Жеткенше діңкең құриды
Ауыл – қазақ баласының қарашаңырағы. Ұлтымыздың қай мықтысының болсын ауылдан түлеп-ұшқаны мәлім. Қай көрнекті тұлғаның өмірбаянына үңілмеңіз, түбі ауылға барып тіреледі. Небір даңқты тұлғаларға алтын бесік болған ауылдардың құмға сіңген судай жоғалып бара жатқаны жанымды ауыртады. Қарашаңырақтан көшкен жандардың кең даланы ұмытпай, әлі де болсын шалғайдағы елді мекендерге ат басын бұрып тұратыны – көңілге медет. …