«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.12.2013

ТАЙЫНШАДА БӘРІ ТАМАША СИЯҚТЫ, тек тоқтап тұрған “Биохим” мен қазақ мектебінің тарлығы болмаса…

“Қазақстан” телерадиокорпорациясы АҚ облыстық филиалында өтетін аудан басшыларының кезекті баспасөз конференциясында Тайынша ауданының әкімі Серік Салтықов ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстырды. Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Тайынша ауданында биылғы жылы ауыл шаруашылығының ішкі жалпы өнімі 32 миллиард теңгені құраған. Аудан басшысының айтуынша, мұнда облыс бойынша алғашқы болып егіншілікті әртараптандыру жұмысы қолға алынып, майлы дақылдардың егіс алқабы 112 …

ТАЙЫНШАДА БӘРІ ТАМАША СИЯҚТЫ, тек тоқтап тұрған “Биохим” мен қазақ мектебінің тарлығы болмаса… Read More »

ОЗАТТАРҒА ҚҰРМЕТ

Тәуелсіздіктің 22 жылдығы қарсаңында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында салтанатты жиналыс болып өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Владимир Балахонцев қатысты. Владимир Балахонцев жиналғандарды Қазақстан Республикасының төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, аталмыш мекемеге “Сала көшбасшысы – 2013” ұлттық сертификатын, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исмановқа, басқарманың бас маманы Тимур Әуеловқа ҚР …

ОЗАТТАРҒА ҚҰРМЕТ Read More »

ЖАҢА ТУРБИНА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ, журналист. Тәуелсіздік күні қарсаңында Петропавлдағы №2 жылу-электр орталығында жаңа турбина іске қосылды. Облысты жылу және жарықпен қамтып отырған кәсіпорын бұл жұмысты энергия үнемдеу және инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында атқарған еді.

БАЙЛАНЫСШЫЛАРҒА – “ТЕМІР ТҰЛПАР”, БҮЛДІРШІНДЕРГЕ – БАЛАБАҚША

Қошан ҚАЛИ, “Солтүстік Қазақстан”. Тәуелсіздік күнгі қуанышты сәттердің бірі “Қазпочта” акционерлік қоғамы облыстық филиалына қатысты болды. Мереке қарсаңында аталған филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне 18 “УАЗ” автокөлігі берілді. Айыртау, Ақжар, Есіл, Жамбыл, Мағжан Жұмабаев, Ғ. Мүсірепов атындағы, Тайынша, Тимирязев, Қызылжар, Шал ақын аудандық пошта байланысы тораптарының басшыларына жаңа көліктердің кілтін облыс әкімі Самат Ескендіров тапсырды.

ЖАС ЖҰБАЙЛАР БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында облыс әкімі Самат Ескендіров Петропавл қаласына ерекше көрік беріп отырған “Береке” шағынауданында жас отба-сыларға “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы аясында жаңа пәтер кілттерін табыс етті.  Қанат АТАМАНОВ,   “Солтүстік Қазақстан”. Салтанатты рәсімде жас отбасыларды өңір басшысы құттықтап, олардың қуаныштарымен бөлісті.  

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ 55 отбасы қоныстой тойлады

Биылғы Тәуелсіздік мерекесінде бір топ қызылжарлықтар көптен күткен баспаналарының кілттеріне ие болды. Облыс орталығында жаңадан салынған 55 пәтерлік ипотекалық тұрғын үйдің кілтін өңір басшысы Самат Ескендіров табыстады.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,   “Солтүстік Қазақстан”. – “Қазақстан – 2050″ Стратегиясы” – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” деген тақырыптағы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Үкімет алдына қойған …

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ 55 отбасы қоныстой тойлады Read More »

БҰРЫНҒЫ “ИВУШКА” – БҮГІНГІ “БАЛДЫРҒАН”

Тоқтар ЗІКІРИН, “Солтүстік Қазақстан”. Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңындағы өңір басшысы қатысқан мерекелік шаралар облыс орталығындағы “Балдырған” бөбекжай – бақшасының ашылуымен басталды. Қаланың Пионер көшесіндегі бір кездері “Ивушка” деп аталған балабақша ғимараты ұзақ жыл Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 9-шы корпусы ретінде қызмет етіп, енді, міне, күрделі жөндеу мен жаңғыртылудан кейін бастапқы мақсатты қызметіне қайта кіріскелі отыр.

