«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ КҮНІН БЕЛГІЛЕУ пікірлесе шешуді қажет етеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы кездері Интернет желісінде: “Жаңада ғана тағайындалған облыс орталығының әкімі қаржы тапшылығына байланысты Петропавл қаласының күнін тойлауды күзге қалдырып отыр. Жылда 6 шілдеде аталып жүрген қалалық мереке жаңа басшыға неге жақпай қалды?”, “Төлеген Закариянов Петропавл қаласы күнін тойлауға мүлдем қарсы” деген сыңайлы алып-қашпа сөздер жарияланып, қоғамдық пікір туғыза бастады. Соған орай кеше Петропавл қаласының әкімі Төлеген Закариянов мәлімдеме жасап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

– Қазақстанның барлық қалалары сияқты біздің Петропавлдың да аталып өтетін өз туған күні болуға тиіс. Оған ешкім де дау айта алмайды. Алайда, 10 жылдан бері жергілікті тарихшылар, өлкетанушылар, журналистер қаланың нақты туған күні төңірегінде бір шешімге келе алмай жүр. Оның да өзіндік себептері бар. Бізге жеткен мұрағат деректерінде әулие Петр бекінісі қай күні қала мәртебесін алғандығын дәлелдейтін бұлтартпас дәлме-дәл мәлімет жоқ. Оған Петропавл қаласы басқармасы мұрағатының барлық түп-нұсқа құжаттарын 1849 жылы болған өрттің тып-типыл жойып жібергендігі себеп болып отыр. Дегенмен, көптеген атаулы күндер бүгінге дейін Петропавлдың қалыптасу кезеңдерімен байланыстырылып, қала күні ретінде мерекеленіп келді. Бірақ сол күндер бүгінгі заманымызға сай келе ме? Мәселе осында, – дей келіп, Төлеген Закариянов бұған дейін тойланып жүрген қала күніне байланысты нақты дәлелдер келтірді.

 

– Қала күні – барлық тұрғындар мерекесі. Ол тарих қойнауынан бастау алып, ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Уақыт өтеді, тарих та, адам да өзгереді, алайда өзіміз өмір сүріп, еңбек етіп жатқан шағын Отанымыз – туған қаламыз сол бәз баяғы қалпында бәрімізді бірлікке жұмылдырып тұра беретін болады. Сондықтан сүйікті қаламызды көрікті, жанға жайлы, жасампаз ете түсейік. Ал қала күнін атайтын уақытты ақылдаса отырып шешкеніміз жөн. Оның бәрімізге тиімді болу жағын ойластырайық, – деп сөзін аяқтады Петропавл қаласының әкімі Төлеген Закариянов.

БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Григорий Кухарь да қала күнін атауға байланысты жергілікті тұрғындардан хаттар келіп жатқандығын, олардың да Төлеген Закарияновтың пікірімен үндес екендігін, өзінің де осы ұстанымды қолдайтындығын жеткізді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp