«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІБИ МЕРЕКЕГЕ ОРАЙ “Ашық есік күнін” өткізді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru
Сот орындаушыларының кәсіби мерекесіне орай СҚО Сот актілерін орындау жөніндегі департаментте “Ашық есік күні” өтті.

2007 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Сот орындаушыларының халықаралық кеңесінің құрамына енді. Бұл жөніндегі шешім Парижде өткен Сот орындаушыларының халықаралық кеңесінің отырысында қабылданған болатын. Кеңес бұрыннан бері Еуропа кеңесінің Гаага конвенциясының құрамына кіреді. Қазақстан бұл ұйымға ТМД елдерінің арасында бірінші болып енді, ал Азия мемлекеттерінің ішінде Таиландтан кейінгі орында. Елбасының 2010 жылғы 17 тамыздағы Жарлығымен ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау жөніндегі комитеті құрылды. Бүгінде сот орындаушыларының кәсіби мерекесі маусым айының 2-інші бейсенбісі болып табылады.


Биылғы жылы сот орындаушылары кәсіби мерекені 13 маусым күні атап өтті. Бұл күні департаментте “Ашық есік күні” ұйымдастырылып, азаматтарды қабылдау жүргізілді. Көптеген қала тұрғындары атқару құжаттарына қатысты барлық сұрақтар бойынша сот орындаушыларынан білікті ақыл-кеңес алды. Сот орындаушыларының жұмысының оңай еместігіне көз жеткізген азаматтар мереке иелеріне табыс тіледі.
(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp