«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қоғам

Халықаралық байқаудың жүлдегері

Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 “а” сынып оқушысы Айсана Құса­йынова “Горизонт – 2100” халықара­лық ғылыми, ғылыми-практикалық және ғылыми-фантастикалық жұ­мыс­тар байқауының жүлдегері атан­ды. Ол өзінің ғылыми-фан­тастикалық шығармасын жарқын бола­шақ туралы эссе түрінде ұсынған. Осы тақырыптағы шығармаларды құмарта оқитын Айсана жастар арасында ұйымдастырылған кон­курсқа қатты қызыққан. Сондықтан бірден сайтта тіркеліп, қатысуға өтініш жолдаған. – Мен бұл байқауды әлеуметтік …

Халықаралық байқаудың жүлдегері Read More »

Жеңімпаздарға — жолдама

М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университетінің агротехнология факультеті ірі агро­компаниялармен серіктестік ор­натуды жалғастырып келеді. Жуырда аталмыш оқу орнында ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғауға арналған препараттарды шығаратын “Август-Қазақстан” се­ріктестігінің мамандары болып, жо­ғары курс студенттеріне арнап дә­ріс оқып, зерттеу жұмыстары бай­қауын өткізді. Үш күнге созылған шара бары­сында компания мамандары білім алушыларға 10 сағат дәріс оқып, дәнді, майлы дақылдарды зиян­кес­терден …

Жеңімпаздарға — жолдама Read More »

Мамандығына адал

Ауылдағы ағайынның тұрғылықты жерінен жәрдем таппай, жағдайы нашарлағанда келетін жері – облыстық аурухана. Өңірдегі басы ауырып, балтыры сыздағандардың бәрі осы жерден дертіне шипа табады. Облыстық ауруханадағы заманауи қондырғылардың арқасында бұрын ірі қалаларға сабылатын сырқаттар енді керекті ем-домды өзімізде де ала алады. Емдеу мекемесі жыл сайын жас мамандармен толығуда. Мұнда халық саулығы үшін 20-ға жуық бөлімше …

Мамандығына адал Read More »

Баяғының батырларындай

“Басқа спортты білмеймін, біздің қазақ төбелестен есесін жібермейді” дегенді жиі естиміз. Әзіл болғанымен, осы сөздің астарында шындық бар сияқты. Әлем чемпионаттары мен Олимпиадаларда жұдырықтасудан жүлде алып жүргеніміз – сөзімізге дәлел. Ғасырдан-ғасырға тамыр жалғаған жауынгерлік өнеріміз бүгінгі жекпе-жек спортымен астарласып жатқаны жасырын емес. Білекті жігіттер облыс орталығындағы “Қызылжар” атауымен танымал спорт клубында жаттығып жүргенін айта кеткен …

Баяғының батырларындай Read More »

“ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА”

– Анашым, сіздің ақша туралы тү­сінігіңіз мүлдем қате. Мынау дөңге­ленген Жер шарында ақша бәрімізге де жетеді. Тек күн сайын 100 рет “мен баймын, менің ақшам көп, та­бысым молаюда” деген сөз тіркес­терін сеніммен айтып жүріңізші. Сол кезде сіздің миыңыз осы ақпаратты қабылдап, түпсанаңызға жеткізеді. Бұл – 100 пайыз дәлелденген дүние. Кеше мен қатысқан семинар-тре­нингте психолог осылай …

“ПАЙДА ОЙЛАМА, АР ОЙЛА” Read More »

Айыппұл арқалағың келмесе…

Өзге өңірлерді қайдам, қызыл­жарлықтардың көбі жаңа жылда үйіне табиғи шырша орнатқанды жақ­сы көретінін аңғару қиын емес. Ме­реке қарсаңында кей дүкендердің алды қылқан жапырақты ағашқа лық толады. Сол шыршаларды сатып ал­ған тұрғындар бір-екі апта өткен соң оларды қайда жіберерлерін білмей дал болады. Өйткені қурай бастай­ды, яғни ағаштың қылқандары суды­рап жерге түседі. Бұған дейін қоқысқа тастап үйреніп …

Айыппұл арқалағың келмесе… Read More »

Сотталғандардың саны артқан

Өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілердің саны былтыр 540 адамға өскен. Сондай-ақ сотталғандардың өздеріне дене жарақатын салу деректерінің саны да артқан. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі облыстық депар­таментінің мамандары өткізген алқа отырысында ай­тылды. Жиынға облыстық прокура­тураның өкілдері де қатысып, сот­талғандар құқығының қорғалуы қадағалаушы органның назарында екенін атап өтті. Түрмеге тоғытылғандар саны­ның өскеніне қарамастан, қылмыс­тық-атқару жүйесі органдары тұрақты, …

