«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ АТҚАРҒАН ҚЫЗМЕТТЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім беру саласында қызметтердің негізгі көлемін (93,6%-ын) мемлекеттік мекемелер көрсетеді. 

2013 жылдың бірінші тоқсанында білім беру саласындағы қызметтерді 811 ұйым көрсетті. Облыстың білім беру ұйымдарының негізгі қызмет түрі бойынша орындаған қызметтерінің көлемі 9168,4 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, білім беру қызметтерінің көлемі 4,8%-ға азайды.



Білім беру саласындағы қызметке ақы төлеудің негізгі көзі бюджет қаражаты болып қалуда, олар қызметтердің жалпы көлемінің 91,4%-ын құрайды. Халықтан түскен қаражат есебінен төленген қызметтер үлесі 8,1%-ды құрады, қалған бөлігі 0,5%-ы кәсіпорындар қаражаты есебіне келеді.
Ең үлкен үлес салмақты негізгі және жалпы орта білім беру саласындағы қызметтер алады, олардың көлемі 4819 млн. теңгені немесе қызметтердің жалпы көлемінен 52,1%-ды құрады. Бастапқы білім беру саласында 1046 млн. теңге (11,4%), мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында – 1020,9 млн. теңге (11,1), техникалық және кәсіптік орта білім саласында – 979 млн. теңге (10,7), жоғары білім беру саласында 787,2 млн. теңге (8,6%) сомасына қызмет көрсетілді.

 

Облыстық Статистика департаменті.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp