Астана қаласында көркем гимнастика бойынша ашық біріншілік өтті. Оған Астана, Петропавл, Қостанай және Қарағанды қалаларының спортшылары қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша, облыстың намысын қорғаған жерлес гимнасшылар жақсы нәтижеге қол жеткізе білді. Қыздар арасында өнер көрсеткен спорт шеберіне үміткер Екатерина Ерехинская, Әлфия Мамашаріпова бас жүлдені жеңіп алса, екінші орында – Кристина Тюканько. Үздік үштікті Сәния Мұқашева түйіндеді. Ал ерлер арасында Дамир Мусин мен Роман Олейник қоладан алқа тағынды.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру
және спорт басқармасының баспасөз қызметі.