Буын ауруы жасарып барады
Остеоартроз – әзірге толық емі жоқ ауру. Бұрын кәріліктің дерті саналса, қазір оған отыз жастан енді асқандар да шалдығатын болған. Өңірімізде 2021 жылы 1309 адам остеоартрозбен дәрігер бақылауында болса, былтыр 1355 сырқат есепке алынған. Ауырғандар саны жылдан жылға артып келеді. Облыстық көп бейінді аурухана кардиологиялық орталығының ревматологы Ольга Ишинаның айтуынша, остеоартроз – әртүрлі шығу тегі …