Сотталғандардың саны артқан Read More »

Жұмысқа жұмылдыруда

Жұмыссыздар санын азайту мақ­сатында елімізде бірнеше бағ­дарлама іске қосылып, мыңдаған жас пен зейнет жасына таяған жан­дар екі қолға бір күрек тапты. Әсі­ресе жұмыспен қамту орталықта­рына “Жастар тәжірибесі” бағдар­ламасы бойынша еңбек етуге өтініш білдіретіндердің қатары көп. Атал­ған бағдарлама аясында жас ма­ман­­ның жалақысын мемлекет тө­лейді. “Жастар тәжірибесіне” оқу ор­нын аяқтағаннен кейін 3 жыл ішінде жүгі­нуге болады. Бұдан …

Жұмысқа жұмылдыруда Read More »

ӨМІР ЖОЛЫ ӨНЕГЕ

№2 түзету мектеп-интернатында есімі республика жұртшылығына жақсы таныс қоғам қайраткері, жерлесіміз Ніл Болатбаевты еске алуға арналған шара өтті. Құрметті қонақ ретінде шақырылған марқұмның ұлы Қадырбек Нілұлы әкесі жайлы естеліктерімен бөлісті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін слайдтар мен фильмдер көрсетілді. Ніл Адғамұлының туған жері – Қа­­рағанды облысы. 1941 жылы ар­мия қатарына …

ӨМІР ЖОЛЫ ӨНЕГЕ Read More »

Бизнес-лагерь жеңімпаздары

“Enactus Kazakhstan “Winter camp 2023” көшбасшылық және кәсіпкерлік мобильді мектебінің 13-ші маусымы еліміздің түкпір-түкпіріндегі қатысушылардың басын қосты. Шара Алматы облысындағы “Тау Тұран” оқу-сауықтыру кешенінде өтті. Лагерге еліміздің 18 жоғары оқу орны мен колледждерінің білім алушылары барды, олардың қатарында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің “Enactus Kozybayev” командасы да бар. 10-15 қаңтар аралығында олар қаржылық сауаттылық …

Бизнес-лагерь жеңімпаздары Read More »

Мобильді қосымшаның мүмкіндіктері

“SOS” батырмасы, аудио және бей­­неқоңырау шалу, фотосуреттер мен бейнежазбалар, дыбыстық ха­барламалар, мәтіндер жіберу – бұ­лар­­дың барлығы ұялы телефон­дар­ға арналған “102” мобильді қо­сым­ша­сының мүмкіндіктері болып та­бы­лады. Оны “PlayMarket” неме­се “App­­Store” дүкендерінен жүктеп алу­ға болады. Қосымша полиция­мен кез келген ыңғайлы форматта бай­ла­ны­суға, заң бұзушылық тура­лы ха­бар­лауға, кеңес алуға мүм­кін­дік бе­реді. Тұрған жерін білмей қо­ңырау шал­ған адамның нақты …

Мобильді қосымшаның мүмкіндіктері Read More »

АУДАН АУРУХАНАЛАРЫНА – ЖАҢА КӨЛІКТЕР

Облыс әкімі Айдарбек Сапаров Петропавлдағы бірқатар медициналық мекемелерде болып, ондағы оң өзгерістермен, түйткілді мәселелермен танысты. Ең алдымен өңір басшысы кардиологиялық орталыққа ат басын бұрды. Орталық соңғы жылдары жаңа қондырғылармен толығып, қызмет көрсету аясы кеңейген. Бүгінде мұнда күніне 20-ға жуық ота жасалады. Орталыққа өңір бойынша баламасы жоқ аппараттар қойылған. Олардың көмегімен жүрегі сыр берген науқастарды да …

АУДАН АУРУХАНАЛАРЫНА – ЖАҢА КӨЛІКТЕР Read More »

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ – ЖАСТАР

Халық үмітін ақтап, ел ертеңін жарқын ету – бүгінгі жастардың алдына қойылып отырған басты мақсат. Жұртшылық жастардан жаңа бастамалар мен қарқынды істер күтеді. Мемлекет те жас ұрпақты назардан тыс қалдырған емес. Өткен жылғы ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде ел Президенті: “Мен біздің жастарымыздың ұшқыр және озық ойлы екенін мақтан етемін. Сол себепті Мағжан ақынның “Мен жастарға …

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ – ЖАСТАР Read More »

