Алматыда 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында кикбокстан ҚР біріншілігі аяқталды. Бұл жарысқа 270 спортшы қатысып, бақ пен бап таластырды. Өңірімізден қатысқан 18 спортшымыз 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медальдар алды.
Сайыс қорытындысы бойынша 1999-2000 жылы туғандар арасында Евгений Павлов (30 кг.) пен Тимур Биннатов (36 кг.) – бірінші, Данияр Жарасов (33 кг.) – екінші, ал Дмитрий Мұхамедшин мен Михаил Стрижков үшінші орын иеленді. 2001-2002 жылы туғандар арасында Зяудин Албагачиев (45 кг.) – бірінші, Анар Мұстафаев (30 кг.) екінші орынды жеңіп алды.
Облыстық Туризм, дене шынықтыру
және спорт басқармасының баспасөз қызметі.