсылық жасап жарысайық, бірақ жарнамаламайық! Read More »

Ризамыз саған, Ризабек!

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды. Испанияның Понтевед­ра қаласында өткен байрақты бәсекеде жерлесіміз алтын жүлдені қан­жығасына байлады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов әлеуметтік желіде жерлесімізді құттықтап, жылы лебізін білдірді. “Ризабекті маңызды жеңісімен құт­тықтаймын. Келесі Олимпиа­даға қа­ты­суға тамаша мүмкіндігі бар. Оған спорт­тық жетістіктер ті­леймін!” – деп …

Ризамыз саған, Ризабек! Read More »