«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.04.2014

ЕРЕКШЕ ФЛЕШ-МОБ

Мектеп оқушыларының қатысуымен солтүстікқазақстандық полицейлер “Отбасы. Жасөспірім. Көше” атты жедел-алдын алу шарасы аясында би флеш-мобын ұйымдастырды. Облыстық Әкімшілік полициясы басқармасынының ұйымдастыруымен Петропавлдағы мәдениет және демалыс саябағындағы би алаңында өткен акцияға жүзден астам мектеп оқушысы қатысты. Полицейлер осындай ерекше тәсілдермен жеткіншектердің құқықтық сауатын арттыру шараларын қолға алып отыр. Ол жайында облыстық Әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Бауыржан …

ЕРЕКШЕ ФЛЕШ-МОБ Read More »

ҚАРУ ТАПСЫРҒАНДАР ҚАРАЖАТ АЛДЫ

Заңсыз сақталып келген қаруларды, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді сатып алуды көздеген республикалық акция өз мәресіне жетті. 21 сәуірден басталған шараның алғашқы күндерінде солтүстікқазақстандықтар 11 атыс қаруы мен 200-ге жуық оқ тапсырды. Облыстық ішкі істер департаментінің Криминалды полиция басқармасының бастығы Мыңбай Асылбековтың мәлімдеуінше, заңсыз қару, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілерді дайындау және олардың айналымының алдын алу мақсатында …

ҚАРУ ТАПСЫРҒАНДАР ҚАРАЖАТ АЛДЫ Read More »

98,4 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ӨНДІРІЛІП АЛЫНДЫ

Облыстық Сот актілерін орындау департаментінің орындауында 2014 жылдың басынан бері әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөнінде 716,1 млн. теңге соманы құрайтын 36 158 атқарушылық құжат болды. 98,4 млн. теңге сомаға 9303 атқарушылық құжат бойынша жұмыстар аяқталды. Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жөніндегі негізгі жүктеме Петропавл қаласы бойынша сот орындаушыларына түсіп отыр. Айталық, “Солтүстік Қазақстан облысы Сот актілерін …

98,4 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ӨНДІРІЛІП АЛЫНДЫ Read More »

АЛҒА БАСУШЫЛЫҚ БАР

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында сот шешімдерінің уақтылы әрі мүлтіксіз орындалуына ықпал жасайтын жаңа құжат қабылданған уақыттан бері сот актілерін орындау ісінің алға басқаны байқалады. Ол жайында облыстық Сот актілерін орындау жөніндегі департаментте өткен тоқсан қорытындысына арналған баспасөз конференциясында айтылды. Департамент басшысының орынбасары Батырбек Қалабаевтың мәлімдеуінше, 3 айдың ішінде атқару өндірісіндегі істер оның алдыңғы жылдың сәйкес …

АЛҒА БАСУШЫЛЫҚ БАР Read More »

ОТ КЕШКЕН КҮНДЕР

Қызылжар аудандық ардагерлер кеңесіне кіріп келген Константин Дедов бөлме ішіндегілермен шүйіркелесе амандасып жатты. Сексеннің сеңгіріне шыққан соғыс ардагерінің бет-әлпеті солғын тартып, көздері шүңірейіп, жүрісі баяулай бастапты. Дегенмен, қарттың көңіл күйі уақыт сынына мұқалмағандай екен. Ардагерді алдағы Жеңіс мерекесімен құттықтап, амандық-саулығын тілегеннен кейін біз одан қысқаша өмір жолы туралы сұрадық. – Мен 1925 жылы Новокаменка ауылында …

ОТ КЕШКЕН КҮНДЕР Read More »

АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов петропавлдық қарт майдангер Василий Турашевты Ұлы Жеңістің 69 жылдығымен құттықтады.  – Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің арқасында бейбіт заманда өмір сүрудеміз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: “Ардагерлерді құрметтеп, әрқайсына жеке көңіл бөлінуі тиіс”, – деген …

АРДАГЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ Read More »

МЕДИАЦИЯ БІТІСТІРУ МАҚСАТЫН КӨЗДЕЙДІ

Медиация – дауларды шешу тәсілі. Келісе алмаушылықты шешудің басқа нысандарымен ұқсастығы болғанымен, медиацияның бірнеше маңызды ерекшеліктері бар. Негізгісі – талқылау кезінде бейтарап үшінші тараптың болуы. Ол ешқандай шешім шығармайды, алайда қатысып, проблеманы зерделеп, дауласып жатқан тараптардың өздері шешім қабылдауына ықпал етеді. Медиация тәртібі – дауды шешудегі анық құрылымдық делдалдық процесс. Медиация мақсаты дауласып отырған тараптардың …

МЕДИАЦИЯ БІТІСТІРУ МАҚСАТЫН КӨЗДЕЙДІ Read More »

БОЛАШАҚ САРБАЗДАР ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментте Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызметін өтейтін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі болып өтті. Шараға олардың туған-туыстары, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкерлері және Қарулы Күштер ардагерлері қатысты. Бұл жолы әскер қатарына шақырылған 71 азаматтың 16-сы республикалық гвардияға алынса, қалғандары Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне жіберілмек.

