«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мамыр айындағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамырда біздің облыста күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы орташа бір адамға шаққанда 15 658 теңгені құрады. Оның құрылымында азық-түліктің құны 9 395 теңге болса, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтердің бағасы 6 263 теңге болды.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша есептегенде төмендегідей болды: 0-13 жасқа дейінгі балалар – 12 414 теңге, жасөспірімдер 14-17 жасқа дейінгі (ер балалар) – 19 792 теңге, (қыздар) – 15 164 теңге, 18 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы ер адамдар – 18 676 теңге, әйелдер – 14 835 теңге, зейнеткерлер мен қарт адамдар үшін – 14 654 теңге.
Аудан орталықтары бойынша күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы – 15 876 теңге, Петропавл қаласы бойынша 15 253 теңге болды.

Облыстық Статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp