«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 18, 2015

ОЛЖАС – БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕР

Еліміздің әр түкпірінен ғылымға әуес, жаңалық ашуға құштар жас өнертапқыштардың жиі бой көрсетуі өркениетке ақыл-оймен, озық технологиямен ұмтылған мемлекетіміздің болашаққа нық сенімі іспеттес, көңілімізге мақтаныш сезімін ұялатады. Петропавлдағы №16 орталау мектебінің директоры Данияр Уәлиевтің де еңбегі түрлі республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларда сыналып, жоғары бағаланып жүр. Робот жасау техникасымен шұғылданған жігіт өзінің ізденімпаздығының арқасында жеңіске жетіп …

ОЛЖАС – БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕР Read More »

ӨЛЕҢ-ӨМІР

“Жас қыран” жастар қосымшасы талантын талабымен шыңдап, өлең ағысына нәзік, сыршыл үнімен қосылуды көздеген өңіріміздің жас ақындарын оқырманға таныстыруды жалғастыруда. Бүгінгі кейіпкеріміз – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Айымгүл Қадырменова. Оның есімі жырсүйер жұртшылыққа етене таныс болмаса да, облыстық деңгейде өткізілген бірнеше дүркін жыр мүшайраларында жұлдызы жанып, жүлдегер атанып жүр. Көңіл ырғағын, …

ӨЛЕҢ-ӨМІР Read More »

АРМАН ЖЕТЕЛЕЙДІ

Мен Сексен көлдің саясындағы “Арқаның кербез сұлу Көкшетауында” өмірге келдім. Әкем отбасын құрып, өскен өлкесі Айыртау ауданына қарасты Қаратал ауылына барып үй алып, сол жерде қалмақшы болыпты. “Туған жерімнің түтінін түтетемін” деп жүргенде жұмыс бабымен Көкшетау қаласынан пәтер беріліпті. Бас ауруына айналған баспана мәселесі шешілген соң ауылға кетемін деген ойынан айныған әкем қаладағы жұмысын жалғастырған. …

АРМАН ЖЕТЕЛЕЙДІ Read More »

МАЙДАНГЕРЛЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Талай ұл мен қызды әкесіз, ал талай ата-ананы баласыз қалдырған қанқұйлы соғыстың аяқталғанына биыл 70 жыл толды.

ӨТЕЛГЕН ПАРЫЗ

Облыс орталығының тұрғыны Кемел Асқаров ұзақ жылдардан бері Екінші дүниежүзілік соғыста майдан даласында қаза тапқан әкесінің жерленген жерін іздеумен болған еді. Бар білетіні – әкесі Асқар Исақов 1943 жылы мамырдың 7-сі күні Калинин облысындағы Новосокольнический ауданындағы Бутинино селосы маңында қаза тапқан. Отбасына жолданған “қара қағазда” осы жай хабарланған. Әйтсе де, Ресей Федерациясындағы мұрағаттарға жолданған хаттар …

ӨТЕЛГЕН ПАРЫЗ Read More »

БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫНЫҢ СҰРАУЫ БАР

Облыстық тексеру комиссиясы қаржылық бақылау инспекциясымен бірлесіп жергілікті бюджеттің атқарылуына және Қызылжар ауданы аумағын дамыту бағдарламасының жүзеге асырылу барысына бағалау жүргізген болатын. Тексеріс нәтижесі көңіл көншітпейді. Облыстық қаржылық бақылау инспекциясы ауданның 4 мекемесін тексерді. Оның барысында анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 31 592,6 мың теңгені құрады.

ЖЕРДІҢ “ЖЫРЫ”

Жердің дауы ықылым заманнан оңай шешілмеген. Бүгінгі таңда да бұл мәселе өзектілігін жойған жоқ. Облыс орталығында ғана жер телімдерін заңсыз оңды-солды үлестірген құзыретті органның “қайырымдылығының” салдарынан бүгінде ұлтарақтай жерге зәру жандардың кезегі кемімей тұр.

ОРЫНДАЛҒАН АРМАН

Жамбыл ауданының Майбалық ауылында өмір сүрген Сүлеймен Жұмағұловтың төрт бірдей ұлы қанды майданға аттанған екен. 1941 жылғы шілдеде Зейне, содан кейін 1942 жылдың күзінде Кәрім, 1943 жылдың басында Бопан шинель киіп, қару асынған. Қабдыраш болса, 1939 жылы жиырма жасында міндетті әскер қатарына шақырылып, соғыстың бірінші күнінен бастап жаумен айқасқан. Тағдырдың жазуымен төрт азаматтың үлкені Кәрім …

ОРЫНДАЛҒАН АРМАН Read More »

САҢЛАҚТЫҢ СУРЕТІ – МҰРАЖАЙДА

Әбілхан Қастеев – қазақ халқының ұлттық бейнелеу өнерінің тұтас мектебін қалыптастырған айтулы тұлға. Оның қай туындысын алып қарасаңыз, бәрі де құнды. Бұрынғы Талдықорған облысында дүниеге келген суретші картиналарының басым бөлігі оның есімімен аталған Мемлекеттік өнер мұражайының алтын қорында сақтаулы. Халқының өмірін жан-жақты бейнелеген қылқалам иесі өз туындыларында қазақтың Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбаев, Амангелді Иманов, Шоқан …

САҢЛАҚТЫҢ СУРЕТІ – МҰРАЖАЙДА Read More »

ДІН ЖӘНЕ БІЗ

Иісі мұсылман қауымының қадірлеп, ынтыға күтетін қасиетті Рамазан айы да есігімізден енді. Бұл айда ораза ұстап, Алланың адамзатқа міндеттеген бес парызын орындауға ниет еткендердің де саны көп болады. Адам баласын сабырлы, қанағатшыл, еңбекқор болуға үндеген, астарында жақсылық атаулының сыры тұнып тұрған ораза ұстау, намаз оқу, зекет беру, әсіресе, жастардың ауыз бекітуі “ВКонтакте” әлеуметтік желісін пайдаланушы …

ДІН ЖӘНЕ БІЗ Read More »

АҚЫН ЕСІМІ КӨШЕГЕ БЕРІЛДІ

Айыртау ауданына қарасты Бірлестік ауылы жалындаған жастардан кенде емес. Ауыл ақсақалдарының, өршіл өрендерінің бастамасымен жақында осы жердің тумасы, жұртының мақтанышына айналған әнші, айтыскер ақын Әміре Сұлтанмұратұлының есімі елді мекендегі көшелердің біріне берілді. Бұл жағымды жаңалықтың орын алып, жеті рулы елге тарауына ауыл жастарының сіңірген еңбегі мол.

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ДА ЖЕҢЕМІЗ

 Халқымыздың “Жемқорлық орға жығады” деген тәмсілінің мағынасы да, көздегені де бөлек. Бүгінде аталмыш жағдайдан біздің еліміз ғана емес, дүниежүзі мемлекеттері зардап шегуде. Мемлекеттің қазынасына, жұртшылықтың ортақ игілігіне қол сұққандардан қоғамды тазартуда біздің еліміз де табандылық танытып келеді.

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕСІЗ?

“Жазғы демалысты қалай өткізесіз?” деген сауалды өңіріміздің бірқатар жастарына жолдаған едік. Нұрбек Наушарипов, Петропавлдағы медициналық колледждің студенті: – Курорттық өлкелерді меңзеп тұрған боларсыз. Әзірге студент болған соң шетелге немесе еліміздегі өзге де орындарға арнайы барып, демалатын жағдайым жоқ. Шамам болған күннің өзінде демалуды жөн көрмес едім. Өйткені, өзіме ондай сыйлық жасайтындай еңбек етіп үлгермедім. Оқуымды …

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕСІЗ? Read More »

Саян СЕЙФУЛЛИН: “ӘРБІР ЖАС ӨЗ ЕЛІНІҢ БАҚЫТЫ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУІ ҚАЖЕТ”

Көп адам өз басының қарекетінен аса алмай күйбің тірліктің ағысымен кетіп барады. Осындай аласапыран уақытта туысы, досы, ет жақыны үшін, олардың тұрмысының түзеліп, кетігі бар дүниеге бір кірпіш болып қалану үшін жәрдемдесуге көшіңді бір сәтке де тоқтатпайтын өмір ырық бермейді. Жан дегендегі жақындарды былай қойғанда айналасындағы бейтаныс жандардың бақыты үшін күресіп, өліммен шайқасқан өміріне араша …

