«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.03.2014

ҮШ КЛУБТЫҢ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында облыстық Балалардың құқығын қорғау басқармасы отырыс өткізді. Оған “Отбасы ошағы – Семейный очаг” көпбалалы аналар, “Мейірімділік әлемі – Мир добра” бала асырап алған ата-аналар клубы және әкелер мектебінің мүшелері қатысты.  Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Кездесу барысында отбасында орын алатын түрлі маңызды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ жоғарыда атап өткен клуб мүшелеріне мемлекет тарапынан …

ҮШ КЛУБТЫҢ МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ Read More »

“СОЛТҮСТІК – 2014” АЯҚТАЛДЫ

Жамбыл ауданының орталығы – Пресновка ауылында дәстүрлі “Солтүстік – 2014” қысқы ауылдық спорт мерекесі өз мәресіне жетті. Спорттық шара барысында 200-ден астам солтүстікқазақстандық спорттың 7 түрі бойынша бақ сынаған болатын.  Бұған дейін конькимен сырғанау, допты хоккейден, президенттік көпсайыс және биатлон бойынша жарыстар облыс орталығы мен Айыртау ауданының спорт алаңдарында өткен болатын. Ал сайыстың ақтық кезеңінде …

“СОЛТҮСТІК – 2014” АЯҚТАЛДЫ Read More »

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ТУРНИР ӨТТІ

Уәлиханов ауданында кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай шайбалы хоккейден турнир өтті. Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі Аман Төрегелдин осынау айтулы датамен барша жұртты құттықтай отырып, турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі. Турнирге барлығы бес команда қатысты. Екі күнге созылған тартысты әрі қызықты өткен ойындар барысында “Озерный” командасы үшінші орынды еншілесе, “Мортық” …

ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН ТУРНИР ӨТТІ Read More »

АТАҚТЫ МАРАФОНШЫНЫҢ АРМАНЫ – Гиннес рекордтар кітабына кіру

Жамбыл ауданындағы Ольговка ауылының тұрғыны, белгілі марафоншы Әскер Қожанов жуырда Астанадан жеңіспен оралған бетінде кездесіп, сұхбаттастық. – Әскер Айбергенұлы желмен жарысып, рекорд жасаған жүйрік екеніңізді жастардың көбі біле бермейтін сияқты. Сондықтан спортпен қоян-қолтық арала-суыңызға тоқтала кетсек. – Жас күнімде атағым алысқа кетіп, айтулы додалардан жүлде аламын деп ойлаған емеспін. Далада доп теуіп, ауланың құмын көкке …

АТАҚТЫ МАРАФОНШЫНЫҢ АРМАНЫ – Гиннес рекордтар кітабына кіру Read More »

“ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ” жеңімпаздарын анықтады

Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-интернат-лицейінде жалпы білім беретін оқу орындарының қазақ және өзге ұлт өкілдері оқушыларының арасында қазақ тілінде өтетін республикалық “Жарқын болашақ” олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. 5 бағытта өткен сайысқа 126 үміткер қатысты. “Сөз шеберлері” бағытына 31 оқушы қатысты. Ол қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп …

“ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ” жеңімпаздарын анықтады Read More »

ҚОЛЫНДА ОНЫҢ – “АЛТЫН КІЛТ”

Қызылжар ауданындағы “Парасат” мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Гүлсара Темірғалиева “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ-ның” СҚО ПҚ БАИ” филиалы математика пәні мұғалімдерінің арасында өткізген облыстық “Алтын кілт” байқауында жеңімпаз атанды. Гүлсара Серғазықызы 1987 жылы К.Ушинский атындағы Петропавл педагогикалық институтын тамамдаған. 26 жыл бойы оқушыларын сандардың құпиясына терең бойлатып жүрген жоғары санатты ұстаз. Ол “Математика сабақтарында …

ҚОЛЫНДА ОНЫҢ – “АЛТЫН КІЛТ” Read More »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Облысымыздың бір топ оқушысы Алматы қаласында өткен Өмірбек Жолдасбеков атындағы механика және математика бойынша зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Конкурс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде ақпанның 27-сі мен наурыздың 2-сі аралығында өткізілді. Аталмыш конкурс математикаға қызығушылығы бар дарынды балаларды қолдауға және анықтауға арналған. Оған алыс және жақын шетелдерден оқушылар қатысты. Ғылымға …

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСТАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ Read More »

БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙ БІЛЕЙІК

Қазақ халқының әндері – ұлттық мәдениетіміздің баға жетпес құнды жауһарлары. Домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын әндер дауыстың ырғағы ең жоғары және төменгі шектеу аралығында еркін құбылатынына таңғаласың. Рахмет ЖҰСЫП, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. Кезінде Әміре Қашаубаев атамыздың Париж сахнасында орындаған әнін Еуропа жұртшылығы жоғары бағалағанын оқығанымыз бар. Ұлы Абай бабамыз: “Әннің де естісі бар, есері бар, …

БАРЫМЫЗДЫ БАҒАЛАЙ БІЛЕЙІК Read More »

Қуандық ҚАСЫМОВ: “ТЕАТР — ЖОҒАРЫ РУХАНИЯТ БЕСІГІ”

Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін беру, мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу мәселесін көтеріп, бұл туралы Үкіметке нақты тапсырма жүктеді. Соған орай 2014 жылғы 11 ақпанда өткізген отырысында республика Үкіметі өзінің тарихында тұңғыш рет отандық театрлардың көкейкесті проблемаларын талқылады. Әсіресе, өңірлік театрларда қордаланған өзекті мәселелердің бары рас.Үкімет отырысында көтерілген мәселелер …

Қуандық ҚАСЫМОВ: “ТЕАТР — ЖОҒАРЫ РУХАНИЯТ БЕСІГІ” Read More »

БАЛАНЫҢ ҚАБІЛЕТІ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМИДЫ

Белгілі педагог А.Макаренко айтқандай, бала ойын ойнағанда өзін қалай көрсетсе, өсе келе еңбекте де солай болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеудің бірден-бір жолы – ойын. Адамның бүкіл өмірлік жолында бір-бірінің орнын басып тұратын үш түрлі генетикалық іс-әрекет бар. Олар: ойын, оқу, еңбек. Ойын – үлкендердің балаларды тәрбиелеудегі іс-әрекеті. Ойынның теориялық түсінігі педагогика мен психологияда көп …

БАЛАНЫҢ ҚАБІЛЕТІ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМИДЫ Read More »

МАҢЫЗДЫ ПӘН

Кеңес өкіметі тұсында атеистік сеніммен тәрбие алған аға буын өкілдерінің де, олардың ұрпақтары – біздердің де дін туралы сауатымыздың ең төменгі деңгейде екендігін жасыра алмаймыз. Бұл туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің “Тарих толқынында” атты кітабында: “Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. …

МАҢЫЗДЫ ПӘН Read More »

ЖАҚСЫ АДАМДАРДЫҢ ЖАНАШЫРЛЫҒЫМЕН өмірден өз орнын тапты

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта тәрбиеленген Оксана Рублева қазір Петропавлдағы “Балдырған” балабақшасында әдіскер болып жұмыс істейді. Ол – отбасы құрып, бала сүйіп, бақытты ана атанумен қатар, ұжымның мақтаулы қызметкері. Оксана Рублева отбасылық жағдайына байланысты 1987 жылы 11 жасында Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатқа түседі. Мектеп-интернатта алғашқы кезде …

ЖАҚСЫ АДАМДАРДЫҢ ЖАНАШЫРЛЫҒЫМЕН өмірден өз орнын тапты Read More »

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚҚА ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТУ

Ауданның сан алуан тіршілігі жергілікті мәслихат жұмысымен тікелей байланысты десек, артық айтқандық емес. Тайынша ауданының көкейкесті мәсе­лесін шешуге қаржы бөлу, билік пен халық арасында «алтын көпір» қыз­метін адал атқару, оң шешім қабылдау депутаттар белсенділігіне, сондай-ақ мәслихаттың белсенді жұмысына байла­нысты. Осы жайында аудандық мәслихат хат­шысы Қайрат Шәріповпен әңгімелескен едік. – Қайрат Кеңесұлы, өткен жылдың жұмысын еңсерген …

БАСТЫ МАҚСАТ – ХАЛЫҚҚА ҚАЛТҚЫСЫЗ ҚЫЗМЕТ ЕТУ Read More »

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ҚИЫНДЫҚТАРЫН БІРЛЕСЕ КӨТЕРДІК

Таңат СҮГІРБАЕВ, Жамбыл аудандық мәслихаттың 1994-2007 жылдардағы хатшысы, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы. Тәуелсіз еліміздің жан-жақты дамуының басты шарттарының бірі басқару органдарының құрылымын жетілдіру болып табылатыны белгілі. Сондықтан да 1993 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы” Жарлығы шығып, ол өз кезегінде жергілікті мемлекеттік органдардың атауы мен құрылымына маңызды өзгерістер енгізді. …

ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢ ҚИЫНДЫҚТАРЫН БІРЛЕСЕ КӨТЕРДІК Read More »