«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.03.2014

ҒЫЛЫМ мен ӨНДІРІСТІ ҰШТАСТЫРҒАН ҰЖЫМ

Аққайың ауданының Шағалалы ауылындағы “Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы” ЖШС Қызылжар өңіріне елімізде аудандастырылған дәнді, майлы және жемшөптік дақылдар егу, күтіп-баптау және жинау әдістерін ғылыми негізде ұсынуымен, заманауи жаңа технологияларды ұтымды пайдалануымен ерекшеленеді. Аталмыш серіктестік соңғы жылдары етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығын дамытуға, соған орай жемшөп базасын нығайтуға басымдық беріп отыр. Аталмыш серіктестікті 5 жылдан …

ҒЫЛЫМ мен ӨНДІРІСТІ ҰШТАСТЫРҒАН ҰЖЫМ Read More »

ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АТТЕСТАТТАУ 5 жылда кемінде 1 рет өткізіледі

Арман БАСЕНОВ, мемлекеттік еңбек инспекторы. Өндіріс орындарының табысты әрі жарасымды дамуы және сапалы өнім шығарылуына жағдай жасау үшін еңбек жағдайлары жөнінде аттестаттау жүргізу маңызды мәселе болып табылады. Жұмыс беруші жұмысшылар өкілдерінің қатысуымен өндірістік нысанның жағдайлары бойынша 5 жылда 1 реттен кем емес аттестаттау өткізуге міндетті. Жұмыс орнына еңбек жағдайлары жөнінде аттестаттау өткізу Қазақстан Республикасының Еңбек …

ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АТТЕСТАТТАУ 5 жылда кемінде 1 рет өткізіледі Read More »

25 КӘСІПОРЫН ЗАҢНАМАНЫ БҰРМАЛАП, еңбекақыдан берешек болып отыр

“Қазақстан” телерадиокорпорациясы” АҚ-ы облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз конференциясында облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Амантай Сейфуллин өңірдегі кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек заңнамасының орындалу барысы туралы баяндады. Жадыра ЕСЕНГЕЛДІ, “Солтүстік Қазақстан”. Жұмыс берушілер мен жұмысшылардың құқықтарын және еңбек заңнамасының қорғалуын қадағалайтын құрылым қызметкерлері былтыр облыс бойыша 737 кәсiпорынды тексеріп, еңбек заңнамасына қатысты 1968 бұзушылықты тіркеген. …

25 КӘСІПОРЫН ЗАҢНАМАНЫ БҰРМАЛАП, еңбекақыдан берешек болып отыр Read More »

АЛЫСТАҒЫ АУДАНДА ДА жұмыссыздар қатарындағылар – экономистер мен заңгерлер…

Елді мекендердегі тұрғындарды жұмыспен қамту үдерісі қалай жүріп жатқандығын білу мақсатында Уәлиханов ауданының Жұмыспен қамту орталығынның директоры Әлима Мұхамедьярованы әңгімеге тартқан едік. – Әлима Зәйкенқызы, бүгінде қазақстандықтарды жұмыспен қамту – басты мәселелердің бірі. Көптеген елді мекендерде жұмыс болмағандықтан, тұрғындар қала маңына қарай қоныс аударуға мәжбүр болуда. Сіздің ауданда бұл мәселе қалай шешілуде? – Жыл сайын …

АЛЫСТАҒЫ АУДАНДА ДА жұмыссыздар қатарындағылар – экономистер мен заңгерлер… Read More »

ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН

Анар КАСЕНОВА, Социал негізгі мектебінің педагог-психологі. Қазіргі кезде оқу мен тәрбие егіз деп айтсақ, қателеспейміз. Мектептегі балалардың оқуына, тәрбиесіне келгенде тек мұғалім ғана емес, сонымен қатар ата-ана да бірлесіп жұмыс істеуі керек. Қазір балалар жаңа ақпараттық технологиялармен көп араласады. Кітап, журнал оқығаннан гөрі, Интернет желісін ұнатады. Оның балаларға кері әсері аз емес.

ДЕҢГЕЙЛІК КУРСТАН АЛҒАН ҒАЖАП ӘСЕРІМ

Ұлболсын СОЛПАНОВА, Афанасьевка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі. Мен 2013 жылдың көктемінде Петропавл қаласындағы Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтында Кембридж университеті бағдарламасы бойынша үшінші базалық деңгейдегі курсты бітіріп, сертификатқа қол жеткіздім. Жаттықтырушымыз Балғаным Оспанова бізге бар білімін үйретті. Бұл бағдарламаның мақсаты – педагог қызметкерлердің қосымша білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазіргі кезде қарқынды …

ДЕҢГЕЙЛІК КУРСТАН АЛҒАН ҒАЖАП ӘСЕРІМ Read More »

ӘЖЕСІНЕН – АНАСЫНА, ОДАН – ҚЫЗЫНА

Ләйла ЖАНЫСОВА, “Солтүстік Қазақстан”. Ұлы Отан соғысының қайнап тұрған кезінде туған Сапия Жұматоллақызы қолына бала күнінен ине-жіп ұстаған. Анасы Қалима ауыл адамдарына киім-кешек тіккенде ол жанында ойнап жүріп-ақ шешесінің киімді қалай пішіп, қалай тігетінін көріп, көңіліне тоқып өсіпті. – Ол кезде қазіргідей дайын киім сатылмайды. Шешем бізге көйлек-көншек, кеудеше, қамзол, ішік, тағы басқа киім-кешектерді өзі …

ӘЖЕСІНЕН – АНАСЫНА, ОДАН – ҚЫЗЫНА Read More »

ТӘЛІМГЕР ТІГІНШІ

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. – Бұл әріптесімнің қолынан келмейтін іс жоқ. Он саусағынан өнер тамған шебер. Ұстаз болуға жаралған жан. Ол сабақтарында балаларды кәсіпке баулып қана қоймай, үйренген істерін әрі қарай шығармашылықпен дамытуға дағдыландырады. Одан дәріс алған жастардан білікті маман шығары сөзсіз. Біз бұл әріптесімізді құрмет тұтамыз, – деген оқытушы Күлмайраш Қасымова мені тігін цехына …

ТӘЛІМГЕР ТІГІНШІ Read More »