Жалғасын тапқан жобалар

“Еnbek.kz” порталында жұмысшы кадрларды тартуға қатысты өтінімдерді қабылдау басталды. Оған бір жылдан артық жұмыс істейтін және тұрақты салық пен әлеуметтік аударымдарды жүзеге асырып отырған кәсіпорындар өтінім бере алады. – Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға ерекше назар аударғым келеді. Яғни, бұл – біліктілікті арттыру және адамдарды тұрақты жұмысқа орналастыру мақсатында өткізілетін кәсіптік даярлау. Барлық шаралар …

Жалғасын тапқан жобалар Read More »

Ерте анықталса, емделу оңай

Өңірде былтыр 66 адамға аталық без обыры диагнозы қойылды. Ем-дом жүргізілгенімен есепте тұрған 12 сырқат қайтыс болды. Аталық без обырына кімдер жиі шалдығады, оның белгілері қандай? Бұл сауалдардың жауабын облыстық көпсалалы аурухана жанындағы онкологиялық орталықтың онкохирург-дәрігері Сергей Краснов айтып берді. – Аталық без қатерлі ісігіне ерлер шалдығады ғой. Бұл обырдың пайда болуының нақты себебі бар …

Ерте анықталса, емделу оңай Read More »

“Тазыңды, жұртым, дұрыс бағалашы!”

Көшпенді қазақ жұрты итті жеті қазынаның біріне балап, мал-жанды қорғаушы әрі сенімді серігі ретінде бағалаған. Ал құмай тазыны иттің төресі санап, тек аңшылыққа, сал-серілікке пайдаланған. Тазы ит дегенде көз алдымызға қолында қыран бүркіті бар, желкесі тоқпақтай, сауырына қазан төңкергендей жарау атқа мініп, түлкі тымақ, қасқыр ішік киген қара мұртты, қапсағай денелі аңшы елестейтіні рас. Яғни …

“Тазыңды, жұртым, дұрыс бағалашы!” Read More »

Денсаулық сақтау саласында түйткіл көп

Өңір басшысы Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің отырысында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Эпидемиологиялық маусым басталғалы 800-ге жуық адамға жедел респираторлық вирустық инфекция диагнозы қойылып, ауруханаларға жатқызылған. Олардың 65 пайызы – балалар. Дәрігерлер бұл жағдайды коронавирустық пандемия кезеңінде бірқатар шектеулердің салдарынан кішкентай балалардың иммунитеті төмендеп кеткенімен байланыстырады. Жалпы облыста санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін …

Денсаулық сақтау саласында түйткіл көп Read More »

ҒАСЫР ЖАСАҒАН МАЙДАНГЕР

Ұлы Отан соғысының ардагері Қабен Мырзағұлов 100 жасқа толды. Қарт майдангерді бір ғасырлық мерейтойымен Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев, ардагерлер кеңесінің өкілдері мен қорғаныс істері жөніндегі басқармасының штаб бастығы құттықтады. Қабен Егімбайұлы 1923 жылы қаңтардың 14-і Шал ақын ауданын­дағы Ысқақ Ыбыраев ауылында дү­ниеге келді. Бақытты балалық шағы туған ауылында өтті, сонда алғаш мектеп табалдырығынан аттады. …

ҒАСЫР ЖАСАҒАН МАЙДАНГЕР Read More »

БЕС АУЫЛДЫҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІ

Қызылжар өңірінде кейінгі жыл­дары жер дауы әлсін-әлсін туындап, оған бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер май құйып жатады. Соған қарамастан, неше түрлі алаяқтардың алдауына түсіп, жер үлестерінен айырылып қалған ауылдар тұрғындарының әділдікке жеткендері жоқтың қасы. Әзірше тек Айыртау ауданындағы көршілес қон­ған бес ауылдың бас көтерер аза­маттары ғана білек біріктіре қимыл­дап, ұзаққа созылған жер дауын жеңіспен …

БЕС АУЫЛДЫҢ ОРТАҚ ЖЕҢІСІ Read More »

Аялы алақан

“AMANAT” партиясының Ақжар аудандық филиалы бес жасар жетім бала Константин Ткаченкоға қамқор­лық көрсетті. “Денсаулық” бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудан­дық аурухананың бас дәрігері Шол­пан Сәбитованың бастамасымен қолға алынған қайырымдылық шарасына жергілікті кәсіпкерлер Нұрлығайын Байгереева мен Орынба­сар Ысқақова қатысты. Сырқат бала ауруханаға түскен кезде салмағы небәрі 5 килограмм ғана болыпты. Отыра да, жүре де, сөйлей де алмаған, …

Аялы алақан Read More »