КӨПІР СУ АСТЫНДА ҚАЛДЫ
Су деңгейінің көтерілуіне байланысты облыс орталығынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Новоникольское ауылының маңында Есіл өзені арқылы өтетін көпір су астында қалды. Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, өзеннің арнасынан асу биіктігі 170 сантиметрді құраған. Бүгінде Боголюбово ауылы арқылы айналма жолмен өту ұйымдастырылған. Ал Новоникольское ауылын су басады деген қауіп жоқ. Ведомство қызметкерінің мәлімдеуінше, …