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨРІНДЕГІ САЛТАНАТ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қаламыздың Қазақстан Конституциясы көшесіндегі орталық алаңында ұлттық мерекеге арналған салтанатты жиын болып өтті. Оған жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын өңір басшысы Самат Ескендіров құттықтады.

ӘДЕПТІЛІК — ӘДЕМІЛІК

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ. Ең жақсы әдет – халқыңның әдеті. Ең жақсы киім – халқыңның киімі. Ақыл, ой, білім – әр адамның сәулеті. Ұлы адамдар есігі – бақыт көзі, мейірімі – бақыт кілті. Ақыл мен білімнің тілмашы – тіл. Ақылды ақшасыз-ақ дәулетті. Әкең – асыл қазынаң, аға, інің – асқар тауың, ал досың – әрі асқар тауың, …

ӘДЕПТІЛІК — ӘДЕМІЛІК Read More »

ЖҰМБАҚТАР

Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ. Жаңалықты жарақты, Тасқа басып таратты. Табылады іздесең, Маржан сөздер қанатты.

КЕТСІН БІР

Ойынға қатысушылардың саны екіден аспауы керек. Екеуі сақаларын қосып, кезектерін анықтау үшін иіреді. Сосын бірінші кезек алған ойыншы қарсыласының сақасын атқан кезде шамасы келгенше алысқа ұшыруға тырысады. Сөйтіп, сақаның алғаш жатқан жерінен ұшып барған орнына дейінгі арақашықтықты табан ұзындығымен өлшейді. Яғни, қанша табанға ұшырса, келісілген шарт бойынша сонша асығын алады. Мысалы, ойыншылар үш табанға бір …

КЕТСІН БІР Read More »

БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ? (Түрік ертегісі)

Жас достар, газетіміздің “Балалар әлемі” қосымшасынан бұған дейін де әлем халықтарының тәлім-тәрбие берер талай ертегілерін оқып келдіңіздер. Біз сол дәстүрімізді жалғастыра отырып, енді “Әлем халықтарының ертегілері” деген жаңа айдар ашып, соның аясында еліміздегі ынтымағы жарасқан ұлт пен ұлыстардың ертегілері, ғибратты әңгімелерін жариялап отыруды жөн көрдік. Егер де балалар сондай ертегілердің бірін өздеріңіз де білсеңіздер, газетімізге …

БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ? (Түрік ертегісі) Read More »

АДЫРНА

Адырна – қазақ халқының ертеден келе жатқан музыка аспабының бірі. Әуелде адырна садақ пішінді болған. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап, шанақ, мүйіз жасалып, шанақтың асты-үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішектер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң және сол қол саусақтарымен іліп, тартып …

АДЫРНА Read More »

ЖИЫРМАДАН АСТАМ ҮМІТКЕР ҚАТЫСТЫ

Өз ойларын, арман-тілектерін қағаз бетіне түрлі түстермен салуды ұнататын ұл-қыздар үшін “Солтүстік Қазақстан” газеті Вееline Қазақстанмен бірлесе байқау ұйымдастырды. Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған байқауға Отан, туған жер, ел, бейбітшілік, бірлік тақырыптарын қамтыған суреттер редакциямызға келіп түсті. Мектеп жасындағы балалар қатысқан байқауға 20-дан астам үміткер өзара бақ сынасып, редакциямызға 30-ға жуық сурет жолдады.