“ӨЗ БИЗНЕСІҢДІ БАСТА” АКЦИЯСЫ

“Нұр Отан” партиясы өз ісін нәтижелі жүргізу үшін кәсіпкерлерге көмек көрсету және қолайлы жағдай жасау мақсатында “Мықты бизнес – қуатты мемлекет” – “Сильный бизнес – сильное государство” жобасын жүзеге асырып жатыр. Аталмыш жоба аясында 30 сәуір күні сағат 15-те барлық жерде республикалық “Өз бизнесіңді баста” акциясы өтеді. “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы кеңсесінде “Даму” қорының …

“ӨЗ БИЗНЕСІҢДІ БАСТА” АКЦИЯСЫ Read More »

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ

“Солтүстік” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” Ұлттық компаниясы” АҚ-ы мен “Солтүстік машина жасау зауыты” ЖШС бірлескен Индустриялық аймақ құру туралы меморандумға қол қойды. – Біздің меморандумға қол қоюдағы мақсатымыз – индустриялық аймақ құру. Ол “Солтүстік машина жасау зауыты” АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылады. Бұл кәсіпорын бұрынғы Шағын литражды двигательдер зауыты, онда жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін өндірістік нысандары мен …

ИНДУСТРИЯЛЫҚ АЙМАҚ ҚҰРЫЛАДЫ Read More »

ТЫҢ ТУРАЛЫ ТУЫНДЫ

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатында тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орайластырылған “дөңгелек үстел” ұйымдастырылды. Облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғановтың қатысуымен өткен аталмыш іс-шара барысында “Тың эпопеясы” тарих таразысында” атты жаңа кітап таныстырылды. Өз еңбегінің арқасында алғашқы тыңгерлерге және жалпы оқырман қауымға ерекше сыйлық жасаған Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының директоры Сәуле Мәлікова кітаптың мазмұны, оны …

ТЫҢ ТУРАЛЫ ТУЫНДЫ Read More »

“ДОСТЫҚ” ДАМЫП КЕЛЕДІ

Өмірсерік Қозыбайұлы Покровка ауылындағы ауыл шаруашылығы техникумын тамамдаған соң Қорған қаласындағы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – мал дәрігері. Кеңес өкіметі жылдарында кеңшарда мамандығы бойынша талай жыл қызмет атқарған оның ауыл шаруашылығы саласының білікті де білгір маманы екендігінде күмән жоқ. Қоғамдық құрылым өзгеріп, іскерлер жеке кәсіпкерлікке көңіл аудара бастаған кезде Өмірсерік Қозыбайұлы өзінің жеке шаруашылығын …

“ДОСТЫҚ” ДАМЫП КЕЛЕДІ Read More »

АУЫЛДАСТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАМЫЗ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында “Қазақстан – 2050” Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі кезек күттірмейтін міндеттер белгіленіп, қойылған мақсаттарға қол жеткізудің нақтылы бағыт-бағдарлары көрсетілген. Жолдаудың аясында халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа көкжиектері ашылады, онда әрбір қазақстандыққа көңіл бөлініп, зейнетақыны, еңбекақыны, жәрдемақыны және шәкіртақыны көтеру, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау жасау, кәсіпкерлер үшін бизнес жүргізуді жеңілдету сияқты әлеуметтік …

АУЫЛДАСТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАМЫЗ Read More »

ЖЫЛ СОҢЫНДА “ЖЕМҚОРЛАР” КӨБЕЙЕДІ… НЕГЕ?

Ермек Махатов – есімі елге танымал атбегі, Қызылжар өңірінде көкпар сияқты ұлттық спорт түрлерін қайтадан өркендетуге аянбай атсалысып жүрген жанашыр азамат. Ұзақ уақыт аудандық ішкі істер бөлімдерін басқарып, полиция подполковнигі шенін алып, зейнет демалысына шыққан соң үйінде қол қусырып, бос отыра алмай, Уәлиханов ауданы әкімінің орынбасарлығы қызметіне орналасқан. Бұл жауапты қызметін де бірнеше жылдан бері …

ЖЫЛ СОҢЫНДА “ЖЕМҚОРЛАР” КӨБЕЙЕДІ… НЕГЕ? Read More »

АЙЫ ОҢЫНАН ТУҒАН ҚАЙЫРЖАН

Кәсіпкерліктің қыр-сырын бір адамдай меңгеріп алған Қайыржан Қазбекова Тайынша қаласында тұрады. Істің көзін тауып, оны одан сайын өркендетуге бар күш-жігерін салып жүрген еңбекқор жанның алдына қойған мақсаты қолға алған жұмысын дөңгелетіп, бизнестің талай биіктерін бағындыру болып табылады. Тағдырдың жазуымен ата-анасынан ерте айрылған Қайыржан Әукейқызы еңбекке жастай араласқан. 10-сыныпты бітіргенде сауыншы болып жұмыс істеген. Қатарының алды …

АЙЫ ОҢЫНАН ТУҒАН ҚАЙЫРЖАН Read More »

АСТАНА ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астана қаласын одан әрі дамыту жөнінде кеңес өтті. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Астананың бұрынғы жылдардағыдай қарқынды дамуын жалғастырып келе жатқанына тоқталды. Астанадан мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер көлемі соңғы бес жылда екі есе артып, 60 млрд. теңгеден асқанына назар аударды. – Келесі жылдан бастап қала ел бюджетінің донорына айналады. Өндірілген өнімдер …

АСТАНА ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС Read More »

ВИКТОР ХРИСТЕНКОМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенкомен кездесті. Кездесу кезінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Минскіде өтетін алдағы отырысының күн тәртібінің негізгі мәселелері талқыланды. Қазақстан Президенті мемлекеттер басшыларының жоспарланған кездесуінің маңыздылығын, онда интеграциялық құрылымдар аясында бұдан арғы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасылатынын атап өтті. В.Христенко Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің, сондай-ақ, …

ВИКТОР ХРИСТЕНКОМЕН КЕЗДЕСТІ Read More »

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі

Петропавл қаласы 2013 жылғы 28 наурыз №24/18   (Бесінші шақырылымның XХІV сессиясы) Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың Регламентін бекіту туралы   “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 9-бабына, “Мәслихаттардың үлгі регламентін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат …

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі Read More »