Саян СЕЙФУЛЛИН: “ӘРБІР ЖАС ӨЗ ЕЛІНІҢ БАҚЫТЫ ҮШІН ЕҢБЕК ЕТУІ ҚАЖЕТ” Read More »

ОЗЫҚ ОЙ, ҰТЫМДЫ ПІКІР

Петропавлдағы Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жастар бастамалары орталығы мамандарының ұйымдастыруымен “Мәңгілік Ел” – мұратымыз” тақырыбында пікірсайыс өтті. Шара барысында М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және өзге де арнаулы білім беретін оқу орындарының студенттерінен құралған “Патриот”, “Номад”, “Профком”, “Аргумент және дәлел” топтары сынға түсті. Халқымыздың ғасырлар бойғы арманы Тәуелсіздігіміздің берік …

ОЗЫҚ ОЙ, ҰТЫМДЫ ПІКІР Read More »

“ЖАСЫЛ ЕЛ” – ТАЗА ҚАЛА

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2005 жылдан бастап қолға алынған “Жасыл ел” бағдарламасы біздің өңірімізде де кең қанат жайған. Осы жылдар бедерінде 814,6 гектар алқап тазаланып, көгалдандырылып, 6813 түп көшет отырғызылды. “Таза жағалау”, “Жасыл жапырақ” акциялары ұйымдастырылды, 2394 жұмыс орны құрылды.

АБЫЛАЙ ХАН (1711-1781 ж.ж.)

Орта жүздің ханы, ірі мемлекет қайраткері. Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің әскерлерімен өз күштерін біріктірген сұлтан Абылай жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырған. Әбілмәмбет 1771 жылы қайтыс болғаннан кейін Абылай хан тағына отырған. Ішкі саясатта хандық билікті нығайту бағытын ұстанған ол шаруашылық пен сауданы дамытты, тұрғындардан салық жинаудың жаңа түрлері мен мөлшерін енгізді. Мемлекетті орталықтандырылған басқару қағидаты …

АБЫЛАЙ ХАН (1711-1781 ж.ж.) Read More »

БОЛАШАҒЫН ОЙЛАҒАН ОЗАДЫ

Студент десе көз алдымызға кім елестейді? Оларға жұртшылық анықтама да беріп үлгерген. Біреулер: “Студент – сабақтың құлақ күйін келтіруге тырысатын жағымпаз сарбаз”, – десе, енді біреулер: “Студент – түзу жолда сүрінетін, жаман баға алса өмірден түңілетін, кейбіреуіне білім жұқпас, білім жұқса да сабақтың тілін ұқпас, кейбіреуінен мін де таппас ғылым жолындағы ізкесушілер”, – дейді. Әлдекімдердің …

БОЛАШАҒЫН ОЙЛАҒАН ОЗАДЫ Read More »

СҮЙІНДІК БАҚСЫ

Айыртау ауданының Дәуқара ауылында 1900 жылы дүниеге ке-ліп, ғұмыр кешкен Сүйіндік Жанысұлы емшiлiк, сәуегейлiк, көрiпкелдiк, бақсылық секiлдi туабiттi таңғажайып қабілеттерімен тамам жұртты таңғалдырған қасиетті адам болған. Әкесі Жаныстан Кенелдік, Сүйіндік, Шегендік, Аманжол есімді ұлдар мен Бәдіғұл, Қадиша атты қыздар тарайды. Бауырлары Кенелдік пен Шегендік ел басына нәубет төнген зұлмат жылдарда ауылдың бір топ азаматымен бірге …

СҮЙІНДІК БАҚСЫ Read More »

ЖЕРГІЛІКТІ ҒАЛЫМ АШҚАН ЖАҢАЛЫҚ қаржы тапшылығынан өндіріске жол таба алмай тұр

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Владлен Поляковтың ғылыммен айналысып келе жатқанына 40 жылға таяп қалыпты. Соңғы ширек ғасыр бедерінде терек бүршігінің негізінде емдік препараттар жасап шығарғанымен, медицинада кеңінен қолданылып отырғаны – балауыз шам тәрізді дәрілік суппозиторийлер ғана. Ғалымның көз майын тауысып, маңдай терін сарп еткен жұмысы не себепті тоқырап тұрғанын білмекке ниеттеніп, …

ЖЕРГІЛІКТІ ҒАЛЫМ АШҚАН ЖАҢАЛЫҚ қаржы тапшылығынан өндіріске жол таба алмай тұр Read More »