Қойшыбай ШӘНИЕВ,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі.
“Бесобада” биік үй құлап жатыр
Естиміз қылмыстық іс құрап жатыр.
Петропавлда бір үйде жағдай қиын
Тұрғындар шұғыл көмек сұрап жатыр.
Сапасыз үйді салған мердігерді
Теледидар көрсетіп сынап жатыр.
– Қабырғаның жарығы ұлғаюда
Үйіміз құлайды, – деп жылап жатыр.
Қаржыны қағып алған мердігерлер
Көзбояу қып жарықты сылап жатыр.
Сол үйдің келешегі не болады?
Көкейде ашық қалған сұрақ жатыр.
Шал ақын ауданы,
Ы.Ыбыраев